Микроконтроллердің құрылымы Микроконтроллердің құрылымына негізінен бағыттаушы құрылым, арифметика - логикалық құрылым және ішкi регистрлердiң блогы кіреді. Бұл негізгі параметрлер барлық микроконтроллерлер құрамында болады. Микроконтроллерде сигнал алмасу, яғни екі жақты алмасу мәліметтердің 8-разрядты магистралі арқылы жүзеге асады. Бұл құрылымдар арасында бағдарлаудың ішкі сигналының мәліметтерді беру жүйесі орналастырылған. Микроконтроллердің құрылымының схемасы төмендгі 1-суретте көрсетілген.
1-сурет - Микроконтроллердің құрылым схемасы
Микроконтроллердің басқару блогы Басқару блогы және синхронизациялар синхронизацияланған және бағдарлаушы сигналдарды өндiру үшiн арналған. Басқару блогiнiң құрамдарына мыналар кiредi :
Уақыт аралықтарының құрастыру құрылымы iшкi фаза сигналдарын құрастыру және беру үшiн арналған. Машина циклдерiнiң саны командалардың орындалуының ұзақтықтығын анықтайды. БКЭЕМ-ның (бір кристалды ЭЕМ) түгелдей дерлiк командалары бiр немесе екi машина циклдаларында орындалады.
Енгiзу-шығару логикасы енгізу/шығару порттары арқылы сыртқы құрылымдармен ақпарат алмасу сигналдарын қабылдау және беру үшiн арналған.
Команда регистрi атқарылатын команданың 8-шi дәрежелiк операция кодын жазу және сақтау үшiн арналған.
Электр энергиясының тұтынуын басқаратын регистр электр энергиясының тұтынуын кiшiрейту және бөгеу деңгейінiң кiшiрейуi үшiн микроконтроллердiң жұмысын тоқтатуға мүмкiндiк бередi.
Командалар дешифраторы, ЭЕМ басқару логикасы команданы орындау барысында операция кодтарын микропрограммаға өзгертедi.