Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


Глюкокортикоидтар түзілісінің реттелуі



Pdf көрінісі
бет70/117
Дата20.01.2023
өлшемі1,31 Mb.
#62049
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   117
Глюкокортикоидтар түзілісінің реттелуі 
Глюкокортикоидтардың түзілуінде 
гипофиздің алдыңғы бөлігінің 
гормоны кортикотропин маңызды роль атқарады. Бұл әсер тура және кері 
байланыстар принциптерімен жасалады: кортикотропин осы гормонның 
өндірілуін күшейтеді, ал глюкокортикоидтардың қандағы мөлшері аса көп 
болса, гипофиздегі кортикотропиннің түзілуі тежеледі. 
Гипоталамустың 
алдыңғы 
бөлімінің 
ядроларында 
синтезделетін 
нейросекрет – кортиколиберин гипофиздегі кортикотропиннің бөлініп 
шығуын жеделдетеді, ал бұл гормон глюкокортикоидтың түзілуін күшейтеді. 
Сонда, «гипоталамус – гипофиздің алдыңғы бөлігі – бүйрекүсті безінің 
қыртысы» атты жүйе немесе әрекеттік байланыс организмнің әртүрлі 
бейімделу әсерленістерінде өте жоғары роль атқарады. 
11.7. Бүйрекүсті бездерінің гормондары. Минералокортикоидтар мен 
жыныстық гормондары 
Минералокортикоидтар бұйрекүсті безінің шумақты зонасында пайда
болады және олар минералдық алмасуға қатысады. Бұл топқа альдостерон 
мен дезоксикортикостерон жатады. Бұл гормондар бүйрек түтікшелерінде 
Na

иондарының қайта сіңуін күшейтеді, ал К
+
иондарының
қайта сіңуін 
азайтады, бұл қан мен тінаралық сұйықтықтағы
Na

иондарының мөлшерінің 
жоғарылауына келтіріп , осы ортадағы осмостық қысымды көтереді.
Нәтижесінде, организмдегі судың мөлшері көбейеді және қан қысымы 
көтеріледі. 
Минералокортикоидтар капиллярлар мен сірнелі қабықтардың өткізгіштік 
қабілетін жоғарылату арқылы қабыну реакцияларының айқын көрінуіне 
келтіреді. Олар қан тамырларының тонусын реттеуге қатысады. Мысалы, 
альдостерон қан тамырларының қабырғасындағы бірыңғай салалы еттердің 
тонусын күшейтіп, қан қысымын көтереді. Альдостерон деңгейі азайғанда, 
қан қысымы төмендейді (гипотония). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет