Қаттылық – түсірілген күшке минералдың төтеп беру шамасы.
Қаттылық – түсірілген күшке минералдың төтеп беру шамасы.
Минералдың қаттылығы оны белгілі стандарттық минералдардың жиынымен сызат қалдыра алатынын көрсететін кедергінің шамасы бойынша анықталады. Басқа минералдардың қаттылығын анықтау үшін пайдаланылатын қаттылық шкаласы немесе Моос шкаласы. Шкала стандарттық 10 минералдан тұрады.
Әрбір келесі минералдың үшкір шеті өзінің алдындағы минералдардың бәріне сызат қалдырады, ал өзінен кейін орналасқан минералдар оларға із түсіреді. Моостың қаттылық шкаласы:
Әрбір келесі минералдың үшкір шеті өзінің алдындағы минералдардың бәріне сызат қалдырады, ал өзінен кейін орналасқан минералдар оларға із түсіреді. Моостың қаттылық шкаласы:
Минерал тек өзіне ғана тән түсті иемдену – бұл идиохроматизм
Минералға кіріккен ұсақ дисперсиялық механикалық қоспаларына байланысты түсті иемдену – бұл аллохроматизм
Минералдардың түсі алуан түрлі және химиялық заттың өз түсімен анықталады.
Кейбір минералдардың жеке кристалдарының түсі жарыққа байланысты өзгереді. Бұл құбылыс иризация деп аталады.
Минерал дағының түсі.
Минерал дағының түсі.
Кейбір минералдардың ұнтағы мен кесегінің түсі түрліше келеді. Минерал ұнтағының түсі фарфор қалақшасының жәрдемімен анықталады. Ұнтағының түсі анықталуға тиіс минералмен қалақша бетін сызып дақ түсіреді. Фарфордан қатты (6,5-тен жоғары) минералдар сызатының түсін анықтамайды (фарфор қалақша бетінде дақ қалмайтындықтан ұнтақ болмайды).
Минерал жылтырлығы.
Минерал жылтырлығы.
Минерал бетінен шағылған жарықтың күші оның жылтырлығы (жылтырауы) деп аталады.
Минерал жылтырлығы, минералдың сыну көрсеткіші шағылатын беттің, қоспалардың, жарықшаның сипатына байланысты. Жылтырлығына байланысты барлық минералдарды үш топқа ажыратуға болады: металдық жылтырлы, жартылай металдық жылтырлы (металл іспетті) , бейметалдық жылтырлы.