Адамның қалыпты микрофлорасы микро — және макроағзалардың даму кезінде қалыптасқан. Жеке ағзалар мен ағза қуыстарында тіршілік ететін микробты түрлердің жиынтығы биоценоз деп аталады. Биоценоздың бұзылуы, әсіресе ауру туындататын микроағзалардың ағзада пайда болуы аурудың дамуын туындатады
30. Дисбактериоз (дисбиоз) және оның пайда болу себептері.
Дисбактериоз – бұл ішек микрофлорасының патологиялық өзгерістері салдарынан дамитын ауру.
Дисбактериоз деген ұғым ішек арнасындағы патогендік микрофлораның шамадан тыс жоғарылауымен жүретін ішектегі табиғи микрофлораның құрамы сандық және сапалық тұрғыдан өзгеруін білдіреді.
Бактериялық және микробтық байланыстардағы мұндай бұзылыстар көбінесе зат алмасудағы, иммундық және ас қорыту бұзылыстарымен бірге жүреді.