Министерство сельского хозяйства республики казахстан



Pdf көрінісі
бет20/42
Дата03.03.2017
өлшемі3,78 Mb.
#7247
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42

Кіріспе  
Сөзсіз,  қозықұйрықтың  жеміс  денесінің  биологиялық  құндылығы  мен  қоректік 
көрсеткіші көптеген  көкөністер мен жеміс-жидектерден жоғары. 
         Қозықұйрық құрамына сонымен қатар көмірсулар мен майлар кіреді. Көмірсулардан 
пентоза,  гектоза,  дисахарид,  амин,  қант  спирті,  жоғары  полимерлі  көмірсулар  табылған. 
Майлардың жалпы көлемінен (1-7%) 70% қанықпаған линол қышқылдың үлесіне жатады.   
Саңырауқұлақтарда  сонымен  қатар  көптеген  стероид  пен  Д  дəруменнің  негізі    бар. 
Қозықұйрықтың  жеміс  денелері  адамға  қажетті  макро-  жəне    микроэлементтерге  бай. 
Саңырауқұлақтарда аса көп калий мен жанартас, жəне де маңызды тапшы микроэлемент – 
селен  кездеседі.  Қозықұйрық    көптеген  дəрумендердің  жақсы  қайнар  көзі  болып 
табылады:  Вp,  В,  В.(РР),  В6,В7,С,  жəне  фолий  қышқылдары.Қозықұйрықтың  құрғақ 
заттегінің    шамамен  жартысын  протеин  (ақуыз)  құрады,  оның 70% адамның  ағзасында  
аминқышқыл ретінде сіңіп, денеге таралады. Аминқышқылдардың 25-тен 40 % жиынтығы 
ауыстырғысыз  деп  аталатындардың  үлесіне жатады:  лизин,  лейцин,  триптофан,  цистеин, 
метионин, тирозин жəне фенилаланин. 
Саңырауқұлақтардың дəрілік қасиеттері де бар: жүйке жүйесін нығайтады жəне зат 
алмасуына  себептеседі.  Қозықұйрықтар  саңырауқұлақтардың  базидиалды  тобына 
(Basidiomycetes)  пластина  тəрізді (Agaricaceae) тұқымдастарына, Agaricus тұқымына 
жатады.  Табиғатта  қозықұйрықтардың  көптеген  түрі  кездеседі.  Өсімдік  қауымдастығына 
қарай үш түрі жиі кездеседі: орманды, далалы жəне анағұрлым құнды, дақылға енгізілген 
түздік  (А.compestris L.) түрі.  Түздік  қозықұйрықтар  жаздың  басынан  күзге  дейін  қилы-
қоқысты  орындарда,  қимен  тыңайтылған  булыжайларда,  жайылымдар  мен  егістіктерде 
көптеп кездеседі. Қалпағы тегіс немесе қабыршақты болады[2].  
Еті ақ, сынған жерінде қызғылт, жағымды саңырауқұлақ иісі мен дəмі бар. Оның ақ, 
ақ сары жəне қоңыр түсті түрлері болады. Ақ қозықұйрықтың қалпағы шағын (8 см дейін), 
үсті ақ-жібекті, тегіс немесе қабыршақты болады. Ақ сары түсті қозықұйрықтың қалпағы 
16 см ден 35 см-ге дейін, бетібарқыт мамықты. Қоңыр қозықұйрық қалпағының диаметрі 
12 см-ге дейін, беті тегіс немесі қабыршықты болады. Қозықұйрықтың негізгі екі мүшесі 
бар: 1) субстраттан өтетін ақ жіңішке жіптердің өрімі, вегетативті дене – мицелий. 2) аяғы 
мен  қалпағынан  тұратын  саңырауқұлақтың  жеміс  денесі.  Қалпақтың  астыңғы  жағында, 
өсе келе жаңа саңырауқұлақ жіпшелеріне өмір беретін, үстінде 1,5 млрд споралар дамитын 
біржасушалы  базидийді  жеткізетін  радиалды  табақшалар  орналасқан.  Табиғи  жағдайда 

