4.1.3. Қозғалғыш генетикалық элементтер. Бактерия хромосомасы мен плазмидаларындағы сияқты бактерия геномының құрамына қозғалғыш генетикалық элементтер кіреді. Қозғалғыш генетикалық элементтерге тіркелген тіркестіктер және транспозондар жатады.
Тіркелген тіркестіктер IS - тіркестер (insertion seguences - ағылшын) - репликонның бір аймағынан екіншісіне толық немесе репликондар арасында ауысатын ДНҚ аймағы. IS – элементтердің мөлшері ~ 1000 н.п. IS – элементердің ерекше қасиеттері - тіркелген тіркестіктердің ұштарында инвертирленген қайталамалары болады. Бұл инвертирленген қайталамаларды транспозаза ферменті танида. Транспозаза қозғалғыш элементтің екі жағында орналасқан ДНҚ тізбегінің бір тізбекті үзілістерін қамтамасыз етеді. IS – элементтердің нағыз көшірмелері бастапқы орнында қалады, ал оның репликацияланған көшірмесі жаңа аймаққа тіркеледі.
Қозғалғыш генетикалық элементтердің тіркелуін репликативті немесе заңсыз рекомбинация деп атайды. Бірақта бактерия хромосомасы мен плазмидаларынан айырмашылығы - қозғалғыш генетикалық элементтер өзінше репликон бола алмайды, себебі олардың репликациясы ДНҚ репликонының репликациясының құрлымдық элементі, олар соның құрамында болады. IS – элементтердің бірнеше түрлері бар, олар мөлшерімен, типімен, инвертирленуінің қайталануларына байланысты бөлінеді.
Транспозондар - олар IS – элементтер сияқты қасиеттерге ие ДНҚ – ның сегменттері, бірақ құрылымдық гендері бар, яғни арнайы биологиялық қасиеттері бар молекулалардың синтезін қамтамасыз етеді. Мысалы улылық немесе антибиотиктерге тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
Репликондар немесе репликондар арасына ене отырып қозғалғыш генетикалық элементтер туғызады:
1.Олар тіркескен ДНҚ - ның сол аймақтарында гендердің инактивациясын.
2.Генетикалық материалдың зақымдануын.
3.Репликондардың жанасуын, яғни плазмиданың хромосомаға тіркесуін.
4.Бактерия популяциясына гендердің таралуына, ол популяцияның биологиялық қасиеттерінің өзгеруіне, инфекциялық аурулардың қоздырғыштарының өзгеруіне, сонымен бірге микробтар арасындағы эволюциялық процестерге әкеледі.
Бактерия геномының , сонымен бірге бактериялардың қасиеттерінің өзгеруі - мутацияның және рекомбинацияның салдарынан болады.