Әңгіменің түйіні
Бас екеу болмай, мал төртеу болмайды.
Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық.
Ырыс алды — ынтымақ.
Д) Еңбексіз тапкан мал есепсіз кетеді.
Е) Ерте тұрган еркектің ырысы артық.
Көрші үйдің берекесінің сыры
Ақылды әйелінде
Бала-шағасында
Бес-алты ешкісіндс
Мол табысында
Е) Қоңырқай тұрмысында
«Үйдің берекесі әйелдің алақанына жасырылған» сөйлемінің мағынасы
Әйел - қорғаушы, бақылаушы
Әйел - сыншы, бағалаушы
Әйел - уйлестіруші, үйдің құты
Әйел - әдемі, сұлу
Е) Әйел - үйретуші, тәлімгер
10. Қыздың ата-анасына берілген нәрсе
Қалыңмал
Мал-мүлік
Күміс
Д) Бес-алты ешкі
Е) Жеміс ағашы
11. Бәйтеректің жеміс бермеуінің сыры
Ағаш кәрі болғандықтан
Тамыры тереңде болғандықтан
Түбіндегі алтын өсірмегендіктен
Ауа райы қолайсыз болғандықтан
Суға тапшы болғандықтан
12. Мәтін мазмұнының реттілігі
1, Данышпан ақылы
2, Көршісінің кеңесі
Бәйтеректің өтініші
Лашықтағы әңгіме
A) 3,4. 1,2
B) 2.4. 3, I
C) 2, 3,4. 1
Д) 4, 1,2,3
Е) 1,2.3,4
4-мәтін
Қарт пен тапқыр жігіт
Бір күні бір қарт адам шаһарға барып, қайтып келе жатса оны бір жас жігіт қуып жетеді. Ол келе жатып:
Ата, жолды қыскартайық,- дейді. Қарт:
Жол калай қысқарады?- дейді. Жігіт:
Жолдың қысқаруы оңай, екеуіміз бірімізді-біріміз, кезек-кезек арқаласақ болғаны, - дейді. Шал ішінен:
Япырым-ай, мынау бір кесапатты адам болмаса игі еді? Мені қалай арқалайды? Өзін калай арқаламақшымын? - деп ойлап, жауап қайырмайды.
Мұнан кейін жігіт те үндемей келе жатады да, пісіп тұрған егінді көріп:
Ата, мына егін сіздің елдікі ме? - дейді. Қарт:
Иә, - дейді. Жігіт:
Олай болғанда, бұл желініп қойған егін бе, желінбеген егін бе?- дейді. Қарт тағы
да бетіне бажырайып қарап қояды да: «Япырым-ай, мынаның бір сөзінен бір сөзі сорақы болды-ау! Бұл не айтқаны?» - ден ойлайды. Жолда бір елге кездеседі. Бұл елдің адамдары дүниеден өткен кісіні жерлеуге апара жатыр екен. Жігіт:
Ата, мына кісі өлген бе, өлмеген бе? - деп сұрайды. Қарт шыдай алмай:
Өлмесе жерлемейді ғой! - деп жігіттің бетін қайырып тастайды. Жігіт үндемейді. Олар қабірге бірге барады. Шыққаннан кейін:
Ата, әлгі кісі өлмеген екен, - дейді. «Я, құдай, жерленген адам калай тірі болады?», - дейді қарт ішінен.
Күн кеш болады, екеуі қарттың үйіне келеді. Қонағын уйіне кіргізеді де, қызын шақырып алып:
Шырағым, үйге бір жігіт келді, мейман ет! Бірақ сүйкімсіз мінезі бар. Сөзінде кесапаты зор адам, - дейді. Қыз қонақпен сөйлесіп көрсе, сөзі мағыналы екен. Қыз:
«Япыр-ау, әкемнің айтқаны осы кісі ма екен?» - деген ой.мен әкесіне келеді де:
Әке, сізбен неше кісі келді? - дейді. Әкесі:
Жалғыз, - дейді. Қыз:
Онда сөзінде кесапаты зор деген адамыңыз осы болса, мұнан қандай кесапат көрдініз? - дейді.
Қарт:
Ойбай-ау, оның сөйлеген сөзінде кесапатсыз бір сөз жоқ. Әуелі ол: «Жол кысқартайық», - деді. Мен: «Жол калай қысқарады?» - деп едім. Ол: «Бірімізді-біріміз кезек арқалап отырайық», - деді. Мұнысы былай тұрсын. Орылмаған егінді көріп: «Ата, мына егін желініп қойған ба, желінбеген бе?» - деп сұрады. «Орылмай тұрған егінді кім жеп қояды?» - дедім мен. Бұл
мұнымен тұрсын. Бір ауылдан қаза тапқан кісіні көріп: «Ата, мына кісі өлген бе, өлмеген бе?» - дейді. Онан шығып келе жатыр едік: «Ата, жанағы адам өлмеген екен», - деді. Міне, мен оның осындай төрт кесапатты сөзін естідім, - дейді.Сонда қыз тұрып:
Әке, бұл сөздер зор мағыналы сөздер ғой. Сіз оның айткан сөзіне түсінбеген екенсіз. Онын бірінші айтқаны. «Кезекпе-кезек әңгіме айтып отырайық, жол қысқарсын»,-- дегені. Екіншісі: «Егін байдікі ме, кедейдікі ме?» - дегені. Байдікі болса - өз көлігімен, кісі жалдап жыртып, өз тұқымын себеді, өнімін ертен өзі алады, желінбеген болып
саналады. Кедейдікі болса, ол сорлы тұқымды несиеге сатып алады, жерді көлік жалдап жыртады, түскен өнімі борыштан аспайды. Сондықтан ол шикідей жеп қойғанмен бірдей болады. Үшіншісі: «Баласы бар ма?» - дегені. Балаларын көрген ол: «Өлмеген адам екен»,- дегенді айтқан. Сіз ол жұмбагын шеше алмаған екенсіз, - деген соң, карт қателігін мойындап. жігіттің қолын алып:
Мен сенің айтқан сездеріңді түсіне алмай. ішімнен саған қатты ренжіп едім. Олай емес. сен ақылды жігіт екенсің, - ден, қызын соған беріпті.
Достарыңызбен бөлісу: |