158 
 
споралардың бірлі-жарым сипатта өседі, лабораториялық жағдайда – споралардың едəуір 
көп бөлігі өсіп шығады. 
Биологиялық  еркшеліктері.Қозықұйрық  сапрофит  саңырауқұлақ,  яғни,  шіріген 
органикалық  жəне  минералдық  заттардың  арқасында  қоректенуге  қабілетті,  хлорофилсіз 
жəне  қараңғыда  өсе  алады  (гетеротрофтық  өсімдік).  Қозықұйрық  мицелиі 0-2

С 
температурада  ұзақ  уақыт  бойы  өміршеңдігін  жоғалтпайды.  Тоңазытқышта  осындай 
температурада  бір  жыл  бойы  сақтала  алады.  Мицелий  кептірілген  күйінде  де  жақсы 
сақталады. 20-25
0
С  температурада  мицелий  тез  өсіп  шығады, 20
0
С-тан  төмен 
температурада  мицелийдің  өсуі  бəсеңдейді,  ал 35
0
С-тан  жоғары  температурада  тоқтап, 
өледі. 
Лабораториялық  оңтайлы  жағдайларда  споралар 7-10 күнде  өсіп  шығады,  ал 
өндірістік  жағдайда – 15-20 күннен  кейін  шығады.  Өсу  мен  даму  барысында  үш  саты 
анықталған:  бірінші  саты – мицелийдің  вегетативті  өсуі – ол  мицелий-саңырауқұлақ 
түбірін  отырғызғаннан  басталып,  топырақты  бүркеу  қабатын  жабуға  таман (11-14 күн) 
аяқталады.  Бұл  мерзімде  ауа  температурасы 22-25
0
С,  ал  ауа  ылғалдылығы 95%, ауадағы 
көмірқышқылды  газдың  құрамы 2,0-2,5%. Екінші  саты – ауыспалы – вегетативті  өсуден 
репродуктивті  дамуға  өтуі.  Ол  жерді  бүркеу  қабатымен  көшеттерді  жабудан  басталып, 
алғашқы саңырауқұлақты жинаумен (14-20 күн) аяқталады. Үшінші саты – жеміс салу – 
мицелийдің  вегетативті  өсуі  тоқтайды.  Мицелий  нəрлі  субстратқа  əбден  сіңген.  Бұл 
мерзімде  жеміс  салудан  бастап,  өнімді  жинаудың  аяғына  дейін:  а)  микроклиматы 
реттелмейтін  бөлмеде – 50-70 күн,  ал  толық  циклы 95-120 күн;  б)  микроклиматы 
реттелетін  бөлмеде – 38-42 күн,  ал  толық  циклы – 84-90 күн.  Ауа  температурасы – 15-
16
0
С, ауа ылғалдылығы 85-95%, көмірқышқылды газдың құрамы – 0,08%. 
Қозықұйрықтың агротехникасы.  Қоректі субстратты (компостты) дайындау. Сабан 
(бидайдың  немесе  қара  бидайдың),  құс  саңғырығын  жəне  əртүрлі  ауылшаруашылығы 
жануарларының  қиын  қолданады.  Компост  дайындаудың  екі  əдісті  көрсетеміз: 1 əдіс. 
Құрғақ жеңіл 100 кг сабан, 80-100 кг құс саңғырығы, 6 кг гипс (немесе алебастр)[3]. 
2  əдіс. 100 кг  құрғақ,  жеңіл  сабан, 100 кг  қи, 2,5 кг  несепнəр  (немесе 3,5 кг  аммиакты 
селтра), 8,5 кг гипс (немесе алебастр), 5 кг бор, 2 кг суперфосфат. Келтірілген екі əдістеде 
сабанды  жартылай (1/3 бөлігінен  артық  емес)  шөппен,  түскен  жапырақпен,  картоптың 
майдаланған пəлегімен (ботва), жүгерінің немесе күнбағыстың сабақтарымен алмастыруға 
болады.  Аталған  материалдардың  бірнеше  қоспаларын  қолдануға  болады.  Ең  жақсысы, 
құстың  жас  саңғырығы  немесе  қидың  болғаны  дұрыс  (сақтау  барысында  олар  құнарлы 
қасиеттерін  тез  жоғалтып,  компост  үшін  жарамсыз  болып  қалады).  Компост  дайындау 
бірнеше кезеңнен тұрады. 
Алдымен,  сабан  немесе  оны  алмастыратын  материалдарды  қатты  суарып, 1-2 күн 
жібітеді.  Содан  соң,  қиды  ылғалдап,  төрт  бірдей  бөлікке  бөледі  жəне  қабаттап,  яғни 
сабанның  əр  қабатына  қи  қабатын  орналастырады.  Сабанның  əр  қабатын  қосымша 
ылғалдандырады, жəне екінші əдісті таңдалса, үстінен несепнəр немесе əр қабатына оны 
алмастыратын 600 гр-дайаммиакты селитра себеді.Компосты штабельдің ені мен биіктігі 
1-1,5 м, ұзындығы 1,2-1,5 м-ден кем емес болу керек. Қабатты қалағаннан 5-6 күн өткен 
соң,  бірінші  қағуды  (перебивка)  жасайды.  Онымен  бірге 1 қабаттыңаяғынан 
бастап,компосталып  жатқан  массаны  қосымша  ылғалдап,  гипс  немесе  алебастр  себе 
отырып,  жаңа  қабатқа  жинап,  компосты  мұқият  қағып  араластырады. 4-5 күннен  соң 
субстратты  бормен  немесе  суперфосфатпен (2 əдіс  бойынша)  сеуіп,барлық 
компоненттерін су қоса отырып, мұқият араластырады да екінші қағуды жасайды. Екінші 
қағудан  соң 3-4 күн  өткенде  үшінші  қағуды  жасайды,  тағы 3-4 күн  өткенде  компосты 
төртінші  рет  қағып,  қажет  болса  су  қосады.  Компосты  қағудың  мақсаты – барлық 
компоненттерді  мұқият  араластыру  жəне  нəрлі  субстрат  массасында  дамып  жатқан 
микроорганизмдердің  қалыпты  тіршілігі  үшін  компост  қабатының  барлық  бөлігіне  таза 

159 
ауаның  баруын  қамтамсыз  ету.  Қағудан  соң  қопсытылған  қида  органикалық  заттардың 
қарқынды  ыдырау  процессі  жүреді,  қи  өзінің  химиялық  құрамын  қатты  өзгертіп, 
органикалық  заттардың 10% нан 30% дейін  жоғалтады. 18-20 күннен  кейін  ол 
қозықұйрыққа пайдалану үшін дайын болады, аммиактың иісісіз, қоңыр түсті, сабан оңай 
үзіліп-айырылады. 100 кг сабаннан немесе оны алмастыратын заттардан жəне қидан 250-
300  кг  дайын  субстрат  шығады.  Жақсы  дайындалған  қоспа  микроағзаны  азықтандыру 
көздерімен  біркелкі  қамтамасыз  етеді  жəне  қозықұйрық    компостының  сапалы 
ферменттелуін қамтамасыз етеді. Дайындалған   сабанның тауық қиы қоспасынан жоғары 
конус тəрізді үймелерді қалыптастырады (биіктігі – 3-4 м, кеңдігі – 4 м). 
          Ферменттеу кезінде конустарда термофильды микрофлора дамиды, одан кейін жылу 
бөлінеді  жəне  тауық  қиынан  аммиак  босатылады.  Сабан  ары  қарай  бұзылады  жəне 
қарақоңыр түсті иеленеді. Осы кезеңде сабанды ары қарай ылғалдату керек, оған жоғары 
температуралар  мен (60-70º С)  аммиак  көмектеседі.Босатылған  аммиактың  бөлігі 
микроағзалармен  қайтадан  пайдаға  асырылады,  бұл  кезде  тұрақты  органикалық 
қосылымдар  пайда  болады  (лигнин-қарашірік  кешені),  олар  қозықұйрықтың 
жіпшумақтарына қорек болады. 
Компостты  салу  алдында  қозықұйрықтықты  мұқият  тазалап  дезинфекциялайды. 
Компосттың шығыны пайдалы алаңның 1 м2 100-120 кг. Толтырғаннан кейін субстратты 
6  сағат  бойы  ашық  бумен  пастерлейді.  Артынан  субстрат  пен  ауаның  температурасын 3 
күн 55-60
0
С  деңгейінде  ұстайды.  Пастерлеу  зиянды  жəндіктерді,  бəсекелес 
саңырауқұлақтарды  жойып,  аурудың  алдын  алады,  субстраттың  химиялық  жəне 
физикалық  қабілетін  жақсартады.  Кейінгі 2-3 күнде  бөлмені  белсенді  желдетеді. 
Компосттың 48-50
0
С-ға  дейін  сууы  (терлеу) 4-5 күнге  созылады.  Содан  кейін 
температураны 25-30

С дейін төмендетіп, субстратқа мицелий себеді. 
Өсіру  орны.Қозықұйықты  жыл  бойы  арнайы  культивациялық  бөлмелерде – 
қозықұйрықтықтарда,  əйнектелген  қысқы  жəне  үлдірмелі  көктемгі  жылыжайларда, 
ыңғайластырылған  жерасты  бөлмелерінде,  ашық  топырақтың  көлеңкелі  жерлерінде  т.б. 
өсіреді. Дақылды топырақта немесе жəшіктерде жəне көпқабатты стеллаждарда жеткізеді. 
Субстратты төсеу.Бөлменің түріне қарай қозықұйрықтарды ені 80 см, биіктігі 30 
см  тегіс,  сопақ  жүйектерде  өсіреді;  биіктігі 35 см,  ені 50 см  жотасында:  полиэтиленді 
қапшықтарда,  көлемі 85х60х14  см  жəшіктерде,  сөрелерде  өсіреді.  Қозықұйрық 
дақылының  жəшіктік  тəсілінде  бөлменің  екінші  рет  қолданған  көлемі  өнімдірек  болады. 
Ферментацияға кеткен уақытты санамағанда, бүкіл өсіру циклы 80-90 күнге созылады, бұл 
жылына 3-4 айналым  жасауға  жəне  бөлменің  инвентарлы  аймағының 1 м2-нан 50-80 кг 
дейін  саңырауқұлақ  алуға  мүмкіндік  береді.  Жəшіктік  жүйенің  жетіспеушілігі,  еңбек 
шығынының  көптігі  саңырауқұлақ  өсірудің  өзіндік  құнын  өсіреді.  Осыған  байланысты 
қозықұйрық дақылының сөрелік қозықұйрықтығы кең тараған.  
Мицелийді  отырғызу.  Стерильді  мицелийді  (ол  арнайы  зертханаларда  өсіріледі) 
жүйектегі  субстрат  температурасы 25-27
0
С  жеткенде  отырғызады.  Мицелийдің 10-15 г 
кесекпен  егеді.  Отырғызу  орындарын  бір-бірінен 15-20 см  арақашықтықта  шахматтық 
тəртіпте  орналастырады. 1 м2 0,3-0,5 кг  саңырауқұлақ  түбірін  шығындайды. 
Саңырауқұлақ түбірін отырғызу үшін, сол қолмен субстраттың жоғарғы қабатын көтеріп, 
бір кесегін 4-6 см тереңдікке салып, көтерілген қабатымен қолмен тығыз қысып жабады. 
Саңырауқұлақ  түбірін  отырғызған  соң  субстратты  жайлап  тығыздайды.  Өніп  көбейген 
саңырауқұлақ  түбірін  отырғызу  материалы  ретінде  пайдалануға  болады.  Оны  алу  үшін 
дайын  компостқа  банкадан  немесе  үлдірмелі  қапшықтан  алынған  саңырауқұлақ  түбірін 
сеуіп,  ол  бүкіл  компостты  басып  кеткенде  жіңішке  ақ  мицелиі  жақсы  өскен 
саңырауқұлақтың 15-20 см  субстрат  кесегін  бөліп,  бөлме  температурасындағы  ауада 
кептіріп,  отырғызу  материалы  ретінде  пайдаланғанша  құрғақ  бөлмеде  немесе 
тоңазытқышта  сақтайды.  Алайда  бұл  тəсілмен  саңырауқұлақ  түбірін  қайта-қайта 

160 
 
көбейтуге  болмайды,  өйткені  бұл  саңырауқұлақ  өнімінің  төмендеуіне  жəне  қозықұйрық 
аурулары  мен  зиянды  жəндіктердің  дамып  кетуіне  соқтырады.  Сонымен  қатар  отырғызу 
материалы  ретінде  арнайы  дайындалған  компостта  өспейтін,  өссе  де  аз  өнім  беретін 
табиғатта өскен жабайы қозықұйрықтың саңырауқұлақ түбірін пайдалануға болмайды. 
Дақылдың  саңырауқұлақ  түбірі  өсу  кезіндегі  күтімі.  Саңырауқұлақ  түбірінің 
қалыпты  өсуі  үшін  екі  апта  бойы  компост  температурасы 24-27
0
С,  ауаның – 21-25
0
С, 
жердің үстіңгі қабатының ылғалдылығы 75-80% НВ болу керек. Егер отырғызғаннан кейін 
компост температурасы 29-30
0
С дейін көтерілсе, саңырауқұлақ түбірінің өсуі тоқтайды, ал 
31
0
С саңырауқұлақ түбірі өледі. Отырғызғаннан  6-7 күн өткенде саңырауқұлақ түбірінің 
ұланып  жалғаса  өсуін  қадағалау  үшін,  отырғызу  материалы  тасталған  екі-үш  жерден 
компосттың  жоғарғы  қабатын  көтеріп,  саңырауқұлақ  түбірінің  жіптері  субстрат 
тереңдігіне қанша сантиметр енгенін тексереді. 
Компостты жабу топырағымен көму.Соңырауқұлақ түбірінотырғызғаннан кейін 2-
4 апта өткенде, қозықұйрық мицелиін қоршаған ортаның жағымсыз əсерінен қорғау үшін 
жəне  жеміс  салу  үдерісін  реттеу  үшін  компостты  топырақпен  көмеді.  Көму  топырағы 
ретінде бақша топырағын немесе бақша топырағына шымтезек пен бор қосылған қоспаны 
пайдаланады.  Бор  қозықұйрыққа,  көму  топырағының  қышқылдылығының  оңтайлы 
мөлшерін қалыптастыру үшін қажет. Булыжай мен жылыжай топырақтарында зиянкестер 
мен  аурулар  болғандықтан  оны  алдын  ала  стерилдеуден  өткізбей  пайдалануға 
болмайды.Жабу  топырағын  пайдалану  алдында  оны  1х1  см  ұяшықтары  бар  құм  електен 
өткізіп, ылғалдайды, содан кейін субстраттың үстіне 3-4 см (одан биік емес) бір қалыпты 
қабатпен  төгеді.  Жабу  топырағының  ылғалдылығын  қадағалау  қажет.  Жабу  топырағы 
кепкен  сайын  абайлап  майда  елеуші  бар  су  сепкішпен  суарады.  Суару  кезінде  судың 
компостқа  өтіп  кетуіне  жол  бермеу  керек.  Субстратқа  тиген  су  саңырауқұлақ  түбірінің 
шірітіп, саңырауқұлақ дақылын өлтіреді.  
Қозықұйрықтың  жеміс  салуы  жəне  өнімді  жинау.  Жеміс  салу  кезінде  ауа 
температурасын 15-16
0
С  деңгейінде,  компосттың – 17-19
0
С,  ауаның  салыстырмалы 
ылғалдылығын 85-90% ұстайды.  Осындай  микроклиматта 2-3 аптадан  соң  алғашқы 
қозықұйрықтар  пайда  болады.  Жоғары  температурада  жеміс  салмайды  немесе 
жалғызданған  жемістік  денелер  пайда  болуы  мүмкін.  Өсіру  шарттарына  байланысты 
өнімді 2-4 ай жəне одан да ұзақ жинауға болады. Қозықұйрықтарға толқынды жеміс салу 
тəн,яғни  саңырауқұлақтардың  мол  пайда  болу  кезеңі,  жүйекте  жеміс  денелері  аз  ғана 
немесе  мүлдем  жоқ  кезеңмен  алмасады.  Жеміс  салудың  жаңа  толқындары  əдетте  бір 
аптадан  кейін  пайда  болады.  Жеміс  салу  үшін  ауаның  оңтайлы  температурасында (15-
17
0
С)  алғашқы 3-5 толқында  бүкіл  өнімнің 70-80% жинайды.  Жеміс  жинау  мерзімінде 
жабу  топырағының  ылғалдылығын  қадағалау  маңызды.  Кепкен  жағдайда  жəне 
саңырауқұлақтың мол толқынын алған соң, компостқа өтіп кетпеуіне жол бермей біркелкі 
суарады.  Егер  жас  жеміс  денелері  құрғақ  топырақтың  бетінде  қалыптасып,  кейін  мол 
суарылса,  қарайып,  еті  жұмсарып,  бірнеше  күннен  кейін  саңырауқұлақтар  өледі.  Əдетте 
суаруды  өнімді  жинап  алған  соң  жүргізеді.  Саңырауқұлақтарды  күн  сайын  жинайды,  ал 
төмен  температурада – бір  күн  сайын.  Өнімді  жинағанда  саңырауқұлақ  түбірін 
зақымдандырмау үшін, жеміс денелерін жайлап төмен басып тұрып, абайлап бұрап алады. 
Саңырауқұлақты  жинап  алғаннан  кейін  пайда  болған  шұңқырларды  жер  қоспасымен 
көмеді.  Қозықұйрықтарды  таңерте  жинап,  өнімді  бірден  өткізеді.  Саңырауқұлақтарды 
елеуіштерге, картон қораптарға немесе сыйымдылығы 0,5-1 кг басқа да қатты ыдыстарға 
жинайды. Қозықұйрықтың бір айналымдағы орташа өнімділігі 6-7 кг, озаттар 8-12 кг, ал 
жас  мицелийден 15-20 кг  алады.  Қозықұйрықтың  кең  тараған  қауіпті  ауруы – ақ  шірік 
(мигокон). Аурудың дамуына жоғары температура, ауаның ылғалдылығы жəне бөлменің 
нашар  желдетілуі  себеп  болады.  Мигоконмен  зақымданған  жеміс  денелері  пішінсіз, 
аяқтары  жуан,  кішкентай  қалпақты,  қоңыр  сұйық  тамшылары  жəне  өткір  жағымсыз  иісі 
болады.  Мигоконмен  зақымданған  ұяларды 5-7 см  тереңдікте  топырағымен  қоса  алып 

161 
өртеп,  зақымданған  жерді  азуринмен (1% мыс  купоросы  жəне 2% көмірқышқылды 
аммоний  ерітінділері)  өңдейді.  Сақтандыру  мақсатымен  жерді  пайдалану  алдында 
пастерлеу  керек.  Зиянкестердің  ішінде  кең  тарағаны  саңырауқұлақ  шыбыны.  Онымен 
күресудің жолы – субстратты пастерлеу. 
Əдебиеттер 
1. Девочкин Л. А. Шампиньоны. - М.: Колос, 1975.
2. Брызгалов В.А. Овощеводство защищенного грунта «Колос»,1983. С.351
3. Назаринов Л.В.Теплица в приусадебном хозяйстве. Москва,1987
4. Гунте  В.  Выращивание  шампиньонов / Пер.  с  нем.  Г.  Н.  Мирошниченко. - М.:
Колос, 1979. 
ƏОЖ 653.526.32 
Сұлтан Ə., Атақұлов Т. 
Қазақ ұлттық аграрлық университеті 
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТАУ БӨКТЕРІ ЖАҒДАЙЫНДА ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУДЫҢ 
МАЙБҰРШАҚТЫҢ ӨНІМДІЛІГІНЕ ƏСЕРІ 
Аңдатпа  
Мақалада  тамшылатып  суғару  тəсілдерінің  майбұршақ  дақылының  өнімділігіне 
əсері. 
  Кілт  сөздер:  майбұршақ,  дəстүрлі  суғару,  тамшылатып  суғару,  пленка  астымен 
тамшылатып суғару. 
  Кіріспе  
  Қазақстанның  оңтүстік-шығыс  өңірінде  майбұршақ  дақылының  алатын  орны 
ерекше, сондықтан осы дақылдан мол өнім алу үшін  оның өнімділігін арттырудың негізгі 
шараларының бірі- суғару жүйесін ғылыми негізде жүргізу.  
Майбұршақ  майы  дүниежүзілік  өсімдік  майлары  өндірісінде  алғашқылардың  бірі 
болып  табылады.  Ол  тағамға,  тігін  өнеркəсібінде,  сабын  қайнатуға,  клеенка  шығаруда, 
линолеум,  пластмасс  өндірістерінде  пайдаланылады.  Рафинадталған  майбұршақ  майы 
тікелей  асқа  пайдаланылады,  маргарин  мен  майонез  алуға,  сонымен  бірге 
фармацептикалық  препараттар  құрамында  қолданылады.Оны  смола  мен  пластмасса,  сыр 
мен лак, желім, тығыздағыш құрамдар, дезинфекциялық құралдар, инсектицидтер, матаға 
сіңіргіш, сабын жəне басқа өнімдер шығаруға қолданады [1]. 
Майбұршақ  бұршақ  дақылы  ретінде  топырақты  азотпен  байытады.  Оның  егінін 
жинағаннан кейін 1 га  танапта 70-80 кг сіңімді азот жиналады. Отамалы дақыл ретінде – 
(жақсы  күтім  болғанда)  майбұршақ  танапты  арамшөптерден  таза  қалдырады  жəне 
көптеген  екпе  дақылдарға  бағалы  алғы  дақыл  болып  табылады.  Оны  сидерат  ретінде  де 
пайдалануға болады. 
Өсімдік  өміріндегі  негізгі  факторлардың  бірі – су.  Суғару  режимін  сақтау  арқылы 
өсімдіктің  ылғалмен  қамтамасыз  етілуін  барлық  даму  фазаларында  оңтайландыру  мол 
өнімнің негізі. Ол тұқымның көктеп шығатын кезінде, өсімдік өмірінің алғашқы күнінен 
бастап өсіп дамуының барлық кезеңдерінде қажет. 
Қазақстанда  су  тапшылығын  ескере  отырып,  майбұршақтың  су  режимін  вегетация 
бойынша қолайлы жағдайда реттеу үшін су қорын үнемдейтін технологияларды енгізуіміз 
қажет.  Бұл  технологияға  тамшылатып  суғару  жатады.  Тамшылатып  суғаруды 

162 
 
пайдаланғанда  су  қоры 40 пайызға  үнемделеді  жəне  арамшөптер  саны 50-60 пайызға 
азаяды [2]. 
Қазіргі  кезеңде  су  қорын  үнемдеу  технологиясы  озық  жəне  тиімді  шара  ретінде 
көптеген  дамыған  елдерде,  атап  айтқанда  АҚШ,  Мексика,  Қытай,  Израиль,  Германия, 
Франция,  Нидерланды  сияқты  мемлекеттерде  кеңінен  қолданылып  отыр.  Осы 
технологияға соңғы уақытта бірқатар дамушы елдер де назар аудара бастады. 
Елбасымыз  Н.Ə  Назарбаев,  өзінің  халыққа  деген  жолдауында, 2030 жылға  дейін 
заманауи  су  қорын  үнемдейтін  технологияларды  ендіру  арқылы,  ауыл  шаруашылығы 
дақылдарын  суғаруға  жұмсалатын  су  мөлшерін 1,5-2 млрд.м

дейін,  ал  жүйек  арқылы 
суғарылатынтанаптар  көлемін 80 пайыздан 5 пайызға  азайту  жұмыстарының  негізгі 
мақсатқа алынатынын атап өткен болатын [3]. 
Су қорын үнемдеу технологиясын енгізудің өзектілігі Қазақстан үшін де өте жоғары. 
Осы  жайында  Елбасы  ағымдағы  жылы  өзінің  Қазақстан  халқына  жолдауында  баса  атап 
өтті. Қазақстан Үкіметі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі тамшылатып суғару жүйесін 
кеңінен енгізу бағытында  іс-шараларды қабылдап, жүзеге асыруда.  
Тамшылатып суғару əдісін қолданған шаруа қожалықтарына 1 га жерге 24 000 тенге 
көлемінде субсидия бөлінеді. Бұл біршама көмек жəне жер иелерін су қорын үнемдейтін 
жобаларды енгізуге ынталандырады. 
Зерттей нəтижелері  
Алматы облысы тау бөктері жағдайында тамшылатып суғарудың əр түрлі əдістерінің 
майбұршақ дақылының өнімділігіне əсері 2014-2015 жылдары зерттелді. Ол үшін далалық 
тəжірибелер  «Қазақ  егіншілік  жəне  өсімдік  шаруашылығы»  ғылыми  зерттеу 
институтының  «Үш  қоңыр»  зерттеу  танабында  ашық  қоңыр  топырақта  жүргізілді. 
Топырақ құрамындағы қара шірік мөлшері 1,70-2,06%, жалпы азот 0,144%, фосфор 0,07% 
аралықтарында  болды.  Жүргізілген  зерттеулерде  дəстүрлі  суғару  əдісімен  тамшылатып 
суғарудың екі түрі салыстырылып бақылаулар жүргізілді. 
Біздің  тəжірибемізде  майбұршақты    белгілі  бір  ауа  райы  жəне  топырақ  шарты 
жағдайында  əртүрлі  суғару  тəсілдері  өнім  құрылымының  түзілуі  жəне  бұл 
көрсеткіштердің майбұршақ өніміне əсері анықталды. Оның ішінде өсімдіктің  өніп өсуі,  
бір өсімдікке келетін дəн салмағы, дəн саны, 1000 дəннің салмағы  ескерілді. 
Алынған  мəліметтерден  байқағанымыздай    дəстүрлі  суғару  тəсілінде  алынған  өнім 
мөлшері 27,1 ц/га  болды,  топырақ  үстімен  тапшылтып  суғаруда 28,2 , ал  топырақ  үсті 
жабылғы  пленка  астымен  тамшылатып  суғару  нұсқасында  өнімділік  басқа  нұсқалардан 
жоғары екені байқалды - 33 ц/га (кесте 1).   Негізінен суды үнемдеу мақсатында қойылған 
тəжірибеде    топырақ  бетін  пленкамен  жабу  арқылы  май  бұршақ  өсіру  өте  тиімді  екенін 
аңғардық.  Дақылға  қажетті  су  мөлшері  сақталып,  оның  үстіне  арам  шөптердің  азаю 
көрсеткіші де байқалды. 
 
Кесте 1 – Суғару тəсілдерінің майбұршақтың өнімділігіне əсері, ц/га, (2014-2015 ж.) 
 
Нұсқалар 
Өнімділігі, ц/га 
Дəстүрлі (бақылау) 
27,1 
Топырақ үстімен тамшылатып суғару 
28,2 
Топырақ үсті, жабылғы пленка астымен тамшылатып 
суғару 
33,0 
 
Қорытынды  
Жер  үстімен  тамшылатып  майбұршақты  суғарғаннан,  топырақ  бетін  пленкамен 
жауып, пленка астымен тамшылатып суғарған тиімді екені дəлелденді. Бұл əдісте блануға 
кететін ылғал мөлшері азайып, су тиімді пайдаланылады. 

163 
Əдебиеттер 
1. Өсімдік шаруашылығы Əрінов Қ.К., Мұсанов Қ.М., Апушев А.Қ., т.б. – Алматы:
ЖШС РПБК «Дəуір», 2011. Б.346 -360 
2. Атақұлов  Т.,  Ержанова  К.,  Айтбаева.,  Сұлтан  Ə.  Прогрессивті  су  қорын
үнемдейтін  технологиялардың  картоп  дақылының  өнімділігіне  əсері.  ҚазҰАУ 
университетінің 85 жылдығына арналған ХҒТ конференция материалдары, Алматы, 2015. 
3. Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына
Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша. 
Султан А., Атакулов Т. 
ВЛИЯНИЕ КАПЕЛЬНОГО ОРОШЕНИЯ НА УРОЖАЙНОСТЬ СОИ В УСЛОВИЯХ 
ПРЕДГОРНОЙ ЗОНЫ АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ 
В  статье  приводятся  данные  о  влиянии  способов  капельного  орашения  на 
уражайность сои. 
Sultan A., Atakulov T. 
INFLUENCE OF A DROP IRRIGATION ON PRODUCTIVITY SOYBEAN IN THE 
CONDITIONUS OF A FOOTHILL ZONE ALMATY REGION 
The article shows the influence of the method of drip irrigation on soybean yield. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет