Микроконтроллер деген не?



бет20/23
Дата25.11.2023
өлшемі8,74 Mb.
#127486
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
ARDUINO практикалық тапсырмалар 1-10 0 (1)

Болжамды қиындықтар:

Өмірде қолдану:

Мотор айналмайды
Бұл өз транзисторыңызды, яғни номиналы басқа транзисторды қолданғанан болуы мүмкін. Сізде бар транзистордың *пинін (порттардың орналасуы) және оның 2N2222A сәйкестігін ғаламтордан немесе анықтамадан табыңыз.
Әлі де жұмыс істемейді
Қозғалтқыш 5 Вольттан жұмыс істейтін істемейтінін тексеріңіз, және оған қуат көзі жете ме екенін тексеріңіз.
Әлі де жұмыс істемейді
Кейде Arduino платасы компьютерден ағытылып қалуы мүмкін. USB ойығынан ажыратып, қайта қосып көріңіз. Барлық электр қосылыстарының дұрыстығын және сенімділігін тексеріңіз.

Қашықтықтан басқарылатын автокөліктер дөңгелектерін бұру үшін және алға, артқа қозғалу үшін тұрақты ток қозғалтқышын қолданады.




№ 9-10 зертханалық жұмыс – Реле




Бұл тәжірибеде Сіз релені басқаратын боласыз, бұл үшін алдағы 11 сабақта алынған білімді қолданып көріңіз.
Реле – электр тоғымен басқарылатын, механикалық ажыратқыш.
Сырт қарағанда қарапайым ғана пластмассадан жасалған корпустың ішінде күшті электрмагнит бар, ол энергия зарядын алған кезде іске қосылады, нәтижесінде якорь электрмагнитке тартылады, түйіспе тобы жүктемені қоректендіру тізбегін тұйықтайды немесе тұйықталуын босатады.
Бұл сызбада Сіз Arduino платасына басқа да қасиет бере отырып, релені қалай басқаруды үйренесіз!
Е гер жинақта тек қарапайым Реле ғана емес, нақты модуль, яғни баспа платасында құрастырылып қойған сызба болатын болса, Сізге сызбаны құрастырудың қажеті жоқ, Arduino платасына модульді дұрыс қосу керек.



Ажыратқыш реле
Бұл модельді құру үшін қажетті заттар: Arduino платасы, макет платасы, Реле, 2N2222A транзисторы, 1N4148 диоды, 2 жарықдиод, 330 Омдық 2 резистор, 14 сым.

  1. Модельді сызбада көрсетілгендей жинаңыз


Arduino платасы мен Релені қосу сызбасы

  1. ARDUINO LABS/Lab12/Lab12.ino папкасын ашып, скетчті жүктеп алыңыз

Реле катушка, орам сымнан, металл біліктен және ауыстырып қосушы түйіспеден тұрады. Қоректі катушкаға берген кезде, білік магниттеледі де, якорьды (рычаг) тартады, осылайша түйіспелерді ауыстырып қосады. Реленің түйіспелері Arduino-дан толығымен оқшауланған болғандықтан, релені кернеуді басқару үшін пайдалана аласыз. БІРАҚ! Мұны жоғары кернеумен қауіпсіз жұмыс істеуді білетін болсаңыз ғана жасауды өтінеміз!
Реленің үш түйіспесі бар— COM (ортақ), NC (қалыпты тұйықталған) және NO (қалыпты тұйықталмаған). Реле сөніп тұрғанда COM шығысы NC (қалыпты тұйықталған) шығысына қосылып тұрады, ал істеп тұрғанда COM шығысы NO-ға (қалыпты тұйықталмаған) қосылады.
Сіз қайта қосып сөнетін реленің шертулерін естуіңіз керек, сонымен қатар секунд сайын кезектесіп жанатын екі жарықдиодты көруіңіз керек. Егер бұл болмаса, сызбаның дұрыс жиналғанын, жиналмағанын және Arduino-ға код жүктелген бе екенін тексеріңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет