Минимальная норма оснащения школьных кабинетов для реализации госо методическое пособие



Pdf көрінісі
бет17/98
Дата31.12.2021
өлшемі0,96 Mb.
#22747
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   98
Химия зертханасы сыртқы қабырғаға қарай оқытушының үстелі жанында 

орналасқан  тартпалы  шкафтармен  жабдықталуы  тиіс.  Бұдан  басқа,  мектептегі 

барлық  бөлмелердің  ішінде  химия  кабинеті  өрт  қаупін  тудыратын  жай  екенін 

ескеру керек. Осы ерекшеліктерге сәйкес химия кабинеті мен препараторларға 

талаптарды осы ерекшеліктерімен түсіндіруге болады:  

1. 


Мектептің  барлық  бөлмелеріне  денсаулық  үшін  зиянды  газ  тәрізді 

заттардың  өтуіне  жол  бермеу  үшін  химия  кабинетін  жоғары  қабатта 

орналастырады.  Қажеттілік  туындағанында,  оқушылардың  эвакуациясы  үшін 

көшеге шығатын баспалдақтың қасында орналасуы тиіс.  

2. 

Препараторлық  бөлме  кабинетке  қосылып,  оның  екі  шығатын  есігі 



болуы тиіс: сынып - зертханаға және дәлізге.  

Оңтүстікке  қараған  кабинеттің  терезелеріне  күннен  қорғайтын  жеңіл 

перделер  ілінеді.  Бұл  жағдайда  синтетикалық  пленкаларды  пайдалануға  жол 

берілмейді,  өйткені  күннің  көзінен  олардан  пластификаторлар  ретінде 

пайдаланылатын зиянды органикалық заттар бөлініп шығады.  

Химия  кабинетіндегі  қабырға  мен  еденді  бояу  практикалық  сабақтар 

кезінде  денсаулыққа  зиянды  әсері  бар  булар  мен  газдардың  сыныптағы  ауаға 

16 



тарайтынын  ескерумен  жүргізіледі.  Майлы  бояуларды  пайдаланғанда, 

қабырғаға  барлық  булар  жиналып  бітеліп  қалады  да,  олар  бөлініп  шыққан 

газдарды сормайды. Ең жақсы жабынды ретінде сылақ пен желімі бояу болып 

табылады, бөлме төбесі ақталады.  

Еденді  паркетпен  жабуға  жол  берілмейді,  өйткені  кездейсоқ  төгілген 

реактивтер  оның  саңылауларынан  өтіп,  ауаны  ластау  ошағы  болып  шығады. 

Ағаш  тақтайдан  жасалған  едендерде  саңылаулары  болмау  үшін,  оны 

шпаклевкамен тығындап, бояумен бояйды.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет