Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет76/117
Дата20.01.2023
өлшемі1,31 Mb.
#62049
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   117
 
 
Дәріс № 12. Жоғары жүйке іс-әрекеті. 
Дәрістің жоспары: 
12.1. Жоғары және төменгі жүйке іс-әрекеттері туралы түсінік. 
12.2. Шартты рефлекстердің қалыптасуы. 
12.3. Шартты рефлекстердің тежелуі. Динамикалық стереотип. 
12.4. Жоғары жүйке жүйесінің (ЖЖЖ) типтері туралы түсінік. 
12.5. Сигналдық жүйе туралы түсінік.


12.1. Жоғары және төменгі жүйке іс-әрекеттері туралы түсінік 
Адам мен жануарлардың үлкен ми сыңарлар қыртысы және оған жақын 
құрылымдары ОЖЖ-нің жоғары бөлімі болып саналады. Бұл жетекші 
бөлімнің қызметі – жоғары жүйке іс-әрекетінің негізін құрайтын, яғни 
мінезді бейімдейтін күрделі биологиялық реакцияларды жүзеге асыру. 
Алғашқы рет орыстың атақты физиологы И.М. Сеченов «Ми 
рефлекстері» (1863) деген еңбегінде жануарлардың, адамның мінез-құлығы
оның санасы мен ақыл-ойының ең күрделі көріністері, мидың рефлекстік 
қызметімен тығыз байланысты екендігі туралы батыл болжам ұсынды. 
И.М.Сеченовтың ойларын ерекше және нақтылы тәжірибе жүзінде 
дәлелдеген, шартты рефлекстерді ашқан - дүние жүзіне әйгілі орыс ғалымы 
И.П. Павлов (1849-1936). Ол алғашқы рет шартты рефлекстер әдісін 
қолданып жоғары жүйке іс-әрекеті туралы осы заманғы ілімнің ірге тасын 
қалады. Оның зерттеулері рефлекстік теорияның негізгі: себептестік, анализ 
және синтез, құрылымдық қағидаларын жасады. 
И.П. Павловтың пікірі бойынша, ОЖЖ-нің төменгі бөлімінде – қыртыс 
асты, ми бағанында, жұлында пайда болатын рефлекстік әсерленістер туа 
біткен және тұқым қуалайтын (шартсыз) тұрақты жүйке жолдарымен 
орындалады. Бұл төменгі жүйке іс-әрекеті деп саналады, оның негізіне 
шартсыз рефлекстер мен инстинкттер жатады. Шартсыз рефлекстердің 
көмегімен ішкі ағзалардың қызметтері мен олардың өзара барабар 
әрекеттесуі қамтамасыз етіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет