Микроконтроллер деген не?



бет12/23
Дата25.11.2023
өлшемі8,74 Mb.
#127486
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Байланысты:
ARDUINO практикалық тапсырмалар 1-10 0 (1)

Фоторезистор




Бұл сабақта фоторезистормен танысасыз, ол өзінің сезімтал элементіне жарықтың түсу мөлшеріне қарай өз кедергісін өзгертіп тұрады.
Кернеумен жұмыс істейтіндіктен, микроконтроллер өздігінен кедергі тудыра алмайды, сондықтан бұл сызбада кернеуді бөлгіш қолданылады. Бөлгіш әдетте екі резистордан тұрады, біздің жағдайда олардың біреуі біздің фоторезистор болады, ал микроконтроллер кернеуді микроконтроллердің аналогтік кірісіне келіп түсетін олардың арасындағы ортаңғы нүктеден (Pin 0) алады. Фоторезистор жарықты көп қабылдаған кезде бөлгіш жоғары кернеу береді де, фоторезистор жарықты аз мөлшерде (қараңғылық) қабылдаған кезде төмен кернеу береді.



Фотосезімтал элемент
Бұл модельді құру үшін қажетті заттар: Arduino платасы, макет платасы, 1 фоторезистор, 1 жарықдиод, 10К 1 резистор, 220 Омдық 1 резистор, 6 сым.

  1. Модельді сызбада көрсетілгендей жинаңыз




Фоторезисторды Arduino платасына қосу сызбасы


  1. ARDUINO LABS/Lab5/Lab5.ino папкасын ашып, скетчті жүктеп алыңыз

Біз қолданатын датчиктердің көпшілігі (фоторезистор, потенциометр және т.б.) резисторлар ғой. Олардың қарсылығы бір нәрсенің әсерінен өзгеріп жатады (фоторезисторда жарықтылық деңгейінен, потенциометрде тұтқасын бұрағаннан және т.б.)
Микроконтроллер платасының аналогтік кірістері қарсылықпен емес, кернеумен жұмыс істейді. Біз бөгет болатын датчикті «кернеу бөлгіші» ретінде қосып, оны оңай өзгерте аламыз.

Кернеу бөлгіші екі резистордан тұрады. «Жоғарысында» сіз қолданатын ДАТЧИК резисторы. «Астында» белгіленген номиналы бар бір қарапайым резистор. Сіз жоғарғы резисторды +5 вольтке, ал төменгі резисторды «жерге» қосқан кезде ортаңғы нүктедегі кернеу осы резисторлардың номиналына тепе-тең түрде өзгеретін болады. Яғни, жарықтылыққа байланысты фоторезистордың кедергісі өзгерсе, бөлгіштің ортаңғы нүктесіндегі шығыс кернеуі өзгереді, бізге керегі де осы!


Төменгі жаққа резистор ретінде 10К резисторды пайдаланамыз. Қалай болғанда да, мұндай номинал әмбебап болып келеді, ол біздің көптеген тәжірибелерімізге жарамды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет