Микробиология


Жүктіліктің иммунологиясы



бет175/216
Дата11.01.2023
өлшемі3,31 Mb.
#60906
түріОқулық
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   216
Байланысты:
мед.микробиология 1 часть каз

11.2.8. Жүктіліктің иммунологиясы
Жүктіліктің иммунологиялық толеранттықпен тікелей байланысы бар. Жүкті ананың иммундық жүйесінде нәрестенің гетерогендік антигендерімен қарсыласуға жеткізбейтін көптеген факторлар кешені қалыптасады. Біріншіден, плацентаның жасушалары иммундыкомпетентті жасушалардың рецепторларына «көрінбейтін» болса, екіншіден, плацентаның жасушалары иммунитетті тежейтін цитокиндер түзеді, ал үшіншіден, жатырдың тініде орналасқан табиғи цитокиндер нәресте антигендері мен белсендірілген лимфоциттерді жойып отырады.
Жүктілік кездегі иммунологиялық толеранттықтың механизімі аса қарқынды болады. Мысалы, ұрғашы жануарлар эмбрионның әкесінің трансплантантын бөліп тастамайды. Бірақ, ана босанғаннан кейін толеранттық тез жойылып, трансплантант бөлініп тасталады.

11.3. Иммундық статус және оны бағалау
Иммундық статус дегеніміз клиникалық, лабораториялық көресеткіштерінің жинағымен анықталатын жеке дараның иммундық деңгейінің құрлылымдық және функционалдық жағдайы.
Сонымен иммундық статус белгілі бір уақытта организмнің белгілі бір антигенге иммундық жауап беру қабілеті. Иммундық жүйе болуының өзі организмнің иммунды жауап беруге мүмкішілігін көрсетеді, бірақ ол жауаптың бір антиген түріне берілген кернеуі, дәрежесі, антидене түзілуі әрбір жеке дарада неше түрлі және кең ауқымды болуы мүмкін.Бір адамда антигенге қарсы антидене түзілсе, екінші адамда гиперсезімталдық пайда болады, ал үшіншіде иммунологиялық толеранттық дамуы мүмкін.
Иммундыреактивтіктің айтылған көрсеткіштері тек қана дара арасында өзгеше болмай, әр бір дараның өмір сүру кезеңдеріне қарай әр түрлі болады. Ересек адамға қарағанда, жаңа туған перзенттің, немесе оның бір жасқа дейінгі кезіндегі иммундық статусының айырмашылығы болады. Мысалы, балаларда иммунологиялық толеранттық шапшаң түзілсе, иммунизациялаудан кейінгі пайда болатын андиденлердің титрі төмен болып келеді. Жасөспірім мен егде тартқан адамдардың да иммундық статусы әр түрлі. Оның көп жағдайлары тимустың іс атқару бабына байланысты. Жас ұлгайған сайын тимус солып функциясы баяулай бастайды, сондықтан қартаң адамдар қатерлі ісікке жиі душар болады. Жас қосылған сайын ағзада аутоантиденелердің концентрациясы жоғарылайды. Соның себебінен қартаюдың негізінде созылмалы жүретін аутоагрессия деп есептейтін көзқарас бар.
Иммундық статус тәулік бойымен де өзгеріп отырады. Оның себебі көп. Сонымен имммундық статусты анықтағанда жоғарыда келтірілген көрністер әр уақытта есте болуы керек.
Филогенетикалық тұрғыдан қарағанда иммундық жүйе басқа жүйелермен салыстырғанда кешірек пайда болған және де сыртқы әсерлерге тұрақсыз. Тәжірибеде қандай да болмасын сыртқы әсер иммундық жүйенің жағдайын өзгертпей қоймайды. Иммундық статусқа төменгідей факторлар әсер етеді:

  1. климаттық-географиялық;

  2. әлеуметтік;

  3. экологиялық (физикалық, химиялық және биологиялық);

  4. «медициналық» (дәрінің әсері, операция ,стресс т.б.).

Климаттық-географиялық факторлардың арасынан температураның, ылғалдықтың, күн сәулесі радиациясының, жарық күннің ұзактылығының тағы басқаларының иммундық статусқа әсер ететінін атап өту керек. Мысалы, фагоцитарлық және тері-аллергиялық сынамалар оңтүстіктердегілерге қарағанда солтүстіктің тұрғындарында төмен болады. Африка тұрғындарында евроаплықтармен салыстырғанда күл ауруы сирек кездеседі.
Әлеуметтік факторлардың қатарына тағам сапасы, үй тұрмысы, кәсібі т.б. жатады. Иммундық статус үшін мезгілінде, сапалы тағамданудың зор маңызы бар, өйткені тағамнан иммундық жүйе құрамын құруға қажетті заттар алынады.
Иммундық жүйенің жағдайына әлеуметтік факторлардың әсері де кем емес. Тұрмыс нашар болған кезде адамның жалпы физиологиялық көрсеткіштері әлсіреп, иммундық статустық дәрежесі төмендейді.
Иммундық жүйеге кәсіп түрінің де әсері болады, өйткені адам өмірінің ұзақ уақытын жұмыс орнында өткізеді. Физикалық, химиялық , биологиялық өнеркәсіп факторлары (микробтар, айғай –шу, вибрация, дезинфектанттар, температура т.б.)адамға зиянды әсер етіп иммундық реактивтікті әлсіретеді.
Экологиялық факторлар адамның иммундық жағдайына жан-жақты әсерін тигізеді. Ол факторларға айналадағы ортаның ластануы ( ядролық реакторлардың зыянды заты, олар күйреген кездек тарайтын радионуклидтер, пестициттердің ауыл шаруашылығында кең қолдануы, химиялық өнеркәсібінің, автокөліктің, биотехнологиялық мекемелердің қалдық заттары) жатады.
Иммундық статусқа кең тараған медициналық шаралардың (диагностикалық тексеру, емдеу, стресс т.б.) әсерін тигізеді. Хирургиялық операциядан және де әр түрлі жарақаттан кейін иммундық статус бірқатар өзгереді.
Иммундық статустың қалыпты жағдайда тұрақсыздығына қарамастан оның деңгейін зертханалық сынамалар кешенімен анықтауға болады. Органдар мен тін ауыстырғанда, аутоиммундық сырқаттарда, аллергияда, иммундық тапшылық ауруларында иммундық статусты анықтау емдеу нәтижесін білу үшін өте қажет. Зертхана мүмкіншілігіне қарай иммундық статусты анықтау төменгідей көрсеткіштерге негізделген (11.1-кесте):

  1. жалпы клиникалық тексеру;

  2. табиғи резистенттік факторларының жағдайы;

  3. гуморалдық иммунитет;

  4. жасушалық иммунитет;

  5. қосымша сынақтар.

Жалпы клиникалық тексеру кезінде аурудың шағымын, анамнезін, аурудың клиникалық көрнісін тағы басқаларды ескереді. Табиғи иммунитеттің деңгейін анықтау үшін фагоцитоз, комплемент, интерферон көрсеткіштерін пайдаланады. Гуморалдық иммунитетті антиденелердің әбрбір сыныбының қан сарсуындағы деңгей мөлшерін зерттейді. Сонымен қатар В-лимфоциттердің жағдайын көрсететін ақпаратты анықтайды. Жасушалық иммунитетті анықтау үшін Т-лимфоциттердің сан-сапасын сантүрлі тәсілдермен есептейді. Қосымша көрсеткіш ретінде қанның бактерицидтік қасиетін, комплементтің кейбір құрамын, қандағы С-реактивті ақуызды, аутоантиденелерді тексеруге болады.
Сонымен, иммундық статусты тексеруге көп түрлі сынақтар қолданылып иммундық статустың негізіндегі гуморалдық және жасушалық иммунитеттің барлық көрсеткіштері анықталады. Кейбір сынақтарды қарапайым зертханада жүргізу қыйындыққа түсуі мүмкін болғандықтан Р.В. Петровтың ұсынуы бойынша барлық сынама түрі екі дәрежелік топқа бөлінеді. Бірінші дәрежелі топ сынақтары қарапайым зертханаларда, яғни денсаулық сақтау жүйесінің алғашқы көмек көрсету сатысында жетік клиникалық көріністі негіздеп, иммундық патология бар-жоғын анықтауға колданылады. Екінші дәрежелі топтағы сынама бірінші топтан алынған тұжырымды дәлелдеу үшін пайдаланылады. Кестеде бірінші және екінші топқа кіретін сынақтардың тізімі келтірілген.

Кесте 11.1.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет