1. Ұжымға жеке адамдарға қарым-қатынасы бар бітістер (ақкөңілдік, ізеттілік, сыпайлық, талапқоюшылық және т.б.) 2. Еңбекке қарым-қатынасы бар бітістер (еңбексүйгішілік, жалқаулық, жауапкершілік) 3. Өзіне қарым-қатынасы бар бітістер (атаққұмарлық, өзімшілдік жөне т.б.) 4. Заттарға қарым-қатынасы бар бітістер (үнемшілдік, тазалық, ұқыптылықкөрсе қызарлық, т.б.) Мінез бітістерінің ішінде өзекшілері болады. Олар әлеуметтік тұрмыстың әсерімен қалыптасады.
Мінезді зерттеу бұдан бірнеше жылдар бойы басталған болатын. Мінезді зерттеу дамуының ұзақ тарихы бар. Адам мінезінің даралық ерекшелігі жайлы ғылым тарихында тұңғыш рет сипаттап жазған ертедегі грек философы Теофраст. Бірақ ол мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет дейді.Лабрюйер де «Теофраст мінездері» деген еңбегінде мінезді адамның әлеуметтік адамгершілік ерекшеліктері жағынан қарастырған.Бірақ бұл темпераментке кері анықтама.Өйткені темперамент – адамда туа пайда болатын генотипі ағза қасиеті. Осыған орай,мінез адамның туа пайда болатын фенотипті ерекшелігі. IX ғасырда француз ғалымы А.Бен мінезді тек психологиялық ерекшелік,дара адамның ақыл-ойы мен сезімінің және ерік ерекшелігінің қасиеті деп санады. Т.Рибо мінезді сезім мен ерік ерекшелігі десе,ал орыс дәрігері және педагогы П.Ф. Лесгафт ер қасиеті деді. И. Кант мінезді темпераментпен салыстыра отырып оны адамның жүре пайда болатын қасиеті деді,сондай-ақ ол адамның даралық қасиетеріндегі туа пайда болатын ерекшеліктері мен жүре пайда болатынын бөліп көрсетті. Ал М. Фуле т.б мінездің туа пайда болуымен қатар жүре пайда болатын ерекшеліктері бар деп көрсетті.
Глоссарий
Мінез - (грек. сызық, мөр) – адамның тұрақты қасиеттерінің жиынтығы
Тұлға белсенділігі - өзгелерге және қоршаған ортаға ынталы әсер ету, оның мінез-құлқының мотиверінен, дүнеиеге деген көзқарасынан, құндылық бағдарынан, мінезі және темпераментіне тәуелді.
Тәкаппарлық - басқа адамдарға деген асқақ, менсінбеушілік қатынасында көрінетін моральды-психологиялық қасиет.
Ұлттық мінез - ұлттың психикалық қалыптасуының психикалық құрылымы.
Ар-намыс - өзінің мінез-құлқын іштей жақсы және жаман тұрғыдан бағалау, өзінің сезімдерін, сондай-ақ әрееттерін, басқалардың ойларын бағалау қабілетінде көрінетін тұлғаның рухани бейнесінің қасиеті.
Әдептілік, биязылық, сыпайылық - адамгершілік намысын сыйлауда, өзарақарым-қатынаста сыпайылықта, басқа адмдардың субъективтік күйін түсінуде көрініс беретін мінез қасиеті.
Бейне - шынайылықтың адам психикасында тұтастай бейнелену нәтижесінің ерекше формасын белгілеу үшін қолданылады.