Бактектериялардың дақылдық қастеиеттері Сұйық қоректік орталарда бактериялар біркелкі лайланып,тұнба беріп немесе бетінде қабыршақ түзіп өседі. Тығыз қоектік орталарда бактериялар колониялар түзеді. Колония-тығыз ортада бір бактерия жасушасынан көбейіп, түзген жасушалардың шоғыры. Колониялардың пішіні микроорганизмдердің белгілі бір түріне тән. Колониялар көптеген қасиеттері бойынша ажыратылады:
Мөлшері -ұсақ,орташа,ірі;
Қышқылға төзімді бактерияларды бояу Қышқылға төзімді микроорганизмдер бейорганикалық қышқылдарға, спиртке, сілтіге айтарлықтай тұрақтылық байқатады. Олардың осындай қасиеті жасуша қабырғасында және цитоплазмасында липидтердің көп болуымен (май балауызды заттар) байланысты.
Микобактериялар қарапайым бояуларды дұрыс қабылдамайды, сондықтан жылытылған концентрирленген бояулар ертінділері қолданалады. Бояу барысында микробтық жасушаларды қышқылмен өңдегенде, олар алғашқы бояуын жоймайды. Осы қасиеті бойынша басқа қышқылға тұрақсыз бактериялардан ажыратуға болады. Қышқылға төзімді бактерияларды Циль-Нельсен әдісімен бояйды .
Циль-Нельсен әдісімен бояу
бекітілген жұғын-препаратқа карбол фуксинінің бірнеше тамшысын тамызады, сүзгі қағазбен жауып бу шыққанға дейін қыздырады, тағы 1-2 рет бояу тамызып қыздырады (3-5 мин);
сүзгі қағазын алып тастап, жұғын-препаратты салқындатады, 5% күкірт қышқылы ертіндісі немесе 3% тұз қышқылды спиртпен 2-4 с.) түссіздендіреді;