Жынысты көбею кейбір кезде бактерияларда жынысты кебеюге ұксас процесс (генетикалық ақпарат алмасу) жүреді. Ішек таяқшасы бактериясында осындай құбылыс болады. Мұны коньюгация деп атайды. Коньюгация кезінде зигота пайда болады. Бірақ бактериялардың осылай ұрықтануы толық емес. Өйткені мұнда жыныс клеткалары арқылы тұқым қуалаушылықтың барлық қасиеті түгел ұрпаққа берілмейді.
Бактериялардың кебею жылдамдығы орта жағдайларына байланысты болады. Егер бактерияларға қолайлы жағдай туса, олардың көбеюі де тездейді. Бактериялар үшін ортада қажетті қоректік заттар болып, жылу, ортаның реакциясы, аэробты бактериялар үшін оттегі жеткілікті болса, әрбір клетканың көбеюі 20—30 минут сайын қайталанып отырады. Сондықтан көбею жылдамдығы мен сыртқы орта жағдайының арйсында тығыз байланыс, кейде тіпті тәуелділік бар деп те айтуға болады. Сөйтіп, азғана уакыт ішінде келемі 1—2 микрондай болатын бактериядан орасан көп клеткалар түзіледі. Бактериялардың көбею жылдамдығын мына мысалдан айқын кә-руге болады. Егер 20 минут сайын клетка бөлінетінін ескерсек, ол бір тәулік ішінде 72 рет қайталап 272=472-1019 клетка пайда бола-ды. Егер бір миллиард бактерия клеткасының салмағы 1 милли-грамдай болса, онда 472-1019 клетка 4720 тоннаға тең келеді. Бактериялар бір жұма бойына бөлініп отырса, клеткалар саны да орасан көп болып, бүкіл жер шарын қаптап кеткен болар еді. Бірақ біз табиғаттағы мұндай құбылысты байқамаймыз. Өйткені пайда болған бактериялар клеткасының біразы сыртқы ортаның факторларының колайсыз әсерінен қырылып кетеді. Аман қалған бірер организм қолайлы ортаға түссе тез бөлініп, жаңа ұрпақтар бере бастайды. Жіп тәрізді бактериялардың бөлінуі ерекше. Бұлар жіпшелерінен жеке вегетативтік — конидий немесе гонидий деп аталатын арнаулы клеткалар түзу арқылы көбейеді. Клеткалардьщ кейбір түрлері козғала алады. Оны зооспоралар деп атайды.
Бактерияларды микробиологиялық қоректік орталарда өсіреді.
Микробиологиялық қоректік орта дегеніміз – бұл зертханалық жағдайда микроорганизмдерді дақылдандыруға арналған субстраттар. Осы қоректік орталарды табиғаты, қолданылуы, құрамы және тығыздығы бойынша бөлінеді.
Микроорганизмдеді дақылдандыру – микроорганизмдердiң өсіп-өнуіне, көбеюіне қолайлы жағдай жасау.
Негізгі қойылатын талаптар: Бактериялардың өсіп-өнуіне қоректенуіне қажет барлық қоректік заттар жеңіл қабылданатындай болуы қажет.
Тұрақты, қажетті Ph орталығы.
Ылғалдылығы жоғары.
Мөлдір болуы керек.
Стирильді болуы керек.
Өсу факторы болуы керек.
Изотомиялы болуы керек.
Бактерияларды культивирлеу шарттары: Қоректік орта.
Оптимальді температура.
Анаэробты және аэробты бактериялардың өсуіне жағдай жасау.
Дақылдандыру уақытын сақтау.
Дақылдандыру көрінісі: Сұйық қоректік орталарда бактериялардың өсуі мен көбеюі ортаның диффуздық лайлануымен, тұнба немес беткейлік үлбір түзумен байқалады. Сұйық ортада өсірген кезде көзге көрінетін белгілердің болмауы Leptospira бактериясының ерекшелігі болып табылады.
Тығыз қоректік орталарда бактерия жасушаларының шоғырлануын - колониялар деп атайды, оларды бір түрге жататын жасушаның ұрпақтары деп санау қабылданған. Колониялар бір - бірінен пішіні, көлемі, беткейі, мөлдірлігі, консистенциясы мен түсі арқылы ажыратылады. Беті тегіс жылтыр колонияларды S - пішінді (smooth - ағыл. тегіс) колониялар деп атайды. Беті күңгірт, бұдырланған колонияларды R - пішінді (rung - ағыл. бұдыр) колониялар деп атайды.