Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар сабақтың мақсаты


Микробтардың түрін анықтау



бет27/39
Дата27.11.2023
өлшемі256,41 Kb.
#129595
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39
Байланысты:
Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар сабақтың мақсаты-emirsaba.org 2

Микробтардың түрін анықтау. Бөлініп алынған микробтарды ЕПА мен ЕПС-на қайтара себінді
жасағаннан кейін микробтардың түрін анықтайды. Ол үшін дайындалған жағындыны Грам әдісімен бояп,
микробтардың формасын, капсуласын және спораларын, ал жас таяқша тәрізді микробтардың жылжымалы
қасиеттерін зерттейді. Макроскопиялық зерттеу арқылы олардың колонияларына сипаттама береді. Сосын
микробтардың биохимиялық (сахаролиттік, протеолиттік және т.б.) қасиеттері зерттеледі.
Микробтардың тыныс алуы. Басқа организмдер тәрізді микробтардың тіршілігіне де энергия
үздіксіз жұмсалып отырады. Микробтар химиялық реакциялардың нәтижесінде пайда болған энергияның
бір бөлігін пайдаланса, қалғандары сыртқы ортаға бөлініп шығып, орта температурасының жоғарылауына
себепші болады. Тыныс алу түрлеріне байланысты барлық микроорганизмдер аэробты және анаэробты
болып екі топқа бөлінеді. Аэробты микроорганизмдер тіршілігі үшін ауадағы оттегін пайдаланады, ал
анаэробтылардың тіршілігі оттегінің қатысуынсыз жүреді.
Анаэробтарды өсіру. Анаэробты микроорганизмдер сутегінің асқын тотығын ыдыратуға қатысы
бар каталаза ферментін түзбейтіндіктен оттегі жоқ ортада өсіп-өнеді. Ондай микробтардың өсіп-өнуіне
қолайлы жағдайлар жасаудың бірнеше тәсілдері бар.
Физикалық әдісте анаэробиоз вакуумдық насос арқылы іске асырылады. Ол үшін
микроорганизмдер себінділері бар эксикатордағы ауаны манометрі бар насоспен сорып алып, оны анаэробты
өсіруге арналған термостатқа қояды.
Химиялық әдісте оттегін химиялық заттардың көмегімен жояды. Құрамында пирогаллол және 10%-
натрий гидроксиді бар өсінділерді герметикалық жабылатын ыдысқа салып, термостатта өсіреді.
Биологиялық әдісте аэробтар мен анаэробтарды бірге өсіреді. Ол үшін Петри шынысындағы ЕПА-
ын екіге бөліп, бір бөлігіне аэробтыларды ал екінші бөлігіне анаэробты микроорганизмдерді себеді де Петри
шыныларының айналасын парафинмен бекіткеннен кейін термостатқа қояды. Бастапқы кезде аэробтар өсіп,
оттегі таусылғаннан кейін анаэробтардың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай пайда болады.
Аралас (комбинирленген) әдісте анаэробиоз бірнеше әдістерді қатар үйлестіру арқылы іске
асырылады. Ол үшін Китта-Тароци (ЕПБС) ортасының бетіне индиферентті вазелин майын құйып, газдар
мен оттегін жою үшін су моншасында қайнағанға дейін қыздырады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет