күшейтеді; ә)
қабылдағыштардың сезімталдығын, әсіресе көру, есту,
вестибулярлық аппараттар жүйесін күшейтеді.
Бұл өзгерістер қауырт жағдайда организмнің қызметін сыртқы ортаның
өзгерген жағдайларына бейімдеуге (адаптациялау) бағытталған.
Норадреналин көбіне медиаторлық роль атқарады, ол
симпатикалық
жүйке жүйесінің медиаторы құрамына кіреді, сондықтан ол ОЖЖ-нің
нейрондарының түйіспелерінде қозуды өткізуге қатынасады.
Бүйрекүсті бездері қыртысының сөлінісі гипоталамуспен реттеледі, оның
артқы ядролар тобында жоғарғы вегететивтік (симпатикалық) орталық
орналасқан. Оның белсенді болуы қанға
адреналиннің көп шығуына
келтіреді. Адреналиннің шығуы организм тоңғанда, қарқынды жұмыс
істегенде және т.б. жағдайда рефлекторлық жолмен де жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: