Минимальная норма оснащения школьных кабинетов для реализации госо методическое пособие



Pdf көрінісі
бет44/98
Дата31.12.2021
өлшемі0,96 Mb.
#22747
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   98
Негізгі мектеп бітірушілері:  

алдында  оқылған  құндылықтар  туралы  (өмір,  Отан,  денсаулық,  адам, 

отбасы,  достық,  табиғат,  білім,  ойлар,  сөз,  іс,  әлем,  шындық)  және  еңбек, 

қызмет  ету,  ақиқат,  үйлесімділік,  әдемілік,  руханилық,  адамгершілік 

құндылықтары секілді жаңа ұғымдардан мағлұматының болуы;  

адами  сезімдер  көрінісін  ажырата  білуі,  өз  сезімдерін  ажырата  білуі,  өз 



сезімдері  мен  ұмтылыстарын  білдіре  білуі;  жағымсыз  эмоцияларын  және 

әрекеттеріне ұстамдылық білдіре білуі;  

44 



отбасылық  дәстүрлерді  біліп,  оларды  құрметтеуді,  өзінің  отбасындағы, 

қоғамдағы рөлін түсінуі;  

жауапты,  қамқоршыл  бола  білуі,  туыстары  мен  жақындарымен  достық 



қатынастарды қолдай білуі;  

салауатты  өмір  салтының  қалыптасуына  ықпалын  тигізетіндей  дене 



қызметінің түрлерін орындай білуі;  

қоршаған  орта  мен  адам  әсемдігін  бағалай  білуі;  оларға  өз  қатынасын 



шығармашылық әрекеттер арқылы білддіре білуі;  

өз  міндеттеріне  жауапкершілікпен  қарау  мәнін  түсіне  білуі,  өз  бетінше 



және ұжымда еңбектене білуі;  

жағымсыз  стереотиптерді  және  қауіпті  әуестерді  бағалай  білуі;  өз 



әрекеттерін  және  өзінің  дамуын  зиянды  әдеттердің  алдын  алу  көзқарасынан 

бағалай білуі (ішімділік, темекі тарту, есірткі және т.б.);  

өз  халқы  мен  өзге  халықтар  әдениеті,  дәстүрлерінің,  салттарының, 



тілдерінің мағынасын түсінуі;  

оң  қарым-қатынас  құру  құндылығын  түсінуі,  өз  бетінше  бағалау  білуі, 



оны  мұғалімдердің,  құрдастарының,  туыстары  мен  жақындарының  берген 

бағасымен салыстыра білуі;  

қоғамда абыройлы мінез көрсету ережелерін сақтауы, жеке өзінің және 



қоршаған ортасының әрекеттерін бағалай білуі;  

өзінің  әлеуметтік  және  азаматтық  жауапкершілігін  түсінумен, 



шешімдерді өз бетінше қабылдау білуі тиіс.  

Талаптар  оқытудың  материалдық-техникалық  құралдарын  кешенді 

қолдану, жаттанды оқу әрекетінен өзіндік, ізденіс-зерттеу жұмыстарына ауысу, 

оқу  әрекетінің  талдамалық  бөлігіне  мән  беру,  оқушылардың  түрлі  ақпарат 

көздерімен  жұмыс  істей  алу  білігін  дамыту  мен  қатысымдық  мәдениетін 

қалыптастыру  міндетінен  туындайды.  5-9  сыныптарда  өзін-өзі  тану  бойынша 

оқу үрдісінің материалдық-техникалық қамтамасыздығы осы міндеттерді шешу 

үшін  жеткілікті  болуы  керек,  сол  себептен  де  ұсыныстарға  осы  уақытта  ғана 

шығарылатын нысандар ғана емес, келешектегілер де енген.  

Талаптарды  дайындау  барысында  «Бөбек»  ҰҒПББСО-ның  Алматы  және 

Астана  қалаларындағы  және  Қазақстанның  басқа  да  өңірлеріндегі  «Өзін-өзі 

тану»  пәнінің  мазмұны  мен  әдістемесін  эксперименттік  байқаудан  өткізу 

нәтижелерінің жетістіктері ескерілді.  

Бұл  талаптар  белгілі  бір  білім  беру  мекемелерінің  ерекшелігіне, 

қаржыландыру  деңгейіне  сай  және  сол  оқу  мекемесінің  материалдық-

техникалық  базасының  дайындалуы  мен  жинақталуына  қарай  нақтыланып, 

толықтырылуы  мүмкін  (соның  ішінде,  оқушылармен  құрылатын  мультимедиа 

өнімдері, электрондық кітапханалар, бейне қоры және т.б.).  

Талаптардағы  оқу  құралдарының  саны  бір  оқу  кабинетіне  арнап 

есептелген  түрінде  келтірілген.  Көрсетілген  техникалық  құралдардың  басым 

бөлігінің  қолданысы  пәнаралық  міндеттермен  қатар,  жалпы  оқу  міндеттерін 

шешуге  де  пайдаланылады.  «Өзін-өзі  тану»  кабинетін  оқытудың  техникалық 

құралдарымен  жабдықтау,  сол  білім  беру  мекемесін  жалпы  материалдық-

техникалық 

тұрғысынан 

қамтамасыздығының 

бір 

бөлігі 


ретінде 

45 



қарастырылады.  Көрсетілген  материалдық-техникалық  жабдықтау  құралдары 

мен  нысандарының  нақты  саны  сыныптың  орташа  толықтығын  ескерген  

(10-

15 оқушы).  



5-

9  сынып  оқушылары  үшін  «Өзін-өзі  тану»  кабинеті  жан-дүниесін 

ашатын  орын  ретінде  қызмет  етуі  тиіс.  Оны  тарихи-мәдени  және  заманауи 

әлеуметтік  әлем  сарынымен  (портреттер,  әлеуметтік  суреттер,  маңызды 

әлеуметтік  оқиғалар  туралы  шұғыл  ақпарат  және  т.б.)  безендіруге  болады. 

Кабинетте оқушылардың әзірлеген тұсаукесерлері үшін қолданылатын тақталар 

(қабырғалықтар, планшеттер) болуы керек.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет