Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар


Бояудың күрделі тәсілдері



бет23/46
Дата23.12.2022
өлшемі2,43 Mb.
#59161
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   46
Байланысты:
МИКРО ПРАктика 36 сағ 2022 ж

Бояудың күрделі тәсілдері. Микробтар клеткасы қабырғасының химиялық құрамы мен құрылысы біркелкі емес, сондықтан олар бір бояғышпен әр түрлі боялып, кейін спиртпен, қышқылдармен және басқа реактивтермен әрекет еткенде бірдей түссіздендірілмейді. Микроб жасушасының бөлімдері де бояғыш ерітінділермен біркелкі боялмайды. Бояудың күрделі (дифференциалды) тәсілдері микроб клеткасының осы қаситтеріне негізделген. Күрделі тәсілмен бояу процесінде бірнеше бояғыштар қолданылады. Зертхана тәжірибесінде Грам, Циль-Нильсен, Козловский, Меллер, Злоттогорова және басқа тәсілдер қолданылады.

Тақырып № 4 «Жұқпа туралы ілім. Жұқпа процесіне сипаттама. Бактериялардың патогендігі мен токсигендігі. Вирустың жұқпалылығы.»
Клиникалық микробиологиялық зерттеу әдістер. Клиникалық микробиология – жұқпалы емес (терапиялық, онкологиялық, хирургиялық, гинекологиялық, урологиялық т.б.), яғни соматикалық науқастарда пайда болатын микробтар қоздыратын аурулардың этиологиясын, патогенезін, иммунитетін, зертханалық диагноз қою негіздерін зерттейтін медициналық микробиологияның тарауы.
Мұндай ауруларды әртүрлі атайды: шартты – патогенді індеттер инфекциялары, (ШПИ) немесе эпидемиялық емес микробтық аурулар (ЭМА), оппортунистік індеттер (ОІ), іріңді – қабыну аурулары (ІҚА).
Клиникалық микробиологияның мақсаты:

  • ШПИ қоздырғышын және оның этиологиялық рөлін анықтау үшін зерттеу заттарын зерделеу.

  • Микробтар қоздыратын жұқпалы емес аурулардың қоздырғыштарын бөліп алу, идентификациялау және биологиялық сипаттамасының ерекшеліктерін анықтау.

  • Бөлініп алынған микробтардың этиологиялық маңыздылығының критерияларын жасау (соның ішінде науқасты динамикалық зерттеу барысында материалдың микробтармен ластануының сандық өзгеруін есепке алу).

  • ШПИ қоздырғыштарының антибиотиктерге төзімділік немесе сезімталдық дәрежесін зерделеу.

  • Зертханалық зерттеу әдістерінің ең информативтілерін таңдап алу және жетілдіру; оларды жүргізуді бірегейлеу және зерттеу нәтижелерін тиімді бағалауды жасау.

  • Дисбактериоздардың микробиологиялық және медициналық аспектлерін зерделеу.

  • Соматикалық стационарларда аурухана ішілік (АІИ) инфекциаларға микробиологиялық диагноз қою.

  • Ауруханалық мекемелерде ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу үшін микробиологиялық мониторинг жасау және пайдалану.

  • Табиғаты эпидемиялық емес микробтар қоздыратын ауруларды оппортунистік (OИ; ШПИ; ІҚА) деп атайды.

Оларға жатады: менингиттер, отиттер, пиодерма, сепсис, мастит (емшек безінің қабынуы), өкпе қабынуы, ірің қалта, остеомиелит, нефрит, холецистит, эндометрит, перитонит, т.б. Барлығы 100-ден астам аурулар жатады. Оларды бактерияларға, вирустарға, саңырауқұлақтарға, қарапайымдыларға жататын шартты-потогенді микробтар (ШПИ) қоздырады.
ШПИ – дамуы үшін маңызды жағдайдың біреуі болып науқаста иммунды- тапшылық болуы және де организмге ШПМ –ң көп мөлшерде енуі болып табылады. Мұндай жағдайда әдетте ШПМ-нің экзотоксин бөлу, инвазиялық, фагоцитозды басып тастайтын айқын патогенділік факторлары болмайды. Бірақ олар патогенділік ферменттер өндіріп, микроб жабысқан организм жасушаларын зақымдауы мүмкін, және де олар эндотоксиндерімен де әсер етеді.
ЭМА қоздырғыштарының маңызды биологиялық сипаттамасына олардың әртүрлі факторлардың, әсіресе антибиотиктердің, антисептиктердің, сәулемен емдеудің, емдік мақсатта қолданылған гормондардың, антидепрессанттардың әсерінен өзгергіштік қасиетке ие болуы жатады. Аталған дәрі-дәрмектер емдік қасиетімен қатар иммунды-тапшылық жағдай және қоздырғыштарда төзімділік туғызуы мүмкін. ШПИ-мен науқастанғандарды емдегенде осы жағдайды естен шығармау қажет.
АІИ және ШПИ коздырғыштарының арасында антибиотикке төзімділік қалыптасуын ерекше есте сақтау қажет. Өйткені антибиотикке төзімді штамдардың пайда болуы мұндай ауруларды емдеу мен сақтануды әлдеқайда қиындатады.
ЭМА қоздырғыштары негізінде қалыпты микрофлора өкілдері болатындықтан дәрігер алдында ОИ кезінде бөлінген микроорганизмдердің этиологиялық маңыздылығын анықтау туралы мәселені шешу жауапкершілігі туындайды. АІИ, ШПИ пайда болған жағдайда тиімді емдеу тәсілдерін таңдап алу, инфекцияның таралуын шектейтін шаралар жүргізу осы мәселені шешумен тікелей байланысты.
Көпшілік жағдайда бір микроб емес, бірнеше микроорганизмдер (ассоциациясы) бөлінетінін ескеру қажет. Бұл жағдайда бөлініп алынған микробтардың қайсысының қоздырғыш екенін анықтаудың маңызы зор.
Міне, сондықтан ШПИ кезінде бөлінген микроорганизмдердің этиологиялық маңыздылығын анықтайтын критерилер жасалған. Зерттеу нәтижелерін дұрыс тұжырымдау үшін төмендегідей критерилер ескеріледі:
Қалыпты жағдайда стерильді болатын заттардан (қан, жұлын сұйықтығы, экссудат) бөлінген микроорганизмдер олардың санына қарамай, қоздырғыш болып есептелінеді.
Клиникалық белгілерінің байқалу барысына қарай және антибиотиктермен емдеудің тиімділігіне байланысты микробтар санының азаюы ескерледі.
Спецификалық антиденелер жиналуы деңгейінің өзгеруі ескеріледі.
Шартты – патогенді инфекцялардың (эпидемиялық емес аурулардың ) негізгі белгілері:
Полиэтиологиялылығы, яғни клиникалық аурудың бір түрін (цистит, плеврит, бронхит, пневмония, холецистит және басқа ІҚА) шартты – патогенді микробтардың бірнеше түрі қоздыруы мүмкін.
ШПИ көпшілік жағдайда аралас инфекция түрінде өтеді, яғни оларды микробтар ассоциациясы қоздырады немесе науқасқа қосымша микрооргнизмдер жұғып, екіншілік инфекция түрінде дамиды.
Кесел дамуы барысында қоздырғыштары ауысып отырады, соның нәтижесінде процесс асқына түседі.
Қоздырғыштарының айқын спецификалығы және органдық тропизмі болмайды. Сондықтан микробтың бір түрі әртүрлі ағзалар мен тіндерді зақымдай алады. Мұндай инфекциялар кезінде созылмалы түрге айналу және процестің генерализациялану қауіпі күшейеді.
ШПИ кезінде антибиотикпен емдеу тиімділігі өте төмен. Өйткені қоғдырғыштары көп антибиотиктерге төзімді келеді және иммунды – тапшылық даму жағдайында олардың организмнен элиминациялануы (шығарылуы) әлсірейді.
Сонымен ШПИ – ға диагноз қоюда микробиологиялық зерттеулер шешуші рөл атқарады.Мұндай зерттеудің негізі – зерттеу заттарын уақтылы алып, тиісті жерге жеткізу, дұрыс өңдеп және оны сақтау тәртібін орындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет