Микробиология



бет145/216
Дата11.01.2023
өлшемі3,31 Mb.
#60906
түріОқулық
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   216
Байланысты:
мед.микробиология 1 часть каз

9.2.1.3.1.Лимфоциттер
Лифоциттер жылжымалы сыңарядролық жасушалар. Олардың белгілі морфологиялық ерекшеліктері және атқаратын ісімен бірінен бірі ажыратылады. Ағзадағы жетілу орнына байланысты олар гетерогенді екі топқа бөлінеді: Т-(тимус) және В- (Фабрициус қоржыны, сүйек майы) лимфоциттер.
Лимфоциттер жүре пайда болған иммунитетте басты рөл атқарады. Олар антигендермен алғаш кездесіп , оларды танып, жасушалық және гуморалдық иммунитет жауабын және иммунитеттің барлық түрлерінің құрыла басталуын қолдайды.
Ағзада лимфоциттер қайталап айналып үнемі жаңартылып отырады. Өзінің жылжу мүмкіншілігі арқасында қан және лимфа арқылы тін мен жасушалар арасында бірінен біріне көшіп жүреді. Олардың орын ауыстыруы арнаулы факторлармен бағдарланып отырады. Қалай да болмасын, Т- және В-лимфоциттер, тек қана өзіне арналған орындарда қонақтайды. Иммунитетке қатынаспаған лимфоциттер ұзақ өмір сүреді. Т-лимфоциттердің өмір сүру уақыты бірнеше айдан бірнеше жылға созылады, ал В- лимфоциттердікі –жұмалардан айларға созылады. Бірақ, белсендірілген және иммундық жауапқа қатынасқан лимфоциттердің өмір сүру мезгілі шолақ - тек қана бірнеше тәулік. Лимфоциттер тобының саны қатаң бақыланып, керек уақытта олардың саны үнемі толтырылып отырылады. Ескірген, жалған белсендірілген, не сол организмнің ауто- антигендеріне әсер ететіндері аппоптоз арқылы жойылып отырады.
Спецификалық қызметін атқару үшін лимфоциттердің құрамында арнаулы рецепторлар бар. Сондықтан лимфоциттер иммундыкомпотентті жасушалар қатарына жатады. В-лимфоциттердің рецепторы - BCR (ағылшын B- cell receptor), Т-лимоцитердікі - TCR (ағылшын T-cell receptor).
Лимфоциттердің антиген спецификалық рецепторлары күрделі құрылыстан тұрады және олардың жасушалық бірегейлігі бар. Олар көп гендермен бақыланатын бірнеше полипептидтік суббірліктен тұрады. Қайталанып қиыстыру арқылы рецепторлардың сансыз көп нұсқалары құрылуы мүмкін.
Қорыта келгенде, организмде үнемі қай уақытта, қандай иммундық жауап болмасын қайтара алатын спецификалық бағытталған кең «репертуарлы» лимфоциттер болады.
Лимфоциттердің антигендерді қабылдау механизмі бір қалыпты. Олардың сырт-қабығымен антигендерді қабылдаған белгі арқылы лимфоциттің ішкі құрылысына бағытталады, соның нәтижесінен процестің келесі сатысына қатынасатын ішкі ферменттер (тирозинкиназа, фосфорилаза т.б.) белсене бастайды. Лимфоциттердің жұмысы жемісті болу үшін қосымша тітіркену мен молекулалар керек.
Т-және В лимфоциттердің арасында ажыратылу белгісі жоқ жасушалар кездесуі мүмкін. Олар нөлдік жасушалар деп аталынды. Жілік майында олардың үлесі 50 пайызға дейін, ал қанда мөлшері 5 пайызға жуық. Атқаратын ісі әзірше белгісіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет