Минимальная норма оснащения школьных кабинетов для реализации госо методическое пособие


Кабинеттің  ақпараттық  аймағын  жабдықтауға  қойылатын



Pdf көрінісі
бет49/98
Дата31.12.2021
өлшемі0,96 Mb.
#22747
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   98
Кабинеттің  ақпараттық  аймағын  жабдықтауға  қойылатын 

талаптар  

 

2.1 Бастауыш сынып кабинетінің ақпараттық аймағына интерактивті тақта, 

экран, компьютер жатқызылады.  

2.2  мектептегі  оқу  кабинетінің  алдыңғы  қабырғасына  бес  жұмыс  беткі 

қабаты  бар  (3  беткі  қабаты  бормен  жұмыс  жасауға  арналған  арнайы  күңгірт-

жасыл  керамикадан  дайындалған,  2  беткі  қабаты  маркермен  жұмыс  жасауға 

арналған ақ түсті болаттан дайындалған, ол жеңіл өшіріледі және оған көрнекі 

материалдарды магнитпен жапсыруға болады) үш элементтен тұратын тақтаны 

орналастыру ұсынылады.  

2.3  Түрлі  хабарландыруларды,  көрнекіліктерді  орналастыру  үшін  табиғи 

немесе  жасанды  кеуекті  материалдардан  дайындалған  (өткір  заттармен 

түйреуге ыңғайлы) тақталарды пайдалану ұсынылады.  

2.4  Алдыңғы  қабырғаға  кронштейнге  экран  орналастырылады  (сыныпта 

интерактивті  тақта  болмаған  жағдайда)  бейнефильмдерді  немесе  сюжетті 

суреттемелерді көру үшін.  

50 



2.5 Әмбебап интерактивті жүйе ілінеді – ақпараттарды көрсетуге арналған 

интерактивті  тақта,  ол  компьютердің  көмегімен  басқарылады  (кешен  екі 

режимде жұмыс істейді: тінтуірдің көмегімен және аңдатпа режимінде). Бірінші 

жағдайда  тақта  тінтуірдің  көмегімен  басқарылады  және  пайдаланушының 

әрекетін  операциялық  жүйеге  жеткізеді,  екінші  жағдайда  маркер  тікелей 

қаламсап  ретінде  қолданылады,  яғни  сурет  салу  немесе  жазу  үшін 

пайдаланылады.  Мұндай  жағдайда  графикалық  редакторды  пайдаланбай-ақ 

экранның үстінгі қабатына сурет салуға болады.  

Мүмкіндігінше  қозғалмалы  нтерактивті  тақтаның  болғаны  орынды 

(дөңгелектері бар).  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет