Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет67/117
Дата20.01.2023
өлшемі1,31 Mb.
#62049
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   117
11.5. Ұйқы безінің гормондары 
Ұйқы безі – қызметі бойынша аралас бездерге жатады, яғни ол әрі ішкі, 
әрі сыртқы сөлініс қызметін атқарады. Сыртқы сөлініс қызметіне 12-елі 
ішекке, асты қорытуға қатысатын сөл бөлуі қызметі жатады. Ішкі сөлініс 
қызметін атқаратын ерекше тін – Лангерганс аралшықтары, оның 
жасушаларының өзектері болмайды, сондықтан сөлі тікелей қанға түседі. 
Лангерганс аралшықтары альфа- (α), бета- (β), дельта-, РР- және G- 
жасушалардан тұрады. Бета-жасушаларда инсулин гормоны түзіледі, альфа- 
жасушаларда глюкагон синтезделеді, дельта-жасушалары - соматостатин, 
РР- жасушалары – панкреастық полипептид, G-жасушалары – гастрин 
өндіреді. Сонымен қатар, ұйқы безі тіндерінің шырсөлінде (экстракт) 
ваготонин және центропнеин гормондары табылған. 
Инсулин – көмірсулар алмасуын реттейтін гормон, қандағы қант 
мөлшерін төмендетеді; қанттың қалыпты мөлшері 4,45 – 6,65 ммоль/л, егер 
бұдан төмен болса, гипогликемия байқалады. Инсулин бауыр мен 
бұлшықеттегі глюкозаны гликогенге айналдыруға қатысады. Ол глюкоза 
үшін жасуша мембранасының өтімдігін күшейтеді: жасуша ішіне кірген 
глюкоза сол жерде сіңеді. Инсулин ақуыздың ыдырауына және оның 


глюкозаға айналуына кедергі жасайды, аминқышқылынан ақуыздың синтезін 
қолдап, жасушаға қарай тасымалын кұшейтеді; көмірсулар алмасу 
өнімдерінен жоғары май қышқылдарын өндірумен майлар алмасуды реттеуге 
қатысады, май тіндерінен майдың шығуын тежейді. 
Инсулиннің белсенділігі тәжірибелік (лабораториялық) және клиникалық 
бірліктермен белгіленеді. Лабораториялық бірлік деген – массасы 2 кг 
қоянның (кроликтің) қанындағы глюкозаны 2,22 ммоль/л дейін азайтатын 
гормонның мөлшері. Әсер ету бірлігіне (ЕД), немесе халықаралық бірлікке 
(ИЕ) 0,04082 мг кристалды инсулиннің белсенділігі қабылданған. 
Клиникалық бірлік – лабораториялық бірліктің 1/3 бөлігін құрайды.
Инсулиннің түзілуі мен сөлінісінің реттелу негізіне қандағы глюкозаның 
қалыпты мөлшері жатады. Глюкозаның қандағы мөлшері көтерілгенде 
(гипергликемия) инсулиннің түзілуі мен қанға шығуы жоғарылайды, ал 
глюкозаның мөлшері азайғанда (гипогликемия), инсулиннің де мөлшері 
төмендейді. Бұл жағдай әрдайым гипоталамустың паравентрикулярлық 
ядроларының бақылауында болады. Қандағы глюкозаның мөлшері 
көбейгенде паравентрикулярлық нейрондар белсенділігі көтеріледі де, қозу 
серпіністері сопақша мидан кезбе жүйкесімен ұйқы безіне жетіп, инсулиннің 
түзілісі мен сөлінісін күшейтеді. Гипогликемия кезінде кері өзгерістер 
болады: гипоталамус ядроларының белсендігі төмендеп, инсулиннің бөлінуі 
тежеледі. Соматостатин инсулиннің өндірілуін тежейді. 
Қандағы инсулиннің мөлшері инсулиназа ферментінің белсенділігіне 
тәуелді, ол инсулинді бұзатын фермент. Парасимпатикалық жүйке жүйесі 
инсулиннің өндірілуін күшейтеді, ал симпатикалық – тежейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет