Минимальная норма оснащения школьных кабинетов для реализации госо методическое пособие


  Кабинеттің  оқу-әдістемелік  қамтамасыз  етілуіне  қойылатын



Pdf көрінісі
бет41/98
Дата31.12.2021
өлшемі0,96 Mb.
#22747
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   98
3.  Кабинеттің  оқу-әдістемелік  қамтамасыз  етілуіне  қойылатын 

талаптар.  

3.1  Оқу  кабинеті  Қазақстан  Республикасының  «Өзін-өзі  тану»  пәні 

бойынша  орта  білімнің  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарты 

мен  «Өзін-өзі  тану»  пәні  бойынша  оқу  бағдарламаларын  жүзеге  асыруға 

қажетті оқу және техникалық құралдармен қамтамасыз етілуі керек.  

40 



3.2  Оқу  кабинеті  Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым 

министрлігі бекіткен тізімдемесіне сәйкес, Қазақстан Республикасының «Өзін-

өзі тану» пәні бойынша орта білімнің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру 

стандарты  мен  «Өзін-өзі  тану»  пәні  бойынша  оқу  бағдарламаларын  жүзеге 

асыруға  қажетті  оқулықтармен,  дидактикалық  үлестірме  материалдармен 

қамтамасыз етілуі керек.  

3.3 

«Өзін-өзі  тану»  оқу  кабинетінде  рухани-адамгершілік  мазмұндағы 



материалдар қол жетерлік жерде болуы керек.  

3.4 


«Өзін-өзі тану» оқу кабинеті білім стандартының базалық және типтік 

деңгейлерінің  диагностикасы  және  оның  талаптарының  орындалуы  үшін 

үлгілік тапсырмалар мен тестілер жиынтығымен қамтамасыз етілуі керек.  

3.5 


«Өзін-өзі тану» оқу кабинетінің жартақталарына:  

• 

рухани-адамгершілік  білімі  жобасының  авторы  С.А.  Назарбаеваның 



қоғамдық қызметтерін баяндайтын материалдар;  

• 

«Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұнын ашатын материалдар;  



• 

оқушылардың шығармашылық жұмыстары;  

• 

балалардың фотосуреттері, туған жер табиғатының суреттері;  



• 

оқу-тақырыптық  жоспар  тараулары  бойынша  шешендік  сөздер  мен 

дәйексөздер орналасуы керек.  

3.6 


«Өзін-өзі  тану»  пәнінің  мазмұны  мен  ерекшеліктерін  ескере  отырып, 

онда оқушылардың да, мұғалімдердің де жұмыс қабілеттілігін және көңіл-күйін 

арттыру  мақсатында,  жайлы  психологиялық  климат  тудыру  үшін  «Өзін-өзі 

тану»  оқу  кабинетін  көгалдандыру,  интерьер  заттары  (кілем,  жұмсақ  жиһаз, 

шамдал (люстра) және трансформер-жиһаз және т.б.) қажет.  

Мектепте «Өзін-өзі тану» оқу кабинетінің 3 түрі болуы керек: мектепалды 

және  бастауыш  мектеп  оқушыларына;  5-9-сыныптар  оқушыларына  және  10-

11сыныптар  оқушыларына  арналған.  «Өзін-өзі  тану»  пәнінің  Стандарты  мен 

бағдарламасына  сәйкес,  сынып  оқушылары  шағын  топтарға  бөлінеді, 

сондықтан  да  оқу  кабинетінің  ауданы  бірнеше  аумақты  орналастыруға 

жеткілікті,  10-15  адамға  шаққанда,  36  шаршы  метрден  кем  болмайтындай 

арнайы  орынжай  болуы  керек.  «Өзін-өзі  тану»  оқу  кабинеті  2-3  м

функционалдық  бөлімге  бөлінуі  керек:  белсенді  жұмыс  жүргізетін,  еркін 



сұхбаттасатын және шығармашылық жұмыс (жазу, сызу жұмыстары) жасайтын. 

Бөлмені  таңдау,  оны  оңтайлы  жоспарлау  санитарлық-эпидемиологиялық 

талаптармен  анықталады.  «Өзін-өзі  тану»  оқу  кабинеті  орналасқан  бөлме 

оқушылар жетістіктерінің деңгейіне қойылатын талаптарды орындауға қажетті 

техникалық құралдармен жабдықталуы керек.  

«Өзін-өзі тану» оқу кабинетінде функционалдық жиһаз (оқушылардың жас 

ерекшеліктері  мен  оқыту  әдістері  ескерілген);  әдістемелік  материалдарды 

орналастырып,  сабақтарға  дайындалуға  мүмкіндік  болатындай,  мұғалімнің 

жұмыс орны анықталып; рухани-адамгершілік білім бойынша кітапхана қорына 

арналған  орын  және  оқушылардың  шығармашылық  жұмыстарының  көрмесін 

ұйымдастыратын жер болуы керек.  

 

41 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет