1-жүргізуші:Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік - тұғырым» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік ең басты құндылығымыз! Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 31 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
2-жүргізуші:Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.
Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.
Міне содан бері 31жыл өтті. Тәуелсіздігімізге арналған мерекені әнұранмен бастайық.(Әнұран хормен)
1- жүргізуші:
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке.
Қазақстан жоғары Кеңесі 1991ж. 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады. Екі жүз жылдай патшалық Рессейдің отары, жетпіс жылдан астам Кеңес үкіметінің бұғауында болған Қазақстан егемен ел болды.
2- жүргізуші: Сен білесің бе Желтоқсан оқиғасының шығу себебі не екенін?
1- жүргізуші: Иә, білемін. 1986 жылғы 16 желтоқсанда таңертеңгі сағат 10. 00 - да бар - жоғы 18 минутқа созылған Қазақстан Компартиясының пленумында елімізді ширек ғасыр басқарған Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев орнынан алынып, шеттен келген Геннадий Колбин сайланды. Бұл, әрине, Қазақ халқының наразылығын туғызып, әйгілі Желтоқсан оқиғасын туғызды.
Осы 17 - 18 желтоқсан күндерін қарапайым ауыл азаматы Лесбек Омаров былай деп жырлайды:
Қасқалдақ ұшып көлінен,
Шүрегей келіп қонған күн.
Қыранды қуып көгінен,
Қарғалар билік алған күн.
«Нашақор» деп, «ұлтшыл» деп,
Қазаққа күйе жаққан күн.
Қақаған күннің ызғары,
Сүйектен өтіп кеткен күн.
Қаракөз Қазақ қыздарын
Омондар бастан тепкен күн,
Озбырлық күшпен тұншығып,
Үміттің оты өшкен күн.
Жанына таппай бір дауа
Ер қайрат қыршын кеткен күн.
1-жүргізуші: Иә,шынында да Демонстрация шыққан жастарға “ұлтшыл”, “бұзақылар”, “ішкіштер”, “нашақорлар” деген жала жауылып,айып тағылған.
Демонстрацияны басу үшін 70 мың солдат апарылды. Олар қазақ жастарын ұрып-соғып, қорлап айуандық жолмен азаптады, бірнеше адамға ату жазасын кесіп, қаншамасын темір торға тыққан екен.
1-жүргізуші:Барлығы 99 адам сотталды. Қазақ кеңес совет республикасы жоғарғы соты – 11 адамды, Алматы қалалық соты-59 адамды жазаға тартып, 2 адам ату жазасына келісілді. 83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылған екен.
2-жүргізуш:Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де ұмыттылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтыны – оның тағдырымен байланыстылығында. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі де ауыл-үйдің әңгімесі емес, дүмпуі алып құрлықты аралап кеткен ғалам тарихи оқиғалардың бірі.
1-жүргізуші: Дұрыс айтасың.1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі – 20 ғасырдағы айтыулы оқиға. Ол халық жүрегінде мәңгі сақталады. Сол желтоқсан батырлары Ләззат Асанова, Сабира Мухаметжанова, Қайрат Рысқұлбеков, Елбол Сыпатаеватарды тағы басқа қаза болған ержүрек ұл-қыздарымызды орындарыңыздан 1 минут үнсіз тұрып, еске алуды сұраймыз.
2-жүргізуші:Біздің келесі әдісіміз:“Теріс орындық”әдісі (әр топтан 1 оқушыдан шығады, олар орындыққа отырады оқушыларға қарап, артынан сурет көрсетіледі. Оқушыларға сұрақ қою арқылы жасырылған суретті табады. Суретті көріп отырған оқушылар сұраққа иа немесе жоқ деп ғана жауап бере алады).Суретте Қ.Тоқаев;Бәйтерек;Ту;Қайрат Рысқұлбеков
1-жүргізуші:
Желтоқсан басталуы – ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір елесі.
2-жүргізуші:
16 желтоқсан! Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы, қасіретті күн еді.
1-жүргізуші:Тарих бізге Тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз-ұлттық рәміздерді қастерлеу
2-жүргізуші:Тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің биік шықына көтерілу.
2-жүргізуші:Араға жылдар салып тарих қайнауына кіріп бара жатқан желтоқсан оқиғасындағы халқымызға жағылған қара күйе «ұлтшыл», «нашақор»деген атақтар халқымыздың біртуар қалаулы ұлы Мұхтар Шахановтың басшылығымен қайта қаралып, 1991жылғы 12- желтоқсанда оқиғаға қатысқаны үшін жауапкершілікке тартылған азаматтарды ақтау туралы және 17 желтоқсанда «ҚР-ның демократиялық жаңару күні деп жариялау туралы» Республика Призидентінің жарлығы шықты.
1-жүргізуші:Ләззат Асанова, Сабира Мухаметжанова , Қайрат Рысқұлбеков, Елбол Сыпатаев, Түгелбай Ташенов, Қайыргелді Күзембаев, Жамбыл Тайжумаев секілді Өрімдей жастар жалған жаланың құрбаны болды.Бірақ олардың есімі ел есінен өтпейді. Желтоқсан құрбандарына әр уақытта бас иіп тағзым етеміз. Осы Батырларымызға өздерінің қысқаша өлеңдерін арнайтын Жақсылық,Бекзатты ортаға шақырамыз.
Қазына: Ерлеріміз арқасында Қазақстан егеменді ел болып,дүние жүзіне танылуда.Біздің отанымыз Егеменді тәуелсіз Қазақстан республикасы. Тарих бізге тәуелсіздікті Тарту етті. Енді біздің парызымыз—ұлттық рәміздерді қастерлеу, тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениетің биік шыңына көтерілу.
1-жүргізуші:Біздің кезекті әдісіміз
ІІ)«Сандар сөйлейді» әдісі
1)3800/2+91 =1991 ( Тәуелсіздік алған жыл)
2)996*2+3 =1995 (Жаңа конституция қабылданған жыл)
1)(27*8)/45 =1 (4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні)
2)4000/2-8 =1992 (ҚР Рәміздері қабылданған жыл)
1)800*2+393 =1993 (ҚР ұлттық ақшасы нарыққа енген жыл)
2)(15*3)-29 =16 (16 желтоқсан тәуелсіздік күні)
Жүргізуші:Жарайсыздар,оқушылар
1-жүргізуші: Құрметті жиналған қауым .Сіздерді тағы да тәуелсіздігіміздің торқалы тойымен құттықтай отырып, мемлекетімізге жарқын болашақ, барлығыңызға саулық тілейміз .
Айымыз оңыздан тусын деген ниетпен бүгінгі «Тәуелсіздік-тұғырым» атты бағдарламамыз аяқталды.Қош сау,болыңыздар.