*сымның ұзындығы жеткілікті болуы үшін, платаларды бір бірінен жақын қойыңыз Жанып-сөніп тұратын жарықдиод
Бұл модельді құру үшін қажетті заттар: Arduino платасы, Breadboard (макет платасы), 1 жарықдиод, 220 Омдық 1 Резистор, 2 сым.
Электр сызбасы Жарықдиодты ARDUINO-ға қосу сызбасы
ARDUINO платасы мен компьютерді жинақтағы USB кәбілімен қосыңыз.
Power порттар деген жерден GND дегенді алып, оны жарықдиодтың катодына қосасыз, резисторды анодқа қосасыз, ары қарай 5V кернеу беру үшін резистордан шығатын сымды кез келген сандық портқа қосамыз (бұл жағдайда 8-портты пайдаланатын боласыз).
Бұл модельдің жұмыс істеуі үшін төмендегі бағдарлама жарамды (бағдарламаны Сіз жай ғана Arduino IDE көшіріп ала аласыз немесе ARDUINO LABS/LED/LED.ino папкасынан ашып, жүктей аласыз):
int led = 8; //екінші сымды қосқан порт нөмірі бар тұтас түрдегі айнымалыны жариялау
void setup() //бағдарламаның басында іске қосылатын міндетті setup рәсімі; рәсімдерді жариялау void сөзімен басталады