1. Ұжымға жеке адамдарға қарым-қатынасы бар бітістер (ақкөңілдік, ізеттілік, сыпайлық, талапқоюшылық және т.б.) 2. Еңбекке қарым-қатынасы бар бітістер (еңбексүйгішілік, жалқаулық, жауапкершілік) 3. Өзіне қарым-қатынасы бар бітістер (атаққұмарлық, өзімшілдік жөне т.б.) 4. Заттарға қарым-қатынасы бар бітістер (үнемшілдік, тазалық, ұқыптылықкөрсе қызарлық, т.б.) Мінез бітістерінің ішінде өзекшілері болады. Олар әлеуметтік тұрмыстың әсерімен қалыптасады.
Нұржан Алуа
Глоссарий
Мінез - (грек. сызық, мөр) – адамның тұрақты қасиеттерінің жиынтығы
Тұлға белсенділігі - өзгелерге және қоршаған ортаға ынталы әсер ету, оның мінез-құлқының мотиверінен, дүнеиеге деген көзқарасынан, құндылық бағдарынан, мінезі және темпераментіне тәуелді.
Тәкаппарлық - басқа адамдарға деген асқақ, менсінбеушілік қатынасында көрінетін моральды-психологиялық қасиет.
Ұлттық мінез - ұлттың психикалық қалыптасуының психикалық құрылымы.
Ар-намыс - өзінің мінез-құлқын іштей жақсы және жаман тұрғыдан бағалау, өзінің сезімдерін, сондай-ақ әрееттерін, басқалардың ойларын бағалау қабілетінде көрінетін тұлғаның рухани бейнесінің қасиеті.
Әдептілік, биязылық, сыпайылық - адамгершілік намысын сыйлауда, өзарақарым-қатынаста сыпайылықта, басқа адмдардың субъективтік күйін түсінуде көрініс беретін мінез қасиеті.
Бейне - шынайылықтың адам психикасында тұтастай бейнелену нәтижесінің ерекше формасын белгілеу үшін қолданылады.
Нұрқанова Алтын
Тренингтік жаттығулар
«Телетайп».
Мақсаты: «Қауіпті топтағы» жасөспірімдердің қайта позитивті бейімделуін, әлеуметтік бейімделуін түзету.
Қатысушылар шеңбер бойымен қолдарын ұстап тұрады. Сыбырлап айтушының атын айтып хат жібереді. Хат шеңбер бойымен білінбейтіндей қол қысумен беріледі. Ортадағы жүргізуші – қол қысуды байқап қалуы керек. Байқалып қалған оқушы жүргізушінің орнына барып ойынды жалғастырады.