Азоттық қосылыстардағы түрлеріне қарай азотты тыңайтқыштар нитратты, аммонийлі және аммиакты, аммонийлі-нитратты, амидті болып бөлінеді.
Нитратты тыңайтқыштарда азот нитратты түрде болады. Негізгі өкілдері натрий және кальций селитралары.
Натрий селитрасында 16% азот бар. Бұл тыңайтқыштың азотын өсімдік жеңіл сіңіреді, сондайақ, топырақ ылғалы жоғары болса оңай шайылады әсіресе жеңіл топырақтарда.
Кальций селитрасында 17,5% азот бар.Физиологиялық сілтілі болғандықтан, топырақтың қышқылдығын төмендетеді.
Аммоний сульфатында 20% азот бар. Өсімдіктер жеңіл сіңіреді. Қышқыл топырақтарға әк немесе фосфарит ұнын қосып қолдануға болады.
Хлорлы аммонийда 24-25% азот болады. Қолданылуы шектеулі, себебі хлордың ионы картопқа, зығырға, көкөністерге, жеміс-көкөніс дақылдарына кері әсер етеді. Хлор ионы біршама жуылуы үшін күзде топырақ өңдеген кезде енгізуді ұсынады.
Сұйық аммиакта 82% азот болады. Түссіз, жылжымалы, қайнау температурасы +34°С тең сұйық. Оны жоғары қысымға шыдайтын болат балондарда сақтайды және тасымалдайды.
Сұйық аммиакта 82% азот болады. Түссіз, жылжымалы, қайнау температурасы +34°С тең сұйық. Оны жоғары қысымға шыдайтын болат балондарда сақтайды және тасымалдайды.
Аммиак суының бірінші сортында 20,5, екіншісінде 18% азот болады. Түссіз немесе сарғылттау аммиак иісті сұйық. Азот түрінде болады. Бірақ аммонийлық азоттан аммиакты азот көбірек болады.
Аммиакты селитрада 34% азот болады. Кристалды ақ түсті зат -- әр түрлі дақылдарға қолдануға жарайтын әмбебап тыңайтқыш. Көп жылдар бойы бір жерге қолданса, топырақты қышқылдандырады. Бұл тыңайтқыштың қолайлы қасиеті -- өсімдікке зиянды заттардың жоқтығы және тез әсер ететін нитратты және шабан қозғалғыш аммонийлы азоттың болуы.
Мочевинада несеп нәрі 46% азот болады. Ұсақ кристалды ақ түсті зат, суда жақсы ериді. Мочевина немесе карбамид топырақта бактерияның әсерінен аммонификацияны тез өтіп, физиологиялық қышқыл -- көмірқышқыл аммоний тұзын бөліп шығарады. Сондықтан енгізген алғашқы күндері топырақтың уақытша аздап сілтіленуі қышқылданумен ауысады, бірақ өсімдіктер азотты сіңіреді және бірте-бірте нитрификацияланады. Осының салдарынан топырақтың сілтіленуі қышқылданумен ауысады, бірақ өсімдіктер азотты сіңіргеннен кейін топырақтың алғашқы мочевинаны қолданғанға дейінгі реакциясы қалпына келеді.