Электр тізбегі — бұл электр тоғы бастапқы нүктесінен соңғы нүктесіне дейін, мысалы плюстен минусқа қарай жүретін үздіксіз жол. Электр тізбектері резистор, диод, транзистор, мотор және көптеген басқа бөлшектерден тұруы мүмкін. Сызбасында көптеген осындай элементтер болуы мүмкін.
Әдетте сызбалар үш санатқа бөлінеді: аналогтік сызбалар, сандық сызбалар, және аралас белгілері бар сызбалар. Осы нұсқаулықта сіз сызбалардың барлық үш жинағын зерттейтін боласыз.
Электр тізбектерін пайдалану Қайда қарасаңыз да, барлық жерден электр сызбаларын таба аласыз. Қалтадағы телефон, компьютер, ноутбук, Сіздің ойын құрылғыңыз, осы заттардың барлығы электр тізбектері мен электронды сызбалардан тұрады.
Осы нұсқаулықта кейбір қарапайым сызбалармен тәжірибе жасайтын боласыз және кейбір электронды компоненттер қалай жұмыс істейтінін түсінесіз.
Қарапайым және күрделі сызбалар Осы нұсқаулықта, бірінші кезекте, қарапайым сызбаларды зерттейтін боласыз – алайда бұл қарапайым құралдардың көмегімен қандай да бір күрделі зат жасай алмайсыз деген сөз емес!
Барлығы, тіптен ең күрделі сызбалардың өзі, қарапайым элементтерден тұрады. Сіз осы нұсқаулықты зерттеуді аяқтаған кезде, Сіздің сызбалар жайлы біліміңіз сізге жеке өзіңіздің құрылымы жағынан керемет жобаларыңызды жасауға мүмкіндік береді.