вентралды ретикулярлы ядролар), көпір (әсіресе каудалды ядролар) және
ортаңғы ми ТҚ нейрондарының серпіністері таламустың бейарнамалы
ядроларына келеді де, одан әрі ми қыртысының әртүрлі аймақтарына
таралады. Егер тәжірибеде торлы құрылым мен ми қыртысы сыңарларын
қосатын жолын кесіп жіберсе, жануар қатты ұйқыға кетеді («ұйқыдағы ми»,
Бремер бойынша). Ұйқыдағы жануардың торлы құрылымын тітіркендірсе, ол
оянып кетеді. Бұл кезде мидан тіркелген ЭЭГ-мада белсенді жағдайды
сипаттайтын альфа мен бета толқындары байқалады. Мұның бәрі ТҚ
нейрондарының ми қыртысын ширатып, оның қызметін күшейтетінін
көрсетеді.
ТҚ ұйқы мен сергіктік оралымын реттеуге және ауырсыну сезімін
тудыруға да қатысады. ТҚ, гипоталамус, таламус және көне ми қыртысы
қосылып лимбиялық жүйе құрайды. Бұл жүйе эмоция мен мотивацияны
тудырып адамның ісәрекетіне, мінез құлқына ықпалын тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: