География кабинеті – пәнді тиімді оқытуды қамтамасыз ететін оқу
құралдарының,
жиһаздарының,
ОТҚ-ының
жинақтары
ұтымды
орналастырылған арнайы орынжай.
География кабинетінің жабдықталуы мектеп кабинеттеріне қойылатын
жалпы талаптарға негізделуі тиіс. Бұл жерде пән өзгешелігін, оның мазмұнын,
оқу-тәрбиелік міндеттері мен оқу-материалдық базасының ерекшеліктерін
ескереді.
Оқу жабдықтарына қойылатын басты талап – оның мақсатты
тағайындалуына сәйкестігі. Оқыту құралдарының қызметтік міндеттерін
бастама ретінде алғанда, олардың ғылыми-әдістемелік, эргономикалық және
гигиеналық, техникалық, технологиялық және экономикалық талаптарға жауап
беруі маңызды, бірақ, сонымен бірге, оларды қолданудағы өзіндік бейімділік
алғышарт болатын өзгешеліктері де сақталуы тиіс.
Мұғалімнің жұмыс орны – бұл іс жүзінде оқытудың көрнекі құралдарын
көрсету орны болып табылады. Сондықтан да, оны жабдықтау кезінде
демонстрациялық және жұмыс үстелін қарастыру керек.
Заманауи мектептің география кабинеті ОТҚ-мен жабдықталуы керек:
компьютермен, жұп бейнеқұрылғысымен, кодоскоппен, экранмен және т.б.
Көрсету, зертханалық үлгілердің, құралдар мен аспаптардың, баспа
құралдарының (географиялық карталар) жинағы «Жалпы білім беретін
мектептерге арналған көрнекі оқу құралдары мен оқу жабдықтарының үлгілік
тізбелеріне» сәйкес келіп, пән бойынша мемлекеттік стандарттың орындалуын
қамтамасыз етуі қажет.
Спорт залын бірінші қабатта оқу кабинеттерінен, мұғалімдер мен дәрігер
кабинетінен қашықта орналастыру қажет. Оның көлемі оқушылардың дене
тәрбиесі бойынша толық бағдарламаның орындалуын және сыныптан тыс
спорттық жаттығулардың өткізілуін қарастыруы тиіс. Спорт залының жанында
снарядтық аумақтар, қыз балалар мен ұл балаларға арналған киім ауыстыру
орындары, киімдерге арналған киім ілгіштерімен жабдықталған душ
кабиналары қарастырылуы керек. Баскетбол, волейбол, бадминтон, гандбол
алаңдарының белгіленуі, бір орында тұрып секіру, қабырғаларда - секіргіштікті
анықтауға арналған бой өлшегіш, допты лақтыру шеңбері, 3х10 м өлшеп
белгіленген жер.
Снарядтық аумақ пен снарядтар: қабырғаға орнатылған көлденең ағаштар,
қоссырықтар, ат, теке, көпірше, гимнастикалық төсеніштер, үстел теннисіне
арналған үстелдер, волейболға арналған тіректер, баскетбол, қалқандары,
21
гимнастикалық ұзын орындықтар, бөрене, волейболға, баскетболға арналған
торлар, армрестлингке арналған үстелдер, гірлер мен гантелдер.
Спорттық толтырмалы доптар, құрал-жабдықтар: лақтыруға арналған
доптар, футбол, баскетбол, волейбол, гандбол доптары, гимнастикалық
қабырғалар, арқан, трапециялар, гимнастикалық құрсаулар, таяқтар, шоқпарлар,
ленталар, еден таразылары (динамометр, спирометр, тамыр соғуын өлшегіш,
бой өлшегіш, мүсін күшін анықтауға арналған құрал).
Спорт залға кіретін жерде спорттық бұрыштама жабдықталуы тиіс:
«Салауатты өмір салты» қабырғалығы, оқу және бағалау нормативтері,
Президенттік тестілердің нормативтік талаптары, дене шынықтыру
сабақтарындағы қауіпсіздік техникасы.
Достарыңызбен бөлісу: |