Мектепалды және бастауыш мектеп оқушылары үшін өзін-өзі тану
бойынша білім беру процесін жарақтандыруға қойылатын талаптар
Бұл талаптар мекпеталды және бастауыш мектепте «Өзін-өзі» тану пәні
бойынша оқу үрдісін қамтамасыз етудің МЖМБС негізінде дайындалған.
Талаптарға енген тізбелер:
•
басылымдағы кітап өнімдері (өзін-өзі тану бойынша оқу-әдістемелік
кешен,
анықтамалық
басылымдары
мен
бағдарламалық-әдістемелік
материалдар);
•
баспа құралдары (кабиентті жабдықтауға арналған көрнекі құралдар және
т.б.);
•
ақпараттық-коммуникациялық құралдар (құрамына оқытудың көрнекі
құралдары мен мұғалімнің сабаққа дайындығын қамтамасыз ететін компакт-
дискілер, бейнетаспалар, аудиотаспалар);
•
бейнелік-дыбыстық құралдар;
•
оқытудың техникалық құралдары;
•
жиһаз және басқа да құралдар.
«Өзін-өзі» тану пәні бойынша МЖМБС жеке тұлғаға бағдарланған
көзқарасқа басымдылық көздейді, бұл оқушылардың өін-өзі анықтап, өзін-өзі
мейлінше іске асыруы мүмкіндігіне, жалпы оқу және пәндік жетістіктерінің
дамуына көмегін тигізеді.
Мектепалды және бастауыш мектептегі «Өзін-өзі тану» кабинетін кешенді
жабдықталуына қойылатын талаптар өзін-өзі тану оқу үрдісін көрнекілікпен
қамтамсыз етуге ғана емес, сонымен қатар, ең алдымен, оқушылардың рухани-
адамгершілік дамуының көрсеткіші ретінде күтілетін нәтижелерге қол
жеткізуге де бағдарланған. Бастауыш мектеп бітірушісі:
-
алдында оқылған құндылықтар туралы (өмір, Отан, денсаулық, адам,
отбасы, достық, табиғат, білім, ойлар, сөз, іс, әлем, шындық) және еңбек,
қызмет ету, ақиқат, үйлесімділік, әдемілік, руханилық, адамгершілік
құндылықтары секілді жаңа ұғымдардан мағлұматының болуы;
-
адами сезімдер көрінісін ажырата білуі, өз сезімдерін ажырата білуі, өз
сезімдері мен ұмтылыстарын білдіре білуі; жағымсыз эмоцияларын және
әрекеттеріне ұстамдылық білдіре білуі;
-
әдеп ережелерін біліп, іс жүзінде оны қолдана алуы; өз сөзі мен іс-
әрекетіне жауап бере алуы;
-
адамдардың жағымды және жағымсыз сезімдері мен іс-әрекеттерін
ажырата алуы, олардың себептерін саралай алуы;
-
физиологиялық дамуының қажеттілігін түсініп, денсаулықты қорғайтын
сауықтыру әдістері мен қауіпсіздіқ шараларын қолдана алуы;
-
өз ойы мен алған әсерін шығармашылықпен жеткізе алуы;
-
өзіне және басқа да адамдарға сый-сияпат және құрмет танытуы, өзіне
құрмет білдіре білуі, топта, сыныпта, үйде, бейтаныс адамдармен достық
қарым-қытынаста болуы;
-
өзінің туған-туысқандары мен жақындарының кәсіптері мен еңбектеріне
қызығушылық білдіру;
42
-
табиғаттың өмірдің қайнар көзі ретіндегі маңызын түсінуі;
-
қоршаған ортаға қамқорлық жасай алуы, табиғат бұлақтарының
тазалығын қорғау;
-
оқуға арналған кітаптарды саналы таңдай білуі, өзінің мінез-құлқын
әдеби кейіпкерлердің әрекеті арқылы бағалай алуы;
-
өзін Қазақстан Республикасының азаматы ретінде сезінуі;
-
елдің, қаланың, ауылдың, мектептің өміріне өзінің қатысын түсінуі;
қоғамға қызмет етудің маңызын түсінуі тиіс.
Талаптар оқытудың материалдық-техникалық құралдарын кешенді
қолдану, жаттанды оқу әрекетінен өзіндік, ізденіс-зерттеу жұмыстарына ауысу,
оқу әрекетінің талдамалық бөлігіне мән беру, оқушылардың түрлі ақпарат
көздерімен жұмыс істей алу білігін дамыту мен қатысымдық мәдениетін
қалыптастыру міндетінен туындайды.
Оқу процесін материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыздығы осы
міндеттерді тиімді шешуге жеткілікті болуы тиіс, сол себептен де ұсыныстарға
бүгінгі күнгі шығарылатын нысандар ғана емес, сонымен қатар келешектегілер
де енген. Санды көрсеткіштерді көрсету үшін, ұсыныстарда санды белгілер мен
символдардың келесі белгіленуі қолданылуда:
̵ Д- демонстрациялық дана (арнайы айтылған жағдайдан өзге кезде -
1 дана);
̵ П – толық жинақ (сыныптың шынайы толықтырылуын басшылыққа
алумен);
̵ Г – бірнеше оқушыдан тұратын топтардағы практикалық жұмыстарға
арналған жинақ (6-7 дана);
̵ У – мұғалімге арналған дана.
Талаптарды дайындау барысында «Бөбек» ҰҒПББСО-ның Алматы және
Астана қалаларындағы және Қазақстанның басқа да өңірлеріндегі «Өзін-өзі
тану» пәнінің мазмұны мен әдістемесін эксперименттік байқаудан өткізу
нәтижелерінің жетістіктері ескерілді.
Бұл талаптар белгілі бір білім беру мекемелерінің ерекшелігіне,
қаржыландыру деңгейіне сай және сол оқу мекемесінің материалдық-
техникалық базасының дайындалуы мен жинақталуына қарай нақтыланып,
толықтырылуы мүмкін (соның ішінде мультимедиа өнімдері, электрондық
кітапханалар және т.б.).
«Өзін-өзі тану» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналға жазылым.
Оқытудың интербелсенді формалары. Бастауыш мектептің «Өзін-өзі
тану» сабағындағы ойындар.
Өзін-өзі тану педагогінің этикалық әдеп кодексі.
Әдістемелік ұсыныстар:
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша рухани білім беруге арналған аңыздар»
жинағы;
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша рухани білім беруге арналған еретгілер»
жинағы;
43
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша рухани білім беруге арналған өлең
жолдары»;
«Өзін-өзі тану педагогінің жеке жетілуі» тестілер мен тренингтер жинағы;
«Өзін-өзі тану» замауни қоғамды ізгілендірудің негізі ретінде. Ғылыми-
әдістемелік мақалалардың жинағы;
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша рухани білім беруге арналған мақалдар,
мәтелдер, жұмбақтар жинағы;
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша ашық сабақтарды өткізу бойынша
әдістемелік ұсыныстар.
Достарыңызбен бөлісу: |