Минералдар



бет4/5
Дата02.04.2023
өлшемі163,5 Kb.
#78476
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
Байланысты:
минералдар

Минералдың жымдастығы.

  • Минералдың жымдастығы.
  • Жеке кристалдардың және кристалл құрамды минералдардың белгілі кристаллографиялық бағыттар бойынша жарылып бөлшектену қабілеті жымдастық деп аталады.
  • Бұл қасиет бүтіндей кристалдардың ішкі құрылысына байланысты және олардың сыртқы пішініне ешбір қатысы жоқ.
  • Бірнеше бағытты жымдастығы бар минералдар да кездеседі. Минералдың бұл қасиеті көптеген минералдар үшін оларды ажырата, тани білудің жақсы белгісі болып табылады.

Минералды шаққанда (жарғанда) жымдастық жазықтықтары бойынша бір-біріне параллаль келген айнадай тегіс беттер пайда болады.

  • Минералды шаққанда (жарғанда) жымдастық жазықтықтары бойынша бір-біріне параллаль келген айнадай тегіс беттер пайда болады.
  • Жымдастық жетілгендігінің байқалу дәрежесіне қарай минералдарды бес түрге ажыратуға болады:
  • аса жетілген жымдастықта минерал айнадай жылтыр нәзік қалақшаларға өте оңай ажырайды (слюда, тальк, хлорит);
  • жетілген жымдастықты ақырын ғана соққанда кристалл жымдастық бойынша кәдімгі кристалдар іспетті дұрыс пішінді ұсақ кесекшелерге бөлінеді.
  • Мысалы, кальциттің кесекшесі ромбоэдрге, галениттің кесекшесі кішкене текшелерге (кубтарға) ұқсас келеді. Галит пен ортоклаздың жымдастығы да галенит жымдастығына ұқсас;

орташа жымдастықта шаққан тегіс бет бойынша және кездейсоқ бағытта да бөлшектеніп бұдыр бет жасайды (пироксендер);

  • орташа жымдастықта шаққан тегіс бет бойынша және кездейсоқ бағытта да бөлшектеніп бұдыр бет жасайды (пироксендер);
  • жетілмеген жымдастық оңай байқалмайды (апатит, күкірт). Минералдың сынған беті бұдыр болып келеді;
  • тым жетілмеген жымдастықта жымдастық жазықтығы өте сирек байқалады (корунд, магнетит). Жымдастықты байқау үшін минерал сынығының бетінен шағылған жарық арқылы әр жаққа бұрып қарау қажет.

Минералдың сынғыштығы – минералдың кездейсоқ бағытта жарылуы.

  • Минералдың сынғыштығы – минералдың кездейсоқ бағытта жарылуы.
  • Жымдастығы жақсы минералды кездейсоқ бағытта сындыру қиын. Бірақ тіпті осы жағдайдың өзінде де тегіс сыну, текшелі сыну (кальцит, галит, галенит) байқалады.
  • Минералды жарғанда пайда болатын беттің сипатына қарай сынуының төмендегідей түрлері болады: қабыршақ сынығының кейпі ұлу қауашағы тәрізді келеді (опал, халцедон); бұдыр сыну жымдастығы нашар минералдарға тән (апатит); шөгір сыну құрылысы талшық немесе қылтан тәріздес минералдарда байқалады (қоныр амфибол, актинолит); топырақ сыну құмайттың, саздақтың жарылған бетіне ұқсас (каолинит); түйір сынудың бетінде ұсақ түйірлер (кристалдар) байқалады (альбит); қармақ сынудың беті жартылай шығыршыққа ұқсас келеді (саф мыс, алтын т.б).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет