Шет тілі кабинеттерінде мынадай жабдықтар болуы тиіс: пультпен
басқарылатын оқытушы үстелі мен проекциялық құрылғыларға арналған тумба;
магнитофон мен ойнатқышқа арналған қосымша үстел; көрнекі құралдар мен
ОТҚ сақтауға арналған секциялық шкафтар (кіріктірме және қатарластыра
құрылған); лингофондық рецептивтік құрылғылар.
Кабинеттің оқу-материалдық базасы: көрсету, дидактикалық, үлестіру
материалдары, пән бойынша әдебиеттер (аударма және түсіндірме сөздіктері),
тақырыптар мен деңгейлері бойынша оқыту бағдарламалары. Дидактикалық,
тарату материалдары мен пән бойынша әдебиеттер тізбесі «Жалпы білім
беретін мектептерге арналған көрнекі оқу құралдары мен оқу жабдықтарының
үлгілік тізбесіне» сәйкес келуі тиіс және мемлекеттік стандарттардың
орындалуын қамтамасыз етуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |