Лаг-фаза (ағылшын сөзі lag - кешігу) – бактерияларды егу мен көбеюінің басталуы арасындағы кезең. Лаг-фазаның ұзақтығы орташа 4-5 сағ.
Логарифмді өсу фазасы (экспоненциалды) бактериялардың қарқынды бөліну кезеңі. Оның ұзақтығы 5-6 сағ.
Стационарлық өсу фазасы кезінде тіршілікке қабілетті жасушаның саны сол қалпында қалып максимальды деңгейге жетеді (М-концентрация). Оның ұзақтығы сағаттармен белгіленеді және бактериялардың түріне, ерекшелігіне, өсуіне байланысты өзгеріп отырады.
Өсу процесін жойылу фазасы аяқтайды, қоректік ортаның азаюы және онда бактерия метаболизмі өнімдерінің жинақталуы жағдайында бактериялардың өлуімен сипатталады. Ұзақтығы 10 сағаттан бірнеше аптаға дейін созылуы мүмкін.
Спирохеталар. Олар орталық өсі айналасында иілген жіңішке спиралді бұралған жіпте.Олар бір-бірінен құрылымдық ерекшеліктерімен, иірім санымен, қозғалу түрімен және басқа да белгілерімен ерекшеленеді. Қозғалыс табиғаты – серпімелі, бүгілмелі-үдемелі.
Хламидиялар –ұсақ бактерия тәрізді қозғалмайтын капсуласыз грам теріс бактериялар. Хламидиялар – облигатты жасушаішілік паразиттер, олардың механизмі ие-жасушасының метаболизміне байланысты.Хламидиялардың өмірлік циклінің негізгі сатылары келесідей:
1. Қарапайым денешіктер
2. Ретикулярлы денешіктер
3. Аралық денешіктер.
Актиномицеттер. Бактериялар бұтақталған пішінге ие. Бірі – болмашы бұтақталған, басқасы – біржасушалы мицелий түзетін жіңішке бұтақталған жіпше түрінде болады. «Сәулелі саңырауқұлақтар» деп аталатын мицелилі актиномицеттер мицелидің үлпілдеген бұтағында дамитын споралармен көбейеді. Актиномицеттер боялған болады; олар табиғатта кең таралған. Тағамдық өнімдерде де кездесуі және олардың бұзылуына әкелуі мүмкін. Өнім топырақты иіске ие болады. Көптеген актиномицеттер антибиотиктерді өндіреді. Олардың адам мен жануарларға патогенді түрлері де бар.