Минимальная норма оснащения школьных кабинетов для реализации госо методическое пособие


Кабинетке қойылатын арнайы талаптар



Pdf көрінісі
бет37/98
Дата31.12.2021
өлшемі0,96 Mb.
#22747
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   98
 

Кабинетке қойылатын арнайы талаптар:  

 

1. Оқытудың түрлі кезеңдері мен пәнаралық байланыстардың сабақтастық 



қағидалары  оқыту  объектілері  мен  ОӘК  (оқулық,  жұмыс  дәптері, 

аудиотаспалар, мұғалімге арналған кітаптар, оқуға арналған кітаптар) құралдар 

топтамасының  тізімін  қосқандағы  есебімен  жүзеге  асырылады,  онда  мектепте 

пәнді оқытудың толық курсы қамтылады. Осы ОӘК ішкі құрылымы, олардың 

мазмұны,  материалды  берудің  тәсілдері  және  оқу  әрекетін  ұйымдастыру 

қағидалары  білім  алушыларға  оқу  сатысында  табысты  «түйісуге»  мүмкіндік 

береді.  

2. Оқу жабдықтарының саны ұсынымда бір оқу кабинетіне есептеледі. Бұл 

ретте, аталған техникалық құралдардың маңызды бөлігін пайдалану пәнішілік 

қана  емес,  далпы  оқу  міндеттерін  шешумен  байланысты.  Кабинеттің  осы 

техникалық  жабдықтармен  қамтылуы  білім  беру  мекемесін  жалпы 

материалдық-техникалық 

тұрғыда 

жарақтандыру 

элемпенті 

ретінде 


қарастырылады.  

3.  Аталған  құралдар  мен  материалдық-техникалық  қамтамасыз  етілудегі 

объектілердің  нақты  саны  сыныптағы  толымдылықтың  орташа  есебімен 

жүргізіледі (25-30 білім алушы), оның ішінде сыныпты топтарға бөлу жағдайы 

ескеріледі.  Сандық  көрсеткіштерді  айқындау  мақсатында,  ұсынымда 

символикалық таңбалардың келесі жүйесі пайдаланылады:  

• 

Д – демонстрациялық дана (1 дана, арнайы келісілген жағдайдан басқа);  



• 

К – толық жинақ (сыныптағы шын мәніндегі толымдылық нәтижесінде);  

• 

Ф – фронталдық жұмыстарға арналған жинақ (шамамен толық жинаққа 



қарағанда екі есе аз, яғни екі білім алушыға 1 данадан кем емес);  

• 

П – бірнеше білім алушылар бойынша есептелетін, практикалық топтық 



жұмыстарға қажетті жинақ (6-7 дана).  

Кабинетте  оқу  орнының  аталған  типінің  бағдарламасы  бойынша  курсқа 

арналған  оқу  кітаптары  түріндегі  оқу  құралдарының  толық  жиынтығы; 

оқулықтар  (топтағы  білім  алушылардың  саны  бойынша),  сөздіктер  (екі  тілді, 

топтағы білім алушылардың саны бойынша).  

Кабинетте  мұғалімге  арналған  әдістемелік  әдебиеттің  жеткілікті 

жиынтығын  қарастыру  қажет,  ол  әдістемелік  журнал,  арнайы  әдістемелік 

34 



әдебиет,  психология  бойынша  әдебиеттер,  аталған  оқу  орнында  оқыту 

бағдарламасы,  анықтамалық  әдебиет,  білім  беру  стандарты,  кабинеттің 

аттестаттау парағы болуы тиіс.  

Кабинетте кабинет жабдықталған оқу жабдықтарының каталогі болуы тиіс.  

Кабинетте  анықтамалық  әдебиеттің,  мұғалімге,  білім  алушыға  арналған 

әдістемелік  әдебиеттің  картотекасы,  сыныптар,  тақырыптар  бойынша 

жүйеленген  оқыту  құралдарының  картотекасы,  мұғалімді  сабаққа  дайындау 

картотекасы, білім алушылардың жеке және топтық тапсырмаларынан тұратын 

тақырыптық картотека болуы тиіс.  

4. 


Оқу  кабинетінің  базасында  оқушылардың  білім  беру  дайындығына 

қойылатын талаптардың табысты орындалуы жағдайларының қамтылуы.  

Кабинетте  пайдаланылатын  жиһаз  СанЕмН  №1.01.004.01  талаптарына 

жауап  беруі  тиіс,  техникалық  құжаттаманың  сәйкестілік  сертификаты  және 

гигиеналық сертификаты болуы қажет.  

Кабинет төмендегі жағдайлар үшін жиһазбен жабдықталуы тиіс:  

мұғалімнің жұмыс орнын ұйымдастыру;  



білім алушылардың жұмыс орнын ұйымдастыру;  

оқу құралдарын тиімді орналастыру мен сақтау үшін;  



аппаратураны пайдалануды ұйымдастыру үшін.  

Мұғалімнің  жұмыс  орнын  ұйымдастыруға  арналған  жиһаз  мұғалімнің 

үстелінен  тұрады.  Кабинетті  аудиоактивті  лингафондық  құрылғымен 

жабдықтау  барысында  ҚР  СанЕмН  №1.01.004.01.  –  2001  нормаларына  сай 

мұғалімнің үстелі басқару пультімен жабдықталады.  

Сынып  тақтасы  орынжайдың  алдыңғы  қабырғасының  ортасына 

орналастырылуы  тиіс.  Тақта  кестелерді  ілуге  және  көрсетуге  ыңғайлы  болып 

жабдықталуы қажет. Тақталар жарма немесе қозғалмалы болуы мүмкін.  

Әр білім алушының ыңғайлы жұмыс орнын қамтамасыз ету үшін кабинет 

үстелдермен және орындықтармен жарақтандырылуы керек.  

Білім  алушылардың  бойларының  биіктіктеріне  сәйкес  үстелдер  мен 

орындықтар түрлі топты (М 4,5,6) және реңктік маркировкасы болуы шарт.  

Оқу  жабдықтарын  орналастыратын  және  сақтайтын  шкафтар  секциялық 

болуы  тиіс.  секциялардың  саны  орынжайдың  шаршы  метріне  сәйкес 

айқындалады.  

Мұғалімнің зертханадағы жұмыс үстелі жазу қағаздарын сақтауға арналған 

бөліктері  бар  үстел  болуы  тиіс,  онда  лингафондық  құрылғыны  басқаратын 

пульт,  екі  магнитофон  және  ойнатқышымен,  қашықтықтан  басқару  блогы, 

проекциялық  аппарат,  жарық,  орынжайдың  пердемен  бөлінуі,  телефондық-

микрофондық аппарат болуы қажет.  

Мұғалімнің үстелі итеріп шығаратын тумбасы бар жазу үстелінен тұрады, 

көлемі 1400x740 мм.  

Кабинетке  бес  жұмыс  сырт  беті  бар  сынып  тақтасын  пайдалану 

ұсынылады,  негізгі  қалқаннан  және  екі  қайырмалы  тақтадан  тұрады.  Негізгі 

қалқанның  көлемі:  1500  х  1000  мм,  қайырмалы  қалқандардың  көлемі:  750  х 

1000 мм. Бұл тақталардың беті магнитті болуы шарт.  

Білім  алушылардың  жұмыс  орнын  тиімді  ұйымдастыру  үшін  келесі 

35 



талаптар сақталуы тиіс:  

жазу, оқу және телефондық-микрофондық аппаратуралар үшін жеткілікті 



жұмыс қабаты болуы тиіс;  

білім алушының ыңғайлы жұмыс қалпын сақтау үшін антропометриялық 



ерекшелікте үстелдер мен орындықтар сәйкес келуі тиіс;  

жұмыс үстелінің беті қажетті деңгейде жарық болуы тиіс (300 лк).  



Білім  алушылардың  жұмыс  үстелі  алынбалы-салынбалы  бір  адамдық 

немесе екі адамдық үстелдерден тұруы тиіс, көлемі 700x500 және 1200x500 см, 

бойларының ұзындықтарына қарай сәйкесінше түрлі болады.  

 

Жиһаз 



тобы 

Бой 


ұзындығы 

тобы (мм) 

Орындықтың алдыңғы 

шегінің биіктігі (мм) 

Үстелдің 

биіктігі (мм) 

Таңбалану 

түсі 


1450-1600 

380 

640 


Қызыл 

1600-1750 



420 

700 


Жасыл 

От 1750 



460 

760 


Аспан көк 

 

Бір комплектілі және екі комплектілі мектептерде, 5-11 сыныптардың білім 



алушылары  бір  кабинетте  сабақ  оқып  жатқан  кезде,  жиһаздың  орташа 

топтарының - № 4, 5 басымдылығы болуы тиіс.  

Білім  алушылардың  жұмыс  үстелдерінің  нөмірленуі  мұғалімнің 

пультіндегі  нөмірленумен  сәйкес  болуы  тиіс.  бұл  білім  алушының  жұмысын 

қадағалауды жеңілдетеді.  

Кабинет 


графопроектормен, 

бейнемагнитофонмен, 

теледидармен 

жабдықталуы  мүмкін.  Көруге  ыңғайлы  болуы  үшін  теледидарды  қабырғаның 

алдыңғы жағына кронштейнге бекітуге жол беріледі.  

Оқытудың  проекциялық  аппаратураларын  және  басқа  да  техникалық 

жабдықтарын  іске  қосу  үшін  зертханада  3  штепсельден  кем  емес  розетка 

қарастырылуы  тиіс:  бірі  –  сынып  тақтасына,  екіншісі  –  зертханадағы  тақта 

қабырғасына қарама-қарсы бетте, үшіншісі – терезеге қарама-қарсы қабырғада.  

Телебағдарламалар  мен  бейнефильмдерді  көрудің  рұқсат  етілген  ауқымы 

теледидар  экранынан  2,7  м  кем  емес  ара  қашықтық  болуы  тиіс.  Теледидарды 

орналастыру биіктігі еденнен 1,2-1,3 м.  

Графопроектор  (егер  бар  болса)  арнайы  шұңқыршасы  мен  қойғышы  бар 

үстелге  орналасуы  тиіс  және  оқу  материалын  пысықтауда  тақтадан  экранға 

дейінгі қарама-қарсы аралық 1,8 м кем болмауы қажет.  

Осылайша,  бұл  ұсынымдар  бекітілген  стандартпен,  оқытудың  әр 

сатысында  білім  алушылардың  дайындық  деңгейіне  қойылатын  талаптарды 

жүзеге  асыруға  қажетті,  тиімді  оқу  ортасын  жасауда  бағдарлау  функциясын 

атқарады.  Бұлар  оқу  әрекетінің  репродуктивті  формасынан  дербестілікке 

көшуде,  білім  алушылардың  коммуникативтік  мәдениетін  қалыптастыруға 

бағыттаған  мінез-құлықты  тасымалдауда  және  түрлі  типтегі  ақпараттармен 

36 



және  олардың  дереккөздерімен  жұмыс  жасай  білуді  дамытуда  оқытудың 

материалдық-техникалық  құралдарын  кешенді  пайдалану  міндеттерінен 

туындайды.  

Бұл ұсынымдар нақты білім беру мекемелерінің ерекшеліктеріне, олардың 

қаржыландырылу деңгейіне сай, сондай-ақ оқытудың материалдық-техникалық 

құралдардың  меншіктік  базасының  әзірленуі  мен  жинақталуынан 

туындайтындығына  орай  тиісті  деңгейде  нақтыланып  және  толықтырылуы 

мүмкін  (оның  ішінде  білім  алушылар  жасаған  интерактивті  жабдықтардың 

мультимедиялық өнімдер түрінде, видеотека және т.с.с).  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

37 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет