Микроконтроллердің құрылымы Микроконтроллердің басқару блогі
Жоспар
1. Микроконтроллер
2. Микроконтроллердің құрылымы
3. Микроконтроллердің басқару блогі
4. Микроконтроллердің арифметикалық-логикалық құрылымы
5. Микроконтроллердің жекеленген топтары
6. Микроконтроллердің командалар жүйесі
Кіріспе
Кез- келген жерде- өнеркәсіпте, жылу энергетикасында көлікте медицинада, байланыс салаларында, электроника және микроэлектроника құрылғылары арқылы программалық басқарылатын машиналар мен жабдықтарды кең түрде қолдану микроконтроллердің қажеттілігін тудырады.
Қазіргі уақытта микроконтроллерлердiң қолданылу аясы, параметрлері тағы басқа қасиеттері бойынша бір- бірімен айырмашылықта болатын үлкен номенклатурасы (10000-нан астам) бар. Микроконтроллерлердiң шығарылымымен ондаған өндiрушiлер шұғылданады.
Бұйымдарда микроконтроллерлерді қолдану тек қана техникалық-экономикалық көрсеткiштердiң (құн, сенiмдiлiк, тұтынылатын қуат, габариттi өлшемдер) жоғарылатуға алып келмейді, сонымен қатар бұйымдарды өңдеу уақытын қысқартуға мүмкiндiк бередi және оларды сыртқы ортаның кез келген жағдайына бейімділігін, адапттивтiлігін жақсартады. Микроконтроллерді басқару жүйелерiнде қолдану аз шығындап, биiк тиiмдiлiк көрсеткiштерiне жетуді қамтамасыз етедi.
Микроконтроллерлер құрамында түрлi объекттер және процесстердiң тиiмдi автоматтандыру құралдары болады. Микроконтроллерді бiр микросхемада орналасқан компьютер ретiнде санауға болады. Бұдан оның негiзгi тартымды сапалары: аз габариттер, жоғарғы өнiмдiлiк, сенiмдiлiк және қабiлеттiлiгi тiптен әр түрлi есептердiң орындауы шешіледі.
Микроконтроллер орталық процессордан (ОП ) тыс жады және көп құрылымды енгізу/шығару функцияларын өз құрамына енгізеді. Олар: аналогтық-цифрлық түрлендiргiштер, мәлiметтiң бiртiндеп және параллель берiлу каналдары, нақты уақыттың таймерлерi, ендiк - импульсты модуляторлар (ЕИМ ), программалалатын импульстердiң генераторы және тағы басқалар.
Микроконтроллердің негiзгi тағайындалуы – оны автоматты басқару жүйелерiнде, тiптен әр түрлi құрылымдарда қолданылуы болып табылады
Бір сұлбалы компьютер – микроконтроллерлер деп аталады. Микроконтроллерлер электронды құрылғыларды басқару үшін қолданылады. Микроконтроллерлер түрлi объекттер және процесстердiң тиiмдi автоматтандыру құралдары болып табылады. Микропроцессорлардан айырмашылығы, дербес компьютерлерде қолданылатын микроконтроллерде қосымша құрылғылар орнатылған. Бұл құрылғылар өз міндеттерін микропроцессорлы микроконтроллерлер ядросы арқылы басқарып отырады.
Алғашқы микроконтроллерлер (8048-шi топтама ) 1976 жылы батыс нарығында пайда болып, бiрден өңдеушiлер және тұтынушылардың назарын жаулап алды.
Дегенмен де iс жүзiнде бұл микроконтроллердің кемшiлiктерi бiрден атап өтiлдi. Өндірушілер ТЕСҚ (тұрақты есте сақтайтын құрал) көлемiнiң тапшылығын үнемi байқады. ЖЕСҚ (жедел есте сақтайтын құрал) көлемі де аз болды, 64 байттың жартысынан көбін жүйелік регистрлер алып тұрды. Көп командалардың тапшылығы сезілді.
Микроконтроллерлер программасына енгізілген түрлі электронды құрылғылар әр-түрлі әрекеттерді басқару үшін пайдаланылады. Микроконтроллердің микропроцессорлардан айырмашылығы, дербес компьютерлерде қолданылатын оларда қосымша құрылғылар орнатылған. Бұл құрылғылар өз міндеттерін микропроцессорлы микроконтроллерлер ядросы арқылы басқарып отырады.
Өндірушілердің бағалауы бойынша, микроконтроллерлердiң MCS-251 топтарының MCS-51 мен салыстырғанда өнiмдiлiктері және кейбір қасиеттері байытылған. Микроконтроллерлердiң адрестi кеңiстiгi 16 Мбайтқа дейiн кеңейтілген, сонымен бiрге iшкi регистрлердiң жиыны да ұлғайған. Командалар жүйесiне жаңа нұсқаулардың үлкен саны қосылған.
Артықшылығы: бұйымдардың үлкен номенклатурасы;
микроконтроллерлердi өңдеушiлердiң үлкен тәжiрибесi;
аспапты құралдардың үлкен саны.
Кемшілігі: Аккумулятор базасындағы арифметика–логикалық құрылымның баяулығы;
нұсқаудағы такттердiң үлкен саны;
бос командалық циклдердiң болуы;
көп энергия тұтынуы, (MCS-251 ).