2).Ал қане балалар,құстар туралы кім қандай тақпақ біледі,айта қойындаршы қанекей!
Дала құстары: 1.Бозторғай: Дархан: Мен даланың әншісі.
Тәңсәріден жырлайтын.
Кең даланың малшысы.
Қиялдана тыңдайтын.
2.Бүркіт: Дилиас: Мен бүркіт көк күмбезде қалықтаған,
Қияға қанат қағып шарықтаған.
Құс ішінде қырағы болғандықтан,
Атандым қыран бүркіт қалықтаған.
3.Ақ көгершін: Алуа: Бейбітшіліктің құсы менмін-көгершін.
Жер жүзінде бейбіт еңбек көгерсін.
Аспан тұйық,шат көңілді болайық,
Ақ ниетті адал жандар көбейсін.
Жыл құстары: 4. Қарлығаш: Мұхамметали: Қарлығашпын мен,
Адамның тұрағын мекен етіп тұрайын,
Тазалаймын үй-ішін.
Шыбын деген кеселден.
5.Бұлбұл: Мадина: Мен еркін бақытты бұлбұлмын,
Бұлағын тасытқан ән-жырдың,
Тамаша тамылжып шырқайтын
Шаттығын тауыса алмай әр күннің.
6.Аққу: Аделя: Құс сұлуы аққумын
Табиғат көркін сыйлаған.
Мылтығын кезеп еш мерген,
Атуға көзі қимаған,
Сұлулықты паш етіп,
Жырлаған талай ақындар,
Нәзік үнді,көл көркі
Құс патшасы мен болам.
Балалар,қазір орман ішіндегі сауысқанның дауысын тыңдайық.
3).«Мақал-сөздің мәйегі».Мақал-мәтелдер жарысы.
1.Баба бүркіт барлап ұшады,
Бала бүркіт парлап ұшады.
2.Бір қарлығаш келгенімен жаз болмайды,
Бір сауысқан келгенімен қыс болмайды.
3.Қаз келсе,жаз келер,
Қарға келсе,қатқақ болар.
4.Жапалаққа күннен түн жарық.
5.Қарға құс басып жейді,
Сұңқар шашып жейді.
6.Аққуды атпа,
Досыңды сатпа.
4).Келесі кезеңіміз «Сиқырлы сандық».Ал енді құстар туралы жұмбақты шешеміз.
1.Бейбіт құсы аталады.
Бар әлемге жар сағады
Танисың ба ол құсты?
Аты қалай аталады?( Көгершін)
2.Ауылдық жердің сағаты.
Таусылар таңда тағаты.
Бұрауды керек етпейді,
Құлақтан даусы кетпейді.( Әтеш)
3.Заң жоқ еш уақытта біздерді атуға,
Түсімде аппақ,Атым.....?(Аққу)
4.Орманда жоғары ағашқа қонады
Тұмсығын балға қып тоқ-тоқ соғады.(Тоқылдақ)
5.Тал басында,
Түндіксіз отау.(Құс ұясы)
5).Табиғат сырын құстар да біледі.
1.Егер торғай дыбыс шығармай бұтақта қонақтап отырса,жел болмайды.
2.Қаоғалар топталып қарқылдаса,аяз болады.
3.Құс жүнін үртейітсе,ауа-райы бұзылады.
4.Құстар көп болсап,зиянкес жәндіктер аз болады.
5.Қарлығаш келісімен,күн күркірейді.