Міндеттері: Білімділік міндеті: Оқушыларға құстардың маңызы туралы түсінік беру. Тәрбиелік міндеті



бет2/5
Дата19.07.2023
өлшемі29,12 Kb.
#104542
1   2   3   4   5
Байланысты:
Қош келдіңдер (2)

«Дала құстары»: Үкі,Бозторғай,Бүркіт,Ақ көгершін.
«Жыл құстары»: Қараторғай,Қарлығаш,Бұлбұл,Аққу.
Пайдалы құстардың бірі қараторғай.Бір топ қараторғай бүкіл балапандарымен бірге 22 тонна шегірткені азық етеді.Үйлеріңнің қасындаңы кіп-кішкентай торғай бір жылда бір өзі ғана 4 миллион зиянды құрттарды жейді.
Қарлығаш-еңбекқор құс.Халқымыз қарлығашты киелі деп санайды. «Қарлығаштың ұясын бұзған адам қырық түрлі пәлеге жолығады»-деген жорамал бар. Бір қарлығаш жыл бойы 1 миллион құрт жейді- деп ғалымдар зерттеген.
Үкі-орманды мекендеп жемін көбіне түнде аулайтын жыртқыш құс.Басы үлкен,көздері бақырайған,қауырсыны жұмсақ.Қазақ халқы үкіні қасиетті құс деп санаған.Қауырсынын баланың бесігіне,бас киіміне тағады.
Тоқылдақты орман емшісі деп атайды. Бір тәулікте 200 –ден астам зиянкестің көзін жояды.
Аққу-қорғауға алынған мойны ұзын,сұлу жыл құсы.Наурыздың басы мен сәуірдің аяғында оралып,қазан айында ұшып кетеді.Бір ерекшелігі олар өлгенше жұптарын жазбайды. Аққу 300 жыл өмір сүреді.Достықтың ,махаббаттың белгісі.
Тырна- өте сақ құс.Ол су құсы.Аспанда үшбұрыш жасап, тізбектеліп ұшады.Ол су қатқанда,күздің соңғы айында қайтады.
Ақ көгершін бейбітшілік құсы,қолға үйретілген, ақ қанатты, нәзік.
Құстардың ең қырағысы сұңқар.Ол 1 км қашықтықтағы жәндікті көре алады.
Құстардың ішіндегі ең жүзгіші –пингвин.Ол сағатына 300 шақырым жерге дейін жүзе алады.
Дүниеде күн көзіне тік қарай алатын құс-бүркіт.Елімізде бүркіттің 7 түрі бар.
Балалар,қазір құстардың әнін, орман ішіндегі құстардың дауысын тыңдайық.Олардың сазды әуені табиғатты құлпыртып, адамдардың көңіл-күйіне әсер етеді.
1).Ал енді «Оқусыз білім жоқ,білімсіз күнің жоқ»демекші,алғашқы кезеңімізді « Кім жүйрік?» сұрақ-жауап бөлімінен бастаймыз.

  1. Құстардың қандай пайдасы бар?

  2. Құстар қай жақтан оралып келеді?

  3. Үй құстарын ата?

  4. Құстар болмаса бақтың сәні болама?

  5. Жыл мезгілдерін ата?

Балалар,қазір орман ішіндегі торғайдың дауысын тыңдайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет