Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет80/117
Дата20.01.2023
өлшемі1,31 Mb.
#62049
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   117
Байланысты:
Қалыпты физиология

Шартты тежелу – жүйке жүйесінде жүре пайда болады және оны 
шартты рефлекс сияқты қалыптастыру керек. Бұл тежелуді кейде ішкі 
тежелу деп атайды, себебі ол жасалған шартты рефлекстің доғасы 
аймағында (ішінде) орналасады. Шартты тежелудің негізгі төрт түрлері 
ажыратылады – өшіретін, кешіктіретін, ажырататын және шартты тежегіш.
1. Өшіретін тежелу - шартты сигналды, шартсыз тітіркендірумен 
ұштастыру тоқталып, қайталағанда пайда болады. Яғни бұрынғы 
қалыптасқан шартты рефлекс әлсірейді, кейін қолданған сигнал бірнеше рет 
нықталмаса ол тіпті өшеді. Біраздан кейін шартты сигнал әсер ету кезінде ол 
шартсыз тітіркендірумен нығайтылса, өшкен шартты рефлекс қайтадан 
қалпына келеді. Бұл құбылысты тежелуден босау деп атайды. Өшіретін 
тежелудің маңызы – бейімділігі жойылған қажетсіз шартты рефлекстерді 
өшіру. Сөйтіп, организм тіршілігінің жаңа жағдайларына басқаша бейімделу 
әсерленістері қалыптасады, жаңа шартты рефлекстер пайда болады. 
2. Кешіктіретін тежелу - шартты сигналдың әсерін шартсыз 
тітіркендірумен ұштастыру (немесе нығайту) уақыты кешіккенде (1-3 мин) 
пайда болады. Бұл тәжірибені бірнеше рет қайталағанда шартты рефлекстің 
байқалуы, нығайту уақытына біртіндеп ығысады да, дер кезінде іске 
қосылады.
3. Ажырататын тежелу – шартты рефлексті тудыратын сигналға оған 
жақын (немесе ұқсас) бөтен тітіркендірумен әсер етіп, бірақ ол шартсыз 
тітіркендіргішпен ұштастырылмаған (бекітілмеген) жағдайда пайда болады. 
Бастапқы кезде үйреншікті шартты сигналдан басқа, оған ұқсас немесе 
көптеген біррайлы тітіркендірулерге де шартты рефлекс пайда болады (бұл 


шартты рефлекстің жалпылама сатысы). Ал, егер тек шартты тітіркендіргіш 
ғана бекітіліп, басқалары елеусіз қалса, біраз уақыттан кейін ұқсас 
тітіркендіргіштерге рефлекс өшеді (шартты рефлекстің мамандалыс сатысы). 
Бұл тіршілік ортасындағы заттар мен құбылыстардың қасиеттерін, 
ұқсастығын жете ажыратуға мүмкіндік береді. 
4. Шартты тежегіш – шартты рефлекс қалыптастыратын шартты 
сигналға (жарық) басқа тітіркендіргішті (қоңырау дыбысы) қосып, бірақ бұл 
қиыстыру (жарық + қоңырау) бекітілмесе пайда болады. Мысалы, шартты 
сигнал «жарық» тамақ берумен бектіледі, ал «жарық+қоңырау» 
комбинациясы бекітілмейді. Осыдан кейін «қоңырау» кез келген шартты 
рефлекстің шартты тежегіші болады. 
Сөйтіп шартты (ішкі) тежелу түрлері организмнің бейімделу әрекетін 
реттеп отырады. Егер шартты тежелу қалыптаспаса, организмде табиғи 
қажетсіз, қолайсыз әсерленістер көп болар еді. Шартты тежелу өте нәзік 
төзімсіз болады, сондықтан әртүрлі аурулар, қажу, зорлану бұл тежелуді 
әлсіретеді. 
Ми қыртысының синтездеу іс-әрекетінің өте күрделі түрі динамикалық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет