Минералды тыңайтқыштар және оның түрлері Оқытушы: Милисова Н. Б



бет2/7
Дата11.11.2022
өлшемі11,79 Mb.
#49365
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
минералды тыңайтқыштар

Кез келген есімдікке калий өте қажет. Калий жетіспесе, фотосинтез қарқыны төмендейді. Калий жеткілікті болса, өсімдікте крахмал, қантты зат, май түзілуі жоғарылайды және картоп, күнбағыс, жоңышқа, қызылша сияқты есімдіктердің өнімділігі едәуір артады. Топырақта болатын калий, көбінесе органикалық тыңайтқыштар — қи, өсімдік күлі арқылы топыраққа түседі. Калий тыңайтқышының негізгі шикізаты шөптесін және ағаш типтес өсімдіктердің күліндегі карбонат К2С03 түрінде болады. Калий тыңайтқышының көндеріне силъвинит және карналит жатады. Силъвинит дегеніміз — калий хлориді мен натрий хлоридінің біріккен тұзы NaCl-KCl, сол сиякты карналит те қос тұз KCl-MgCl,. Калий тыңайтқышына калий хлориді KC1 және калий нитраты KN03 жатады. Олар ақ түсті кристалл заттар.

Суперфосфат

Ca5F(PO4)3 + 7 H3PO4 + 5H2O = 5 Ca(H2PO4)2 H2O + HF + Q .

Технологиялық үдеріс екінші сатыда (өте баяу жүреді) 6-25 тəулікке созылады. Екінші сатыны – суперфосфаттың жетілуі деп атайды. Жетілу үрдісінің жылдамдығына температура жəне күкірт қышқылының концентрациясы əсер етеді. Реакция жылдамдығы күкірт қышқылының концентрациясы артқан сайын жəне температура жоғарылаған сайын артады. Өндірісте күкірт қышқылының оптималды концентрациясы 62-69% аралығында болады. Үздіксіз жасайтын өндірісте күкірт қышқылының концентрациясы 68-69,5%. Бұл концентрацияда камерадағы температура 110 С шамасында болады. Температураның өсуі жəне экзотермиялық реакциялар нəтижесінде болады. Осы оптималды жағдайларда кальций сульфат бөлшектері кеуекті, борпылдақ болғандықтан фосфор қышқылының шикізат бөлшектерінің арасында диффузиялануы жылдамдайды. Технологиялық үрдістің ең баяу сатысы жетілу, яғни екінші саты. Жетілу сатысын жылдамдату үшін суперфосфатмассасын салқындатып, құрамындағы суды буландырып, монокальций фосфатының кристалдануын жылдамдатады, яғни ерітіндідегі фосфор қышқылының концентрациясын арттырады. Өңдеген суперфосфат құрамындағы P2O5 мөлшері алғашқы шикізат құрамындағы P2O5 мөлшері екі есе төмен – 19-20 %.


Концентрлі фосфор тыңайтқыштарын өндіру үшін фосфориттерді концентрлі фосфор қышқылымен өңдейді.
Еселі суперфосфат өндіруге 70% фосфор қышқылымен фосфоритті ыдыратады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет