Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


 Жыныстық гормондар. Менструация оралымы (цикл)



Pdf көрінісі
бет73/117
Дата20.01.2023
өлшемі1,31 Mb.
#62049
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   117
Байланысты:
Қалыпты физиология

11.9. Жыныстық гормондар. Менструация оралымы (цикл) 
Жыныс бездері (еркектерде - атабезі, әйелдерде – жұмыртқа жасушалары) 
аралас қызмет атқаратын бездерге жатады. Сыртқы сөліністік қызметі – 
жыныс жасушаларын (сперматозоидтар мен жұмыртқа жасушалары) жасау 
және шығару. Ішкі секрециялық қызметі - жыныс гормондарының түзілуі 
мен қанға бөлінуіне байланысты. 
Аталық жыныс гормондары – андрогендер атабезінің интерстициалды 
тіндерінің ерекше – Лейдиг жасушаларынан жасалады. Бұл гормонның екі 
түрі ажыратылады – тестостерон және андростерон
Андрогендер жыныс аппаратының қалыптасуы мен дамуын, еркекке тән 
жыныстық белгілердің жетілуіне ықпал жасайды және жыныстық 
рефлекстердің пайда болуына келтіреді. Олар сперматозоидтардың дамуын
және қимыл белсенділігінің сақталуын қадағалайды, жыныстық инстинкт
пен жыныстық мінез-қылықтардың қалыптасуына келтіреді. Ақуыздың 
түзілуін күшейтіп (әсіресе бұлшыкетте), организмдегі майдың мөлшерін 
азайтады, негізгі алмасу деңгейін жоғарылатады. 
Еркектер организмінде андрогендерден басқа, ұрық жолында аздап 
аналық жыныс гормоны – эстрогендер де түзіліп, бөлініп шығарылады. 
Аналық жыныс гормондары - эстрогендер (эстрон, эстрадиол) жұмыртқа 
жасушасының фолликуласында түзіледі. Сол жерде аздап тестостерон да 
(аталық жыныс гормоны) түзіледі. Жарылған фолликуланың орнында 
дамитын сары денеде прогестерон гормоны жасалады.
Эстрогендер жыныс мүшелерінің өсіп жетілуіне, екінші жыныс 
белгілерінің пайда болуына және жыныстық мінез-құлықтың (әсерленістер) 
дамуына үлкен әсер етеді. Сонымен қатар эстрогендер жатыр бұлшық етінің 
жиырылу қабілетін күшейтеді және оның окситоцинге сезгіштігін 
жоғарылатады, сүт бездерінің өсіп дамуын жеделдетеді. 
Прогестерон жүктіліктің қалыпты өтуін қамтамасыз етеді. Оның әсерінен 
жатырдың эндометрий қабатының қалыңдап өсуі және оған ұрықтанған 
жұмыртқаның бекітілуі (имплантация) жақсы өтеді. Сонымен бірге 
прогестерон жатырдың жиырылу қаблетін тежеп, оның окситоцинге 
сезгіштігін азайтады, фолликуланың дамуы мен жұмыртқа жасушасының 


шығуын (овуляция) тежейді. Мұндай әсері гипофиздегі лютропиннің 
түзілісін басу (төмендету) есебінде жасалады. 
Жыныс гормондарының түзілуі аденогипофизде бөлінетін гонадотропин 
мен пролактиннің бақылауында болып реттеледі. Еркектерде гонадотропин 
сперматозоидтардың даму мен жетілуін қамтамасыз етсе, әйелдерде – 
фолликуланың пайда болуына келтіреді. Жыныс гормондарының (жұмыртқа 
жасушасындағы эстроген мен прогестерон, аталық бездегі андрогендер)
түзілуі мен сөлінісі лютропиннің әсерінен күшейеді. Пролактин 
прогестеронның өндірілуін жеделдетеді. 
Эпифиздің гормоны – мелатонин, жыныс бездерінің қызметін тежейді. 
Вегетативтік жүйке жүйесі жыныс бездерінің қызметін гипофиздің 
гонадотроптық гормондарының бөлінуін белсендіру арқылы реттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет