Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


стереотип немесе жүйелілік құбылысы



Pdf көрінісі
бет81/117
Дата20.01.2023
өлшемі1,31 Mb.
#62049
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   117
Байланысты:
Қалыпты физиология

стереотип немесе жүйелілік құбылысы болып саналады. Бұл шартты 
рефлекстер жүйесіне қарағанда, мидың күрделі анализдеу және синтездеу іс-
әрекеті нәтижесінде қалыптасады. Сыртқы ортада организмге жүйелі және 
дәлме-дәл бір ізгілікпен белгілі бір мерзімде әсер ететін тітіркендіргіштер 
кездеседі. Мұндай әралуан тітіркендіргіштердің өзгерместен реттеліп 
жасалатын ықпалын сыртқы стереотип (таптаурын) деп атайды. Осындай 
тітіркендірудің әрқайсысы ми қыртысындағы тиісті қозу және тежелу 
арқылы организмнің белгілі әсерленісін туғызады. Сондықтан сыртқы 
стереотипті тітіркенуге сәйкес, мида осы сияқты әрекеттік қатынастың бірізді 
өзгерісі пайда болады. Олар сол тәртіппен бірнеше рет қайталанған жағдайда, 
біртұтас біріккен тізбекті рефлекстер жүйесіне айналады. Мұндай қозу мен 
тежелудің мидағы бекітілген белгілі бірізді қалыптасуы жылжымалы 
(динамикалық) стереотип деп аталады. 
Табиғи жағдайда динамикалық стереотип адам иен жануарлардың әртүрлі 
әдеттері мен дағдыларын, мінез-құлығының белгілі жүйесін құрайды. Олар 
өте қиын құралады, алайда кейін тым берік сақталады. Егер олар бұзылса, 
жоғары жүйке қызметінің әрекеттік ауытқулары (невроздар) пайда болады. 
12.4. Жоғары жүйке жүйесінің (ЖЖЖ) типтері туралы түсінік 
Жоғары жүйке жүйесінің типтері дегеніміз – туа пайда болған және 
жүре 
қалыптасқан, 
жеке 
тұлғаның 
тмепераментін 
(мінез-құлқын)
анықтайтын, жүйке жүйесінің қасиеттерінің жиынтығы (қозу мен тежелудің 
күші, олардың теңдестігі мен алмасу жылдамдығы). И.П.Павловтың 
айтуынша, жүйке жүйесінің осы көрсетілген негізгі қасиеттерінің өзара 
әрекеттесуі жануарлар мен адам мінездерінің ортаға бейімделу қаблетіне 
байланысты әртүрлі типтерге бөлінеді. ЖЖЖ-нің типтерін анықтаудың 
клиникалық маңызы бар: ауру адамның типіне байланысты науқастың 
белгілері әртүрлі өтеді (сезіледі) және оларға емдеу шаралары да әртүрлі 
жасалады. 


Жүйкелік үдерістердің (қозу мен тежелу) сипаттамасы:
1) күші – ми қыртысы нейрондарының тітіркендіруге жауап қайтару және 
пайда болған рефлекстерді дер кезінде тежеу, яғни жұмыскерлік қабілеті; 
2) теңдестігі – ми қыртысы нейрондарының қозуы мен тежелуі арасындағы 
қатынастары, яғни тең жағдайда болуы; 
3) жылжымалылығы – қозудың тежелумен немесе тежелудің қозумен алмасу 
жылдамдығы. Басқаша айтқанда, бір әрекеттен басқа әрекетке ауысу қабілеті. 
Ми қыртысы орталықтарындағы шартты рефлекстердің қалыптасуы мен 
олардың тежелуі туралы мәліметтерді толық зерттеген И.П.Павлов, жоғары 
жүйке жүйесінің негізгі төрт типтерін ажыратады: І-ші - күшті, теңдескен, 
ширақ (жылжымалы); ІІ-ші - күшті, теңдескен, енжар (инертті): ІІІ-ші - 
күшті, теңдеспеген (ұстамсыз); IV-ші - әлсіз тип. Мұндай типтер адам мен 
жануарларға да тән. 
ЖЖЖ-нің типтері мен темпераменттер арасындағы байланысты, грек 
ғалымы Гиппократтың (460-377 ж.б.з. дейінгі), осы уақытқа дейін маңызын 
жоймаған, адам мінезін 4 темпераментке бөлген жіктеуімен салыстыра 
байқауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет