Микроконтроллер деген не?



бет6/23
Дата25.11.2023
өлшемі8,74 Mb.
#127486
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
pinMode(led, OUTPUT); //пайдаланылатын портты жариялау, led – порт нөмірі, екінші аргумент – портты пайдалану түрі – кіруге (INPUT) немесе шығуға (OUTPUT)
void loop() // setup рәсімінен кейін циклді түрде іске қосылатын loop міндетті рәсімі
digitalWrite(led, HIGH); //бұл пәрмен сандық портта кернеуді қосу мен сөндіру үшін пайдаланылады; led – порт нөмірі, екінші аргумент – қосу (HIGH) немесе сөндіру (LOW)
delay(1000); //бұл пәрмен әрекеттер арасындағы күту уақытын көрсету үшін пайдаланылады, аргумент – миллисекундпен берілген күту уақыты

ЖҮКТЕЙМІЗ (UPLOAD)!





5V – (бес вольт) бұл Ардуино платасының жұмыс кернеуі!
Бұл кернеу компьютерден USB порты арқылы келіп тұрады және сызбалардағы барлық бөлшектерді, сонымен қатар микроконтроллер платасының өзін қоректендіреді. Бұл кернеуді адам сезбейді және ол адамға ешбір зиян келтірмейді.

Ескертпе: Күрделі сызбалар үшін басынан бастап кернеуді макет платасына беруге болады

№ 1-2 зертханалық жұмыс – Потенциометр




Потенциометрді айнымалы резистор деп атауға болады. Потенциометр түйіспелерінің бірі (сызбада төменгісі) жерге жалғанып тұрса (минус қорек), ал басқасы (жоғарғы) +5 Вольтке жалғанса, ортаңғы түйіспенің кернеуі потенциометр тұтқасының орналасуына байланысты 0-ден 5 Вольтке дейін болады.
Потенциометр әдетте әртүрлі параметрлерді, мысалы, дыбыс немесе жарықты реттеу үшін пайдаланылады.
Осы тәжірибеден Сіз жарықдиодты басқару үшін потенциометрді қалай пайдалану керектігін үйренесіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет