Әдебиеттер: 1 Асонов Н.Р. Практикум по микробиологии // Москва, «Агропромиздат». 1988. С. 68-72.
Бақылау сұрақтары: 1 Май қышқылды ашуды қоздыратын микробтар. 2 Өсінділерді белокты
заттардың аммонификациясына тексеру әдістері. 3 Микробтардың түрін қалай анықтайды? 4 Анаэробтарды
өсіруге арналған түрлі әдістер.
Он екінші зертханалық-тәжірибе сабағы СУДЫ, АУАНЫ ЖӘНЕ ТОПЫРАҚТЫ БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРМЕН ЗЕРТТЕУ Сабақтың мақсаты. Суды, сүтті, ауаны және топырақты бактериологиялық зерттеу әдістері мен
олардан үлгілерді алу ережелерімен танысу. Су мен сүттің микрофлорасын анықтау тәсілдерін меңгеру. Ауа
мен топыраққа санитарлық-микробиологиялық баға беру. Ауаны седиментациялық және аспирациялық
тәсілдермен зерттеу.
Жабдықтар мен материалдар. Су құбырлары, ашық су қоймаларынан алынған су және топырақ
үлгілері. Стерильденген су. Петри шыныларында өсірілген ішек таяқшалары. Микроб колонияларын
санайтын камералар. Стерильді шыны түтіктер, Петри шынылары, стерильді пипеткалар. Қоректік орталар
(ЕПА, ЕПС, Эндо ортасы) құйылған шыны түтіктер мен Петри шынылары. Микробиологиялық ілмектер. Зат
және жамылғы шынылар. Люголь ерітіндісі. Бал қарағай майы. Спирт шамдары. Ауаны микробиологиялық
тұрғыдан зерттеуге арналған Кротов приборы. Батометр. Кестелер.
Суды санитарлық-бактериологиялық зерттеу кезінде, оның микробтармен жалпы ластануын,
патогенді өкілдерінің барын немесе жоқтығын, сонымен қатар ішек таяқшасының белгілі бір көлемдегі
санын анықтайды. Зерттеуге суды суаттардан, су құбырларынан және құдықтардан алады.
Ашық суаттардан үлгілерді 10-15 см тереңдіктен және су түбінен 10-15 см биіктіктен батометрдің
көмегімен алады.
Су құбырларынан үлгілерді алардан бұрын жалынмен кйдіріп, 10-15 минут бойы ағызып қойғаннан
кейін тығыны бар стерильді ыдыстарға құйып алады. Ал құдықтардан суды су алардың алдында немесе су
алып болғаннан кейін 10-12 сағат өткен соң алады. Хлорланған суды зерттерден бұрын күкірт қышқылды
натриймен нейтралдайды (1 л суға 10 мл ерітінді қосады).