қанша пайызға өзгеретінін көрсететін сандық көрсеткіш.
Икемділіктің мәні нөлден шексіздікке дейін өзгеріп отырады.
Икемділік сұранысқа да, ұсынысқа да әсер етеді. Ең алдымен,
икемділіктің сұранысқа қалай әсер ететіндігін қарастыру
қажет. Осы жерде сұраныс икемділігінің үш түрі болады.
1. CҰРАНЫСТЫҢ БАҒА БОЙЫНША
ИКЕМДІЛІГІ
Cұраныстың баға бойынша икемділігі – бұл тауар бағасының бір пайызға
өзгергендегі сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеру реакциясының
сезімталдылығын сипаттайтын көрсеткіштік коэффициент. Тәжірибелік мәні
жағынан, икемділіктің абсолюттік шамалары емес салыстырмалы шамалары
ғана маңызды болып табылады. Бұл айтпаса да түсінікті. Мысалы, біз
«сникерстің» бағасы 10 теңгеге өсті десек, онда оның өзгеруін байқамау мүмкін
емес, өйткені ол тауар үшін бағаның осылай өсуі өте маңызды болып табылады,
сондықтан ол сұраныс көлемін айтарлықтай өзгертеді. Ал «Вольво»
автокөлігіне баға 10 теңгеге өсті десек, онда оның өзгеруі тұтынушының
сұраныс көлеміне мүлдем әсер етпейді. Сондықтанда, бағаның және сұраныс
көлемінің өзгеруі салыстырмалы шамада мынадай формуламен беріледі:
EDP = DQ% / DР%,
мұндағы, EDP – сұраныстың бағалық икемділігінің мәнін көрсететін
коэффициент; DQ% - сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеруі; DР% - бағаның
салыстырмалы өзгеруі.
Сұраныстың баға бойынша икемділігін келесі жолмен анықтауға болады:
Ep=∆Q/∆P × P/Q
Мұнда, 0<
│
Ep
│
<1 икемсіз сұраныс
1<
│
Ep
│
<∞ икемді сұраныс
│
Ep
│
=1 бірлік сұраныс икемділігі
|