Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет111/117
Дата20.01.2023
өлшемі1,31 Mb.
#62049
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   117
16.5.Температура талдағышы.
Сыртқы 
ортаның 
өзгермелі 
температурасына 
қарағанда, 
адам 
организмінің температурасы айтарлықтай тұрақты болады. Оны реттеуші 
механизмдері (жүйкелік және гуморалдық) әрдайым қалпыпты дене қызуын 
сақтауға толық бейімделген. 
Температура талдағышының шеткі бөлімі терморецепторлардан 
тұрады. Олар теріде, көздің қасаң қабығында, шырышты қабықшаларда, 
сонымен қатар ОЖЖ-дегі гипоталамуста, таламуста, жұлында орналасады. 
Терморецепторлар жылу және суық қабылдағыштары болып екі түрге 
бөлінеді, мысалы теріде: жылу рецепторлары – Руффини денешіктері, ал 
суық рецепторлары – Краузе сауытшалары орналасқан. 
Кейбір 
терморецепторлар температуралық өзгерістермен бірге механикалық 
тітікендіруге де (бейарнамалы қабылдағыштар) жауап бере алады. 
Температуралық тітіркендіруге жоғары сезімтал тілдің ұшы мен еріннің 
қызыл жиегі, өйткені тамақтану кезінде алғашқы температурлық әсерлер осы 
аймақтан басталады. Ішкі ортаның температуралық тұрақтылығын сақтауға 
қатысатын қабылдағыштар барлық ағзалар мен ішкі тіндерде орналасады. 
Температура талдағышының өткізгіш бөлімі жіңішке миелинді Аδ 
(дельта) типті талшықтары (диаметрі 1-4 мкм, өткізгіш жылдамдығы 5-15м/с) 
мен миелинсіз С типті (диаметрі 0,5-1 мкм, өткізгіш жылдамдығы 0,5-2 м/с) 


талшықтардан тұрады. Жұлын мен бас жүйкелерінің сезгіш түйіндерінде І-ші 
нейрон орналасады, олардың жүйке талшықтары терінің әртүрлі учаскелері 
мен ауыздың шырышты қабығын нервтендіреді. Жұлынның артқы ашасының 
жасушалары мен ми бағанындағы бас жүйкелерінің ядролары ІІ-ші нейрон 
болып есептеледі. ІІ-ші нейроннан шыққан жүйке талшықтары жұлын-
таламус жолының құрамында көру төмпешігіне бағытталады да, ол жерде 
түйіспелер арқылы ІІІ-ші нейронды құрады. Осыдан сыртқы және ішкі орта 
температурасы жөніндегі қабылданған ақпарат үлкен ми сыңарлары 
қыртысына жеткізіледі (IV нейрон). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет