М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті педагогикалық факультеті мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу бөлімінің студенті Нұржігіт Зереге
Мінездеме
Нұржігіт Зереге «№2 орта мектеп» КММ жанындағы мектепке дейінгі шағын орталықтың № 2 ортаңғы тобында 22.01.18 – 16.02.18 аралығында педагогикалық практикадан өтті. Практика барысында Зере қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту, жаратылыстану пәндері бойынша бірнеше сынақ сабақтар және осы пәндер бойынша ашық сабақтар өткізді. Зере педогогикалық практикаға үлкен жауапкершілікпен қарады. Оның сынақ сабақтарда пайдаланған көрнекіліктері барлық әдістемелік эстетикалық талаптарға сай жасалып, қажетті дәрежеде қолдана білді. Нұржігіт Зере өзінің сабаққа және балаларға деген көзқарасымен тәрбиешімен және әдіскерлерді риза етті. Өзінің Университет қабырғасында алған теориялық білімдерін практика жүзінде шындай білді. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру пәнінен ашық сабақты “Заттың көлеміне санның тәуелсіздігі. Реттік санау. Уақиғаның ретін қоя білу (тәулік бөліктері.) «кең», «тарлау», «тар», «өте тар» ұғымдарын пысықтау. ” тақырыбында өткізді. Сабақтың әр кезінде көрнектіліктерді дұрыс қолдана білді. Әсіресе бекіту кезеңінде балалардың білімін пысықтаған кезде дидактикалық ойынның ұтымды пайдалана білді. Сабақтың осы кезінде оқушылар сабақ бойына алған білімдерін көрсетті.
Келешекте Зеренің өз жұмысын жақсы атқаратын жақсы тәрбиеші шығады деп сенемін.
Бағасы: «5»
Мектеп директорының м.а.________________ Анафина Г.М.
Әдіскер: _________________ Байсеитова Б. М.
Жетекші тәрбиеші:_________________Уразалина Г. Ж.
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті педагогикалық факультеті мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу бөлімінің студенті Қалдарбек Диянаға
Мінездеме
Қалдарбек Дияна «№2 орта мектеп» КММ жанындағы мектепке дейінгі шағын орталықтың № 2 ортаңғы тобында 22.01.18 – 16.02.18 аралығында педагогикалық практикадан өтті. 2018 жылдың 1 ақпан күні № 2 ортаңғы тобында «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы алғашқы сабағын өтті. Сабақтың барысында оның білімділігі, шеберлігі және балаларды өзіне бейімдей алу қабілетіне ие екендігі айқындалды. Дияна қызықты ойындар, сайыстар мен қоса қимыл- қозғлыс ойындарындар, психологиялық ойындар, рөлдік ойындар ұйымдастырды. Балаларға мақал- мәтел, тақпақтар жататып, балалардың бос уақытын құр жібермеді. Сонымен қатар Дияна балаларға биді де үйретті. Психологиялық «Артық затты тап», «Ойлан - тап», «Таны да, атын ата» ойындар жүргізіп, өз – өзін жан-жақты көрсете білді. Ата – аналарда Диянаны жақсы қабылдап, алғысын білдіріп жатты. Жауапкершілігі мол Дияна практикадан қалмай, үзбей келіп жүрді. Шағын орталықта 10 ҰОҚ жүргізіп, белсенді жұмыс жасады.
Дияна келешекте білімді, өз жұмысын жақсы атқаратын, жауапкершілікті сезінетін, шебер тәрбиеші болатынына сенімдіміз.
Бағасы: «5»
Мектеп директорының м.а.________________ Анафина Г.М.
Әдіскер: _________________ Байсеитова Б. М.
Жетекші тәрбиеші:_________________Уразалина Г. Ж.
Достарыңызбен бөлісу: |