Микроэкономика



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата18.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#118211
1   2   3   4   5   6
Ұсыныс икемділігі
– бағалардың пайыздық білінуіндегі ұсыныс
шамасының өзгеру дәрежесі.
Ұсыныс икемділігінің коэффициенті сұраныстың бағалық икемділігі коэффициентіне сәйкес
мына формула бойынша есептеледі: ЕS = (∆Q/Q / (∆Р/Р)) = (∆Q /∆Р) 

(Р/Q).
Ұсыныс икемділігінің коэффициенті әрқашан оң сан, өйткені ұсыныстың бағасы мен шамасы
– тең бағытталған шамалар. Сұраныс сияқты (тәрізді) ұсыныс бағасы бойынша икемді,
икемсіз, мүлде икемді, мүлде икемсіз немесе бірлі-жарым икемді. Ұсыныстың икемділігіне
әсер ететін шешуші (маңызды) фактор ретінде уақыт факторы болып табылады: өндірушіде
неғұрлым ұзақ уақыт аралығы бар, соғұрлым жоғарылау дәрежеде ұсыныс шамасы бағаға
байланысты өзгеруі мүмкін.


МИКРОЭКОНОМИКА
Икемді жіне икемсіз
ұсыныс
Мүлде икемді және
мүлде икемсіз
ұсыныс.
Тауар салығын
енгізу және тепе-
теңдік


МИКРОЭКОНОМИКА
4. САЛЫҚТЫ ТҰТЫНУШЫЛАР МЕН
ӨНДІРУШІЛЕРГЕ ҮЛЕСТІРУДЕГІ ИКЕМДІЛІКТІҢ
РӨЛІ 
Икемділік категориясы салық ауыртпалығын бөлуіне айтарлықтай әсер ететін
(ықпал жасайтын) фактор болып келеді. Мына мысалды қарастырайық. 
Кез келген тауар нарығындағы ең алғашқы тепе-теңдік D және S қисық
сызықтарға, РЕ тепе-теңдік бағаға және QЕ тепе-теңдік көлемге сәйкес келеді.
Мемлекет тауар бірлігіне белгіленген салық – тауар салығын, мысалы, Т доллар
көлемінде акциз енгізді дейік. Енді өндірушілер тауардың бұрынғы санын ұсынуға
дайын, егер тауар бағасы Т-ға өссе. Бұрынғы РЕ бағасымен сатқан тауардан түскен
түсімді өндірушілер алады, ал Т-ға тең, сату бағасының артығын мемлекет алады.
Бұл нарықтық ұсыныстың әр нүктесінде болғандықтан, ұсыныстың ең алғашқы
қисық сызығы үстіне қарай Т шамасы көлемінде S1 орнына жылжиды. Салықты
енгізу, сонымен қатар, сатып алушылар алғысы келген тауар санын өзгерпейді,
демек, D қисық сызығы жылжымайды. Сонымен, салықты енгізгеннен сатушылар
да, сатып алушылар да ұтпайды. Өндіріс пен тұтыну көлемдері қысқарып, (жаңа Q1
тепе-теңдік көлемі бұрынғы QЕ көлемінен аз), сатып алушылар жоғарылау бағаны
төлейді (сатып алушы төлейтін жаңа Р1 бағасы ең алғашқы РЕ бағадан жоғары), ал
сатушылар төмендеу бағаны алады (сатушы алатын Р2 бағасы (салықты есептей
отыра), ең алғашқыдан төмендеу). Мұнда мемлекет ғана ұтады – ол Р1 мен Р2
бағалар араларындағы айырмаға ие болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет