Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


 Бүйрекүсті бездердің гормондары. Глюкокортикоидтар



Pdf көрінісі
бет69/117
Дата20.01.2023
өлшемі1,31 Mb.
#62049
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   117
Байланысты:
Қалыпты физиология

11.6. Бүйрекүсті бездердің гормондары. Глюкокортикоидтар 
Бүйрекүсті бездері бүйректердің жоғары жағында орналасқан, олардың 
салмақтары 6-12 г, тіршілік маңызы өте зор бездер. Бұл бездердің екі түрлі 
гормондары ажыратылады: қыртысты қабат гормондары мен милы қабат 
гормондары. 
Қыртысты қабаттың гормондары үш топқа бөлінеді: 
1) глюкокортикоидтар – гидрокортизон, кортизон и кортикостерон; 
2) минералокортикоидтар – альдостерон, дезоксикортикостерон: 
3) жыныстық гормондар – андрогендер, эстрогендер, прогестерон. 
Глюкокортикоидтар бүйрекүсті безінің қыртысты қабатының шоғырлы 
зонасында түзіледі. Химиялық құрылысы бойынша стероидтарға жатады 
және холестериннен жасалады, олардың синтезі үшін аскорбин қышқылы 
қажет. 
Глюкокортикоидтардың физиологиялық маңызы 
Глюкокортикоидтар көмірсулар, ақуыздар және майлар алмасуына әсер 
етеді, ақуыздан глюкозаның пайда болуын күшейтеді, гликогеннің бауырда 
шөгінді ретінде жиналуын жоғарылатады, яғни инсулинге қарама-қарсы 
(антогонистік) әсері болады. 
Глюкокортикоидтар ақуыздар алмасуына қатысады – тіндердегі ақуызды 
ыдыратады да, амин қышқылдардың ақуызға қосылуын тежейді, яғни 
катаболизмдік процесстерді күшейтеді. Олар гиалуронидаза белсенділігін 
төмендету арқылы тамырлар қабырғасының өткізгіштігін азайтады да, 
қабынудың дамуына қарсы әрекет жасайды. Қабынудың азаюы 
фосфолипидтен архидон қышқылының босауының тежелуіне байланысты. 
Бұның салдарынан қабынуды жеделдететін тіндік простагландиндер синтезі 
шектеледі. 
Глюкокортикоидтар антитәндердің түзілуіне әсер етеді: гидрокортизон 
антитәндердің синтезін төмендетіп антиген мен антитәннің өзара әрекеттесу 
реакциясын тежейді. 
Глюкокортикоидтар қан өндіретін ағзаларға әсер етеді.Эритроциттердің 
түзілуін күшейтеді; лимфоидтық тіндер мен айырша бездің кері дамуына 
келтіріп, лимфоциттердің санын азайтады. 


Гормонның организмнен шығарылуы екі жолмен жүреді: қандағы 
гормонның 75 - 90%-ы несеппен бірге шығарылады , қалған 10 - 25%-ы өт 
және нәжіс арқылы шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет