Минимальная норма оснащения школьных кабинетов для реализации госо методическое пособие



Pdf көрінісі
бет48/98
Дата31.12.2021
өлшемі0,96 Mb.
#22747
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   98
№_____ ОҚУ КАБИНЕТІНІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ  

Үлгі  

 

«Бекітемін»  

Мектеп директоры  

____________________

А.Ә.Т.  

2014 жылғы «_____»____________  

 

атауы 


 

 

мектеп 



 

 

қала 



 

 

облыс 



 

Кабинеттің ашылу күні 2014 жылғы «_____» _________________  

 

 

 



 

 

 



 

48 



2-

қосымша  

 

Мектеп кабинеттерін жабдықтаудың минималды нормалары бөлігінде 



білім беру ұйымдарына қойылатын талаптар  

 

Мектептегі кабинеттерді жабдықтаудың  



минималды нормасы туралы ереже  

 

1. 



Жалпы ережелер  

 

1.1  Бұл  ереже  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2011  жылғы  30 



желтоқсандағы № 1684 қаулысы – «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен 

білім  беру  объектілеріне  қойылатын  санитариялық-эпидемиологиялық 

талаптар» санитарлық ережелеріне, «Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш 

білім беру стандартының» жобасына сәйкес әзірленді.  

1.2  Бұл  ереже  оқу  кабинеттерін  жабдықтаудың  минималды  нормаларын 

бекітеді.  

1.3  Мектептің  оқу  кабинеттері  Санитарлық  ережелерге  сәйкес 

жабдықталады және соған сәйкестендіріледі.  

1.4  Мектептің  оқу  кабинеттері  физиологиялық  дамуға,  оқу-танымдық 

зерттеу  әрекетінің  ұйымдастырылуына,  жобалау  дағдыларын,  шығармашылық 

қабілеттерін  дамытуға,  оқу  процесінің  тиімділігін  арттыруға  қолайлы  жағдай 

туғызуы тиіс.  

1.5.  Мектептің  оқу  кабинеттері  өмір  мен  денсаулық  қауіпсіздігіне 

қойылатын  талаптардың,  жеке  бастың  тазалығының,  төтенше  жағдайлар  мен 

қауіптерден қорғану талаптарының сақталуына жауапты.  

1.6 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдғы № 499 

қаулысына сәйкес, егер сыныпта мүмкіндігі шектеулі балаларды (бір сыныпта 

мүмкіндігі  шектеулі  екі  баладан  аспауы  тиіс)  және  сау  балаларды  біріктіріп 

оқыту  жүзеге  асырылса,  ғимарат  арнайы  құралдармен  және  жиһаздармен 

жабдықталуы тиіс.  

Мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  оқуға  қолжетімділігін  кедергісіз 

қамтамасыз  ету  үшін  пандустар,  тұтқалар,  лифтілер  мен  көтергіштер, 

гигиеналық  мақсаттағы  бөлмелер,  арнайы  жиһаздар,  киім  ілетін  орындарда 

мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  арналған  жабдықтармен  жарақтандырылған 

орындар,  арнайы  санитарлық  кәріздер  мен  кең  кіреберістер  қарастырылуы 

қажет.  


1.7.  Мектептің  оқу  кабинеттерінде  үзілісте  немесе  сабақтан  тыс  уақытта 

демалатын немесе қызығушылықтары бойынша әрекет жасайтын (оқу бұрышы, 

хат жазу бұрышы) орындар қарастырылады.  

1.8.  Бастауыш  мектептің  оқу  кабинеттерін  жобалау,  орналастыру, 

пайдалану барысында, олардың Санитарлық ереженің 3-тармағына сәйкестілігі 

ескерілуі тиіс.  

1.9.  Бастауыш  мектептің  оқу  кабинеттерін  жиһазбен  жабдықтау,  оны 

орналастыру  және  білім  алушылардың  бой-жас  ерекшеліктерінің  сай  келуі 

49 



Санитарлық ереженің 5-тармағындағы талаптарға сәйкес болуы тиіс.  

1.10  Мектептің  оқу  кабинеттерін  жабдықтау  барысында  балалар  мен 

жасөспірімдерді  тәрбиелеу  және  оларға  білім  беру  объектілерін  сумен 

жабдықтауға, 

кәріздеуге, 

жылытуға, 

жарықтандыруға, 

желдетуге, 

микроклиматына  қойылатын  санитариялық-эпидемиологиялық  талаптар 

Санитарлық ереженің 5-тармағына сәйкес болуы тиіс.  

1.11 Мектептің оқу кабинеті оқу-тәрбиелік процесті ұйымдастыруға және 

білім  сапасын  арттыруға  арналған  қолайлы  жағдайларды  қамтамасыз  ету 

орталығы болып табылады.  

1.12  Мектептің  оқу  кабинеті  логикалық,  сындарлы  және  сыни  тұрғыда 

ойлау  машықтарының  негізін  қалыптастыруға  арналған,  оқуда  нәтижелердің 

табысты  жетістіктерін,  алған  білімдерін  оқу  және  практикалық  әрекетте 

пайдалануын қамтамасыз ететін оқытудың тиімді құралдарымен жабдықталуы 

тиіс.  


1.13 Мектеп кабинеті 4 аймақтан тұрады:  

1-

аймақ  (ақпараттық):  кабинеттің  алдыңғы  бөлігі,  мұнда  тақта,  экран, 



тұрақты пайдаланылатын плакаттар, хабарландырулар орналастырылады;  

2-

аймақ  (жұмыс  аймағы):  бөлменің  негізгі  бөлігі,  ол  мұғалім  мен  білім 



алушылардың  жұмыс  аймақтарынан  тұрады,  онда  мұғалім  мен  білім 

алушылардың үстелдері мен орындықтары орналастырылған;  

3-

аймақ (көрме): бөлменің артқы бөлігі, онда оқу-әдістемелік құралдарды, 



дидактикалық  материалдарды  сақтауға,  білім  алушылардың  шығармашылық 

жұмыстарын  орналастыруға  арналған  бірнеше  секциядан  тұратын  шкафтар 

орын алған;  

4-

аймақ  (демалыс  бұрышы):  білім  алушылардың  қоңырау  уақытында 



немесе сабақтан тыс уақытта демалатын, не жұмыс істейтін орны, онда жұмсақ 

дивандар мен ойын үстелдері орналастырылған.  

 

2. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